Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орталық және Шығыс Азия елдері


Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру.

2. Дамытушылық Ойлау қабілетін дамыту, әдеби және сауатты сөйлеу, өз бетімен тұжырымдай білу, нақты нәтижелерін айта алуын дамыту.

3. Тәрбиелік Оқушыларды Отансүйгіштікке еңбекке, әділдікке, шешімді дұрыс қабылдауға, өз ұлтын сүюге, жаан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Материктер картасы, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармн  амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын

Жаң сабақты түсіндіру:

Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына Қытай Халық Республикасы, Монғолия, ТМД құрамындағы Қазақстан мен Орта Азия елдері және Шығыс Азияда орналасқан Жапония, Корей Республикасы, КХДР енеді. Бұл аймақ Каспий теңізінің шығыс жағалауынан Тынық мұхитқа дейін тұтас алап құрап жатыр. Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады.

Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып жатыр. Онда Қытайдың көпшілік бөлігімен Монғолия орналасқан.

Жер бедері көтеріңкі болғандықтан бұл бөлік Биік Азия деп аталады. Оны жер шарындағы ең биік Тибет таулы қыраты, Памир, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь-Шань биік тау жүйелері құрайды. Солтүстік бөлігі Қазақстан жеріне енетін биік Тянь-Шань тауларының атауы Қытай тілінде «Аспан таулары» деген мағына береді. Неғұрлым аласа бөлігіне Такла-Макан, Гоби үстірттері сәйкес келеді.

Климаттың шұғыл континентті сипатта болуына байланысты таулар мен үстірттерді беті қалың қиыршық тастармен жабылған қүлазыған шөлдер алып жатыр.

Тынық мұхит жағалауын алып жатқан Шығыс Азияның табиғатына мұхиттың тигізетін әсері зор. Шығыс Азияның материктік бөлігі Қытай платформасына сәйкес келетіндіктен жазық, аласа таулы болып келеді. Ал Тынық мұхит геосинклиналына кіретін аралдық бөліктерге тау түзілу әлі де жүріп жатыр.

 Жапон аралдарында 150-ге тарта жанартау бар, 40 жанартаудың әрекеті әлі тоқталмаған. Жапон аралдарының ең биік нүктесі Фудзияма жанартауы (биіктігі 3776 м). Жапон халқы Фудзияма тауын қастерлеп, кие тұтады. Жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен пайда болатын цунами толқындары әсіресе Хоккайдо мен Хонсю аралдарының жағалауларына қауіп төндіреді.

Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық климат тән.

Әрбір бөліктің географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, табиғаттың өзіндік басты белгілері бар.

Ғасыр соңында Қытайдағы халық саны 1 млрд.250 млн-нан асып отыр.

Қытайдың шығысындағы Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында Ұлы Қытай жазығы орналасқан. Онда батысқа қарай жер бедері күрт биіктеп Биік Азия тауларына ұласады. Кунь-Лунь мен Тянь-Шань таулары аралығында атақты Такла-Макан (Қашғар) қазаншұңқыры орналасқан. Қытай жері пай.қаз-ң қоры мен құрамы жөнінен д.ж-нен шешуші орын алады. Әсіресе тас көмір, темір, мыс, полиметалл, мұнай мен табиғи газдың қоры өте мол.

Ылғалы жеткілікті муссонды климат пен жоғары температура Шығыс Қытайдың көпшілік бөлігінде жылына екі кейде үш рет өнім алуға мүмкіндік береді. Шығыс Қытай - елдің басты өнеркәсіпті ауданы. Мұнда ел халқының 90%-ы шоғырланған. Олардың басым көпшілігі қытайлар.

Қытай – ежелгі мәдениет пен өркениет елі ,мұнда әлемге әйгілі ұзындығы 4 000 км-ге жуық Ұлы Қытай қорғаны, будда храмдары мен ғибадатханалары, императордың салтанатты сарайлары орналасқан. Сонымен қатар қытай өнерінің қайталанбас өзіндік қырлары бар: қытай театры, сәулет өнері, музыкасы, қытай жібегі мен қолөнер туындылары д.ж-не әйгілі.

Жаңа сабақты бекіту:

Аймақтары:

 

Кіретін елдері:

Оңтүстік-Батыс Азия

Малайзия

Катар

Тайланд

Бутан

Монғолия

Израиль

Мальдив

Непал

Жапония

Вьетнам

Оңтүстік Азия

Оңтүстік-Шығыс Азия

Орталық және Шығыс Азия

Аймақтары:

 

Кіретін елдері:

Оңтүстік-Батыс Азия

 

1, 7, 18, 22, 5, 19, 10, 13, 17.

 

 1.Түркия;

2.Филиппин;

3. ҚХР;

4.Бангладеш;

5.Иордания;

6. Қазақстан;

7. Бахрейн;

8. Пәкістан;

 9. КХДР;

10. БАӘ;

11. Мальдив;

12. Индонезия;

13. Йемен;

14. Камбоджа;

15. Корея Республикасы; 16. Бруней;

17. Кувейт;

18. Ауғанстан;

19. Сауд Арабия;

20. Мьянма;

21.Малакка;

22. Сирия;

Оңтүстік Азия

 

8, 4, 11.

Оңтүстік-Шығыс Азия

12, 16, 20, 14, 2, 21.

Орталық және Шығыс Азия

3, 6, 15, 9.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, оқушыларды Орталық және Шығыс Азия елдерімен таныстырып өттім. Сонымен қатар, оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында қызықты  салыстырмалы, сандық кестелер арқылы анықтадым.

Үйге тапсырма: §28- оқу, кескін картаға Орталық және Шығыс Азия елдерін түсіру. Тест құрау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оңтүстік –Батыс Азия елдері
Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия елдері
Үндістан және Азия елдері
Дүние жүзі тарихы
Оңтүстік - Шығыс Азия елдері
Оңтүстік - Шығыс Азия елдері
II тарау материалдарын қайталау
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 14448 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык