Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Халқы мен елдері


Халқы мен елдері

Халқы мен елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Оңтүстік Американың халқымен таныстырып, алған білімдерін жинақтап, таным деңгейін арттыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, ой-өрісін, сауаттылықтарын арттыру арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту, шығармашылықпен жұмыс істеуді дамыту.

3. Тәрбиелік: Өз елін, Отанын, елін, жерін сүюге оны құрметтеуге, өз еліндегі ұлт өкілдерін тануға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:     

Халқы. Оңтүстік Америка материгінде қазіргі кезде 320 млн-нан астам халық тұрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке  адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай-ақ адамдар Африка мен Мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар.

Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10%-ын ғана құрайды. Х.Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық-тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан.

Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар-метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. XVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істеу үшін миллиондаған құл – негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негр мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. ХІХ ғасырды Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік-шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.

Оңтүстік Америка-дүние жүзіндегі халқы аз қоныстанған материктердің бірі. Бұл материкте тұрғындар саны 1 млн-нан асатын 20-дан аса миллионер –қалалар бар.

Елдері. ХІХ ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін, Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады.

Анд елдері қатарына Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады.

Шығыстағы жазық елдеріне Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Аргентина және Франция иелігіндегі Француз Гвианасы жатады.

Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы штаттан тұратын федерациялық республика.

Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Құрғақ саванналар мен пампада ірі қара көп өсіріледі. Плантацияларда кофе, какао, қант құрағы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі, олардың кейбіреуін өндіру жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оңтүстік Америка халқының нәсілдік және ұлттық құрамы қандай? Олар қалай қалыптасқан?
  2. Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар.
  3. Оңтүстік Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады?

Қорытынды: Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тұрады. Саны жағынан еуропалықтар басым. Сонымен қатар мулаттар мен негрлер де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн адамға көбейіп отырады. Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады.

Үйге тапсырма: §43-оқу. Кескін картаға халқын түсіріп келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер
Оңтүстік Американың халқы мен елдері
Халқы және елдері. Америка Құрама Штаттары
Халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері
Аустралия Одағы
Оңтүстік Америка материгі
Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Оңтүстік Америкаға саяхат
Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдері бойынша
Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3642 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык