Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абайдың мұражай – үйі


Абайдың мұражай – үйі

Абайдың мұражай – үйі

Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұражай – үйі

Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаев туралы алған білімдерін бұрынғыдан да тереңдету, Абай шығармаларын насихаттау, ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай- үйі туралы толық мәлімет беру; Оқушылардың сөздік қорын молайту, Абай туралы білетін білімдерін жаңа сабақпен ұштастыра білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту,  тақырыпқа байланысты  өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру; рухани – эсетикалық талғамын дамыту, бүкіл әлемге танымал ұлы ақын - жерлесіміздің өмірімен таныса отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Көрінекілік: Бейнефильм, суреттер, тірек – сызбалар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1. Түгендеу

2. Топқа бөлу

3. Сабақтың мақсаты мен міндеті

І. Абай туралы не білеміз? Оқушылар Абай туралы не білетінін айтады, мұғалім тақтаға жазады

Осы айтылғандарды мынандай топқа жіктейік

өміріне байланысты

шығармашылығы

заттары

 

 

 

Мұғалім осы топтарда жазылған сөздер бойынша оқушылардың Абай тақырыбы бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды

Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

Абайдың туындыларын ата?

Абайдан қалған мүлік, заттар бар ма ? Бар болса, оларды қайдан көруге болады?

ІІ. Жақсы , балалар, дұрыс айтасыңдар Абайдан қалған мүлік, заттарды мұражайлардан көруге болады. Бүгінгі сабағымыз: Абайдың  мұражай – үйі.

1. Оқулықтың 98- бетін ашып, мәтінді оқып шығып, қандай сөздер сендерге түсініксіз? / оқушылар топта жұмыс істейді/ Бірлесе отырып, жаңа сөздерді айқындаймыз.

 

  • Замандастар – современики
  • Пішіні – форма
  • Дәліз- коридор
  • Кіреберіс- прихожая
  • Өлкетану- краеведческий

 

а.Сөздердің жасалу жолына тоқталу. Сөз құрамына талдау.

б.Жаңа сөздерді қолданып, сөйлем не сөз тіркесін құру

Асадал, кебеже, қазанаспа, самаурын- деген сөздердің мағынасын, көнерген сөздер екенін мұғалім түсіндіріп, суреттерін көрсете кетеді.

Көнерген сөздер:

Асадал-  ыдыс салатын шкаф

Кебеже- тамақ салатын шкаф

Қазанаспа-

Самаурын-

2. Оқушылар мәтінді толығымен оқып шығады. Тапсырма: мәтін бойынша үш сұрақ құру.

/ жеке, жұпта, топта жұмыс істейді/ Әр топ өздерінің үш сұрағын айтады, басқа топтар сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.

3. Дәптермен жұмыс.  Сөйлем мүшесіне талдау .

1.Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізді.

2. Топтағы балалар 1,2,3,4,5 сандарына саналады.

1-шілер зат есім

2-шілер сын есім

3-шілер  етістік

4- шілер  есімдік

5-шілер  етістікті жоғарыдағы   үш сөйлемнен теріп жазады.

Қай сөз таптары жоқ?- деген сұраққа ауызша жауап береді.

4. Бейнефильм көреміз.  / Жұмажанова Т. Қ. Электрондық  қазақ әдебиеті оқулығындағы Абайдың мұражайы/

ІІІ. Үш топқа Абай мұражайын таныстыру тапсырмасы беріледі.

1-топ оқушыларға таныстыру керек, 2 –топ  шетелдіктерге, 3- топ ақсақалдарға таныстырады

/ Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғайды/

Мұғалімнің сөзі:Абай мұрасы- қазақ халқының қазынасы. Замандар ауысар, біреулер келер, біреулер кетер бұл өмірге, бірақ қазақ халқы, тіпті бүкіл әлем  үшін Абай есімі мәңгілік.

Елбасымыз Абай туралы былай деген екен:

«.....Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»  Нұрсұлтан Әбішұлының  осы айтылған сөздеріне не негіз болды? Қандай өсиет келешек ұрпаққа айтқысы келді? Қандай ой салды сендерге?- деген сұрақтарға  үйде жауап іздеп келіңдер. / әрбір оқушыға Елбасының айтқан сөздері жазылған қағаз үлестіріледі

Үйге тапсырма :Семейдегі Абай мұражайы туралы мәлімет жинау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абайдың қара сөздері
Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Абайдың мұражай үйі
Абайдың мұражай үйі
Абай
Сын есім
Шегіртке мен құмырсқа
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай және батыс әдебиеті
Абай. "Құлақтан кіріп, бойды алар"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 4965 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык