|
|
Сабақтың тақырыбы |
Қытай. Үндістан |
|||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар топтық ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, Қытай мен Үндістанның табиғат жағдайы мен табиғи ресурстарының жіктелуі, халқының құрамы, шаруашылығы туралы білімдерді меңгерту. |
||
|
Оқу нәтижесі |
Қытай мен Үндістанның географиялық орнын анықтай отырып, олардың табиғат жағдайларының әр түрлілігін; Табиғат ресурстарының жіктелуін; Екі елдің халық санының көбею себептерін; Елдердің шаруашылығының дамуын; Жоғарыда аталғандарды өзбетімен меңгеріп, түсініктерін қалыптастырып, географиялық мазмұндағы таным-түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттармен байланыстыра алады. |
||
|
Сілтеме |
7-сыныпқа арналған оқулық «Материктер мен мұхиттар географиясы» Алматы «Атамұра» 2012 ж; қосымша ақпараттар; интернет |
||
|
Тапсырмалар |
Топтық тапсырмалар: «Бедерлер», флипчартпен жұмыс, адасқан объектілер, топтастыру Жеке жұмыс: Тест, геодиктант, картамен жұмыс. |
||
|
Сабақта қолданылатын материалдар |
Топтық тапсырмалар, дүние жүзінің саяси картасы, компьютер, интер.тақта, қағаздар, маркерлер, стикерлер, т. б. |
||
|
Қамтылатын модульдер |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу Оқытуды басқару және көшбасшылық |
||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс әрекеті |
Оқушылардың іс әрекеті |
|
І |
Ұйымдастыру 2+1=3 мин |
Оқушылармен ынтымақтастықты қалыптастыру, миға шабуыл жасау сұрақтары және соған сәйкес суреттер арқылы топқа бөлу.Топ басшысын сайлау. |
Оқушылар Қытай, Үндістан және Қазақстан елі деп, 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топ басшысын сайлайды. |
|
Сәлемдесу Сәлемдесу жаттығуы. Біз сіздермен әлем халықатрының әртүрлі амандасу тәсілдерімен амандасатын боламыз. Ол үшін 4 топқа бөлініп шеңбер құрайық. 1-топ, «замбезилік», 2-топ «солтүстік африкалықтар», 3-топ «үндістандықтар», 4-топ «қытайлықтар» болып амандасады. Замбези-қол шапалақтап, отырып тұрады. Солт.Африка-қолын маңдайына, ерініне, төсіне қояды. Қытай-иіледі. Үндістан-екі алақанын бір-біріне тигізіп, маңдайының тұсына қояды. |
Оқушылар берілген жаттығуды орындау арқылы көңілдерін көтеріп, сабаққа белсенділігі артады. |
|||
ІІ |
Үй тапсырмасы 1+(4*1) =5 мин |
«Гүл сыйлаймын» Бұл кезеңде гүл ұстаған оқушы басқа топтың оқушысына гүлді беріп сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді де, ары қарай жалғастырады. 1 топ 2 топ 2 топ 3 топ 3 топ 4 топ 4 топ 1 топ
|
Оқушылар мәлімет беріп, топ арасында сұрақ беріліп, жауап алады. |
|
|
Сергіту сәті 3 мин |
«Массаж» тренингі Оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып, «Диқаншы ата» әңгімесінің сюжетімен бір-бірінің арқасына массаж жасайды. |
Тренинг арқылы оқушылар сергіп, жаңа тақырыпқа дайындалады. |
|
ІІІ
|
Жаңа сабақ 3 мин
5+(3*2)=11 мин 4 мин 3 мин |
Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «Бедерлер» ойыны ойналады. Ойын шарты бойынша ұяшықтардың артына суреттер жасырылады. Соны топтар саудаласу арқылы ашады. Бастапқы ұяшық 7-ден басталады. |
Оқушылар ұяшықтарды ашу арқылы суреттерді көріп, жаңа тақырыпты ашады.
|
|
Постер қорғау Жаңа тақырып бойынша 3 топқа тапсырма беріледі. Сол бойынша постер қорғалады. 1-топ: Қытай мен Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстары. 2-топ: Қытай мен Үндістанның халқы. 3-топ: Қытай мен Үндістанның шаруашылығы. |
Оқушылар топпен бірігіп берілген тапсырма бойынша постермен жұмыс жасайды. Тақтаға шығып, топ мүшелері бірігіп тапсырмасын қорғайды. |
|||
Жұбыңды тексер Бұл кезеңде оқушыларға тест сұрақтары таратылады. |
Тест сұрақтарына жауап белгілейді. |
|||
Адасқан объектілер Тақтада географиялық оьъектілер мен атаулары орындары шатастырылып беріледі. Дұрыстарын сәйкестендіру керек. |
Оқушылар тақтада берілген тапсырмаға мұқият зер салып, адасқан объектілерді біріктіреді. |
|||
Геодиктант Оқушылардың барлығына геодиктант таратылады. Бүгінгі тақырып бойынша мәтін беріледі. Мәтіннің кейбір сөздері қалып қойған, оқушылар қалып қойған сөздерді жазады.
|
Геодиктантпен жұмыс жасай отырып, керекті мәліметтерді естеріне түсіреді. |
|||
ІV |
Бекіту 7 мин |
Топтастыру Тақтада тақырып жазылады. Оқушылар тақырып бойынша не білгендерін тақтаға жазады. |
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін тақтаға жазады. |
|
V |
Бағалау, Кері байланыс 2 мин |
Бағалау бетшесі арқылы өздерін бағалайды. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? |
Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. Сабақ туралы пікірлерін айтып стикерге жазып жапсырады. |
|
VI |
Үйге тапсырма 1 мин |
«Ұлы Қытай қорғаны» мен «Тәж-Махал» туралы мәлімет әкелу. Қытай мен Үндістанды кескін картаға түсіріп келу. |
Дәптерлеріне жазып алады. |
|
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |