Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Заттың тығыздығы


Заттың тығыздығы

Заттың тығыздығы

Сабақтың тақырыбыЗаттың тығыздығы

Сабақтың мақсаты:

1) білімділік:  Заттың тығыздығына жалпы түсініктеме беру және осы физикалық шаманы салыстырмалы түрде анықтау. Болжамдарды дәлелдеу.

2) дамытушылық: Формуламен жұмыс, жаңа өлшем бірлікпен танысу және есептер шығару.

3) тәрбиелік: дүниетанымды қалыптастыру; құштарлыққа тәрбиелеу; адам баласының сезім мүшелері мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан әлемді тануға болатындығына көз жеткізу; еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуге табандылыққа тәрбиелеу; оқушыларды бір заңдылыққа бағынуды үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктер: әртүрлі заттардан жасалған кір тастар, мақта таразы, су, май, ареометр.

Пән аралық байланысы: математика, технология, биология.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:   1  мин      

2.Үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақты қайталау:   10 минут

3. Жаңа сабақ:   20 минут.

4. Есеп шығару:    10 минут.

5. Қорытынды:    2 минут.

6. Бағалау: 1 мин.

7. Үйге тапсырма:   1 минут.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) сәлемдесу.

Ә) оқушыларды түгелдеу.

Б) оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

—  Физикалық  дене  деп нені түсінесің?

—  Физикалық денелер неден тұрады?

—  Заттар қандай күйде бола алады?

—  Дененің массасы қалай анықталады?

—  Дененің көлемін қалай табамыз?

—  Дененің массасын анықтау  тәсілдерін атаңдар.

Жаңа сабаққа ену:

Архимедке мына тапсырманы шешуге көмектесіңдер; 

Сұрақ: «Патшаның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма?

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Дене әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар? Осы денелердің массасы жайлы не айтасыздар? Таразының көмегімен анықтайық.

темір                   алюминий                мыс

Неге алюминидің массасы темір мен мыс кубиктерінен жеңіл?

Болжамды анықтау

Әртүрлі заттардан жасалған дененің көлемдері бірдей болғанмен массалары әртүрлі болады.

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Әртүрлі заттардан жасалған денелердің массалары бірдей. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласыңдар?

Неге сендердің ойларыңша бірінші цилиндірдің көлемі екіншісінен үлкен?

Болжамды анықтау

Әртүрлі заттардан жасалған дене бірдей массада, көлемдері әр түрлі болады!

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бізді қоршаған денелердің барлыңы қандайда бір заттан: ағаштан, темірден және тағы басқа көптеген заттардан жасалған. Барлық денелердің өздеріне ғана тән пішіні көлемі ауданы массасы және т.б. болады. Егер қажеи болса, денелердің осындай сипаттамаларын өлшулер, есептеулер жұргізу арқылы анықтай аламыз. Алдынғы парагрофта көрсеткеніміздей, дененің массасын анықтау үшін оны таразыға тартып өлшейміз. Дененің массасы оның өлшеміне және қандай заттан жасалғанына байланысты. Әр түрлі заттардан жасалған денелердің массаларды да түрліше болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темірдің массасы көлемдері дәл сондай қорғасынның массасынан аз да, алюминийдің массасынан көп болады. Демек, біз көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырып, олардың ауыр-жеңілдігін анықтай аламыз.

Бұдан заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындайды.

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.  

Сонымен заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек.

Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Хылқаралық  жүйесінде Си килограмының метр кубқа қатынасы (кг/м3алынған. Бұл көлемі 1м3 болатын, массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы.

IV. Қорытынды.

  1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
  2. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
  3. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?

Алтын мен күмістен жасалған екі кубиктің массалары бірдей. Ал қайсысының көлемі үлкен?

 

Денелердің әр қайссының массасы 1 т тең.

Қай дененің тығыздығы көп?

Қай дененің тығыздығы көп?

Мыс, мұз, мәрмәр кубиктарының көлемдері бірдей. Ал осы кубиктардың массасы мен тығыздығы қандай?

 Есептер шығару.

 

Көңілсіз Жиенбай көке өзіне сорпа пісірмекші болыпты, бірақ ол сорпа емес жасыл түсті быламық пісіріпті. Жиенбай көке сорпаның дәмін көруге қорқып тұр. Сорпаның көлемі -0,001 м³ массасы – 1300 кг. Жиенбай көкенің сорпасының тығыздығын табыңдар.

Үй тапсырмасы: Заттың тығыздығын анықтайтын формуланы жаттау; 12 жаттығу;

Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Заттың тығыздығы
Масса және күш. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Заттың тығыздығы
Күш. Деформация
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Архимед заңын тексеру
Заттың тығыздығы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 6427 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык