Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атмосфераның жалпы циркуляциясы. Ауа массалары


Атмосфераның жалпы циркуляциясы. Ауа массалары

Атмосфераның жалпы циркуляциясы. Ауа массалары

Мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың  бойында атмосфераның жалпы циркуляциясы  және ауа массалары туралы ұғым қалыптастырып, оның маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша алған білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, олардың есте сақтау, салыстыра білу, қисынды ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік : Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың әдіс тәсілдері: сөз әдісі (түсіндіру, баяндау т.б) интерактивтік әдіс, салыстыру, топтау әдісі,  өз бетінше оқыту, дамыта оқыту әдістері, ойын элементтерін пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның  физикалық картасы, түрлі –түсті суреттер, кестелер, нақыл сөз жазылған плакаттар, әр түрлі дидактикалық тапсырмалар жазылған парақшалар, тест тапсырмалары.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезең

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Өткен сабақты  қорытындылау

4.Жаңа сабаққа кіріспе

5. Жаңа сабақты топ бойынша оқып шығу

6.Жаңа сабақ бойынша топтық жұмыстар жүргізу

7.Жаңа сабақты бекіту

8. Үйге тапсырма беру

9. Оқушылардың білімін бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару, сабақтың мақсат-міндеттерін айқындау, сабақ жоспарымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды топқа бөлу;

2. Үй тапсырмасын тесеру: 

Топ бойынша  «Ғарыштық климат қалыптастырушы факторлар, Күн радиациясы» тақырыбын сұрау

І-топ тапсырмалары:

1)  Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

2) Күн радиациясы деген не?

3) Тура радиация деген не?

4) Шашыранды және жиынтық радиация дегеніміз не?

ІІ-топ тапсырмалары:

1)Жұтылған радиация дегеніміз не?

2. Шағылысқан күн радиациясы деген не? Мысалы қара топырақпен жаңа жауған қар күн радиациясының неше пайызын шағылыстырады?

3) 84-85 беттегі Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасына талдау жасаңдар.

ІІІ- топ тапсырмалары:

1)Күн радиациясының таралу заңдылықтары қандай?

2) Бірдей ендікте орналасқан Қостанай және Мәскеу қалаларында не себептен күн сәулесінің түсу ұзақтығы әртүрлі?

3)Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылығы  күн радиациясына қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.

3. Өткен сабақты қорытындылау

Сандарды сөйлетейік:  5% және 90% ; 120 және 260 күн ; 60 және 10 күн

Мұғалім сөзі: сонымен , балалар, Қазақстанда жылдық жиынтық радиация мөлшері солтүстікте 100 ккал, ал оңтүстікте 155 ккал. Жиынтық радиация жыл маусымдарында біркелкі таралмаған. Шілде айында жиынтық радиация оңтүстікте 15—18 ккал болса, қаңтарда ол 4-есе аз болады.

Негізгі кезең: жаңа сабаққа кіріспе:

Негізгі ұғымдар тақтаға ілінеді :

  1. 1.     Ауа массалары
  2. 2.     Трансформация
  3. 3.     Конденсация оқушылардың түсінігін білу

Жаңа сабақ- І- бөлім:

4. Жаңа сабаққа кіріспе

Мұғалім сөзі :Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен аумақтың ауа райын қалыптастырады. Қазақстан  атмосфералық циркуляциясының ерекшеліктері ғаламшарлық циркуляцияның әсеріне  байланысты болады. Мысалы солтүстік жарты шардың үстіндегі ауаның зоналық циркуляция ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан шығысқа қарай қозғап, 2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай Қазақстанға жетеді. Осы кезде республика жеріде  материктің орталығында орналасқанына қарамастан климаттың континенттігі азаяды. Сөйтіп, Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық циркуляциясы-жалпы циркуляцияның бір тармағы болып табылады.

Топтау әдісін пайдалану арқылы ауа массаларының  қасиеттерін тақтада көрсету

4. Жаңа сабақты топ бойынша оқып шығу:

І-топ – Тропиктік ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

ІІ-топ –Қоңыржай ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

ІІІ- топ – арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

Әр топқа сипаттама беру жоспары беріледі:

1) Ауа массасының қалыптасу орны.

2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері.

3)  Қандай ауа райын қалыптастырады?

4) Жыл мезгілдерінің  қай кездерінде олардың әсері жоғары болады? Ауа райы

қалай өзгереді?

6.Жаңа сабақ бойынша топтық жұмыстар жүргізу: оқушылардың жауаптарын тыңдау;

Дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізу: Егер....... бұл ауа массасы.... қысқаша армандап эссе жазу; (Баян, Нұржамал, Сымбат)

7.Жаңа сабақты бекіту:

Тест тапсырмасын орындау:

1. Ғаламдық климат қалыптастырушы факторды көрсетіңдер

А) географиялық ендік            Ә) күн радиациясы         б) жер бедері

2. Атмосферадан өтіп жер бетіне жететін радиация қалай аталады?

А) тура радиация,  Ә) жиынтық радиация   б) шашыранды радиация

3.Жиынтық радиациясының топырақ, су, қар жамылғысы сіңіріп жылыған радиация қалай аталады?

 А) тура радиация          Ә) шашыранды радиация   б) жұтылған радиация

4. Ауа массасының бір жерден екінші жерге ауысуынан қасиетінің өзгеруі..... деп аталады.

А) трансформация  ә) конденсация      б) деформация

5. Қандай ауа массасы  Қазақстан жерінде антициклондық ауа райын қалыптастырады?

А) тропиктік ауа массасы  ә) арктикалық ауа массасы  б) қоңыржай ауа массасы

6. Қазақстан жеріне батыстан ене отырып, жауын –шашын әкелетін ауа массасы?

а) арктикалық  ауа массасы  ә) тропиктік ауа массасы б) теңіздік қоңыржай ауа массасы

7. Қазақстанның оңтүстік облыстарына жаз айларында шаңды дауылдар мен аңызақ  (ыстық жел) әкелетін ауа массасы?

А) тропиктік ауа массасы  ә) арктикалық ауа массасы  б) қоңыржай ауа массасы

Тест кілті арқылы тексеру: 1Ә, 2А, 3Б, 4А, 5Ә, 6Б, 7А;

Дарынды оқушылардың эссесін тыңдау (уақыт аз қалса жинап алу)

 8. Үйге тапсырма беру: §21 оқу, кескін картамен жұмыс

9. Оқушылардың білімін бағалау: бағалау парақшалары бойынша топ басшыларының мәліметін алу;

Өткен сабақ бойынша тапсырмалар:

І-топ тапсырмалары:

1)  Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

2) Күн радиациясы деген не?

3) Тура радиация деген не?

4) Шашыранды және жиынтық радиация дегеніміз не?

ІІ-топ тапсырмалары:

1)Жұтылған радиация дегеніміз не?

2. Шағылысқан күн радиациясы деген не? Мысалы қара топырақ пен жаңа жауған қар күн радиациясының неше пайызын шағылыстырады?

3) 84-85 беттегі Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасына талдау жасаңдар.

ІІІ- топ тапсырмалары:

1)Күн радиациясының таралу заңдылықтары қандай?

2) Бірдей ендікте орналасқан Қостанай және Мәскеу қалаларында не себептен күн сәулесінің түсу ұзақтығы әртүрлі?

3)Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылығы  күн радиациясына қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.

Жаңа сабақты оқып үйрену тапсырмалары:

І-топ – Тропиктік ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

Ауа массасына сипаттама беру жоспары:

1) Ауа массасының қалыптасу орны.

2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері.

3)  Қандай ауа райын қалыптастырады?

4) Жыл мезгілдерінің  қай кездерінде олардың әсері жоғары болады? ауа райы

қалай өзгереді?

ІІ-топ –Қоңыржай ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

Ауа массасына сипаттама беру жоспары:

1) Ауа массасының қалыптасу орны.

2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері.

3)  Қандай ауа райын қалыптастырады?

4) Жыл мезгілдерінің  қай кездерінде олардың әсері жоғары болады? ауа райы

қалай өзгереді?

ІІІ- топ – Арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

Ауа массасына  сипаттама беру жоспары:

1) Ауа массасының қалыптасу орны.

2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері.

3)  Қандай ауа райын қалыптастырады?

4) Жыл мезгілдерінің  қай кездерінде олардың әсері жоғары болады? Ауа райы қалай өзгереді?

Тест тапсырмасын орындау:

1Ғаламдық климат қалыптастырушы факторды көрсетіңдер

а) географиялық ендік           

ә) күн радиациясы          

 б) жер бедері

2. Атмосферадан өтіп жер бетіне жететін радиация қалай аталады?

а) тура радиация, 

ә) жиынтық радиация  

б) шашыранды радиация

3.Жиынтық радиациясының топырақ, су, қар жамылғысы сіңіріп жылыған радияция қалай аталады?

 а) тура радиация       

ә) шашыранды радиация 

 б) жұтылған радиация

4. Ауа массасының бір жерден екінші жерге ауысуынан қасиетінің өзгеруі..... деп аталады.

а) трансформация 

ә) конденсация     

б) деформация

5. Қандай ауа массасы  Қазақстан жерінде антициклондық ауа райын қалыптастырады?

а) тропиктік ауа массасы 

ә) арктикалық ауа массасы 

б) қоңыржай ауа массасы

6. Қазақстан жеріне батыстан ене отырып, жауын –шашын әкелетін ауа массасы?

а) арктикалық ауа массасы 

ә) тропиктік ауа массасы

б)теңіздік қоңыржай ауа массасы

7. Қазақстанның оңтүстік облыстарына жаз айларында шаңды дауылдар мен аңызақ  (ыстық жел) әкелетін ауа массасы?

а) тропиктік ауа массасы 

ә) арктикалық ауа массасы 

б) қоңыржай ауа массасы

Бағалау парақшасы

р/с

Оқушының аты-жөні

Өткен сабақ бойынша жауабы

Жаңа сабақ бойынша жауыбы

Тест жұмысының бағасы

Қорытынды баға

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

Бағалау парақшасы

р/с

Оқушының аты-жөні

Өткен сабақ бойынша жауабының бағасы

Жаңа сабақ бойынша жауыбының бағасы

Тест жұмысының бағасы

Қорытынды баға

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

Тест кілті :

 1Ә,

2А,

3Б,

4А,

5Ә,

6Б,

7А;


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Атмосфераның маусымдық церкуляциясы
Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса
Еуразия климаты
Ірі өзен жүйелері. Көлдер
Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы
Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы
Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы
Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Ауа райы
Ауа қысымы және желдер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 16852 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык