Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай


Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай

Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай

Ұлттық дәстүрмен байланыстыру

Бүгінгі күні мұғалімдердің алдында тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, сөйтіп сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жете түсіндіру. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс (көкпар), сайыс сабақтарын ұлттық ойын түрлерін қолдана отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулимын. Сабақ барысында ойындар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді қолдану арқылы болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие  бере отырып, олардың ұлтын, тілін, дінін, салт-дәстүрін сүюге жол ашамын.

Төменде 7-сыныпта өткізген, халықтық педагогика ізімен жасалған жарыс сабағының үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбыСын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сын есімнің шырайларын меңгерту, ұлттық дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырғаннан кейін төмендегі өлең шумақтарын тыңдатып, авторын тапқызамын.

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам? 

(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.

Күнге ғана бағынам,

Өзім – күнмін, өзім – от...

Жалынмын мен, жанамын,

Оттан туған баламын.

(Мағжан Жұмабаев)

Оқушылар «Сұлтанмахмұт ауылы» және «Мағжан ауылы» болып екі топқа бөлінді. Топ басшылары сайланды. Сын есімді сөздер арқылы бір-біріне сәлем жолдайды. Осыдан кейін оқушыларға ауылға сыйлы қонақ келгенін хабарлаймын да , сұрақтар қоямын.

-         Келген қонақтарға қандай сусын түрлерін ұсынамыз?

-         Қымыз, шұбат, айран, т.б.

-         Одан кейін қандай сы-құрмет көрсетеміз?

-         Мал сойып, сый табақ түрлерін тартамыз.

-         Сый табақтың қандай түрлерін білесіңдер?

-         Бас табақ, құда табақ, жай табақ, қыз табақ, күйеу табақ.

Ойын. «Табақ тарту». Үстел үстіне бас табақ жасалып, (қойдың басы, жамбас, асықты жілік салынған), кеселерге қымыз, шұбат, айран құйылып қойылған. Әр мүше мен сусындардың қасына карточкалар қойылған.

«Сұлтанмахмұт  ауылының» үш оқушысы шығып, карточканы алып, қасындағы мүшенің атын атап, сұраққа жауап береді.

1-карточка (бас). Сын есім дегеніміз не? Сын есімді тап.

Ақ киімді,  денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

2-карточка (жамбас). Сапалық және қатыстық  сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

3-карточка (асықты жілік). Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалға. Шыдам... кісі, тебе... ат, ой... адам.

 Ал «Мағжан ауылының»  үш оқушысы кеседегі сусындарды атап, карточкадағы мына сұрақтарға жауап береді.

4-карточка (қымыз). Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

5-карточка (шұбат). Сөйлемнен туынды сын есімді тап.

Барлаушылардың құлағы естігіш, көзі байқағыш,  денесі сезгіш.

6-карточка (айран). Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты келтіріп, сұрақ қой.

Кісі киімі кір..., кісі аты тер...

Жаңа сабақты таблица бойынша түсіндіремін.

Сын есімнің шырайлары

1. Жай шырай. Мысалы: қоңыр (жіп), аласа (тау).

2. Салыстырмалы шырай. Мысалы : әдемі, әдемірек, әдемілеу.

3. Күшейтпелі шырай: әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен.

4. Асырмалы шырай. Мысалы: аса үлкен, өте ауыр, ең жақсы.

Салыстырмалы шырай жай шырайға жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

                           Ақ+шыл                                                      ащы+рақ

    Ақ                   ағ+ырақ                                          ащы    

                            Ақ+шылтым                                               ащы+лау  , т.б.

5. Оқулықтағы берілген жаттығудағы тек жай шырайлы сын есімдерді байланыстырып тұрған сөздерімен дәптерлеріне теріп жазғызамын және салыстырмалы шырайларды тауып, жұрнақтарын бөліп жазғызамын.

8. «Қыз қуу» ойыны ойнатылады. Бір ауылдан ұл, бір ауылдан қыз шығады. Ұл тек сын есім сөздерді, ал қыз зат есім сөздерді атап, сөз тіркесін құрайды. Мысалы: ақ қар, қалың орман, әдемі қыз, т.б.

Кім бір минут ішінде көп сөз айтып жаңылмаса, сол ауыл ұтады.

7. Жаңа сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны. Әр ауылдан бір-бір оқушы шығып, қолдарына берілген «Қыс» атты суретті карточка бойынша сын есімді қатыстырып, бес сөйлем құрап, тақтаға жазу керек. Кім тез болса, сол ауыл жеңеді.

8. Сергіту сәті.  Ұлттық дәстүрімізге байланысты екі ауылдан шыққан ұл мен қыз  «Қыз бен жігіт» айтысын домбырамен орындап береді.

9. «Кім білгіш?»  ойыны. «Сұлтанмахмұт ауылының» оқушылары тек сын есімі бар  жұмбақтар айтып,  «Мағжан ауылының» оқушылары тек сын есімі бар мақал-мәтелдер айтып, екі жақ өздерінің ой өрістерін байқатады.

- Міне, балалар, ойын да, жұмбақ та, мақал-мәтел , өлең , т.б. күнделікті қолданылатын сөздерде де сын есім кездесіп отырады, - деп қорытамын.

Әрине, әр сабақты тақырыпқа байланысты түрлендіріп отыру – әр мұғалімнің өз шаруасы. Сонда оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығы мен ықылас-ытасын арттырамыз. Ұлттық ойын түрлерін, ауыз әдебиеті үлгілерін сабақ процесінде пайдалана отырып, ұлттық дәстүрге деген оқушылардың саналы көзқарасын қалыптастыруға жол ашамыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алжапқыштың бөліктерін қосу
Сын есімнің түрленуі
Сын есім
Сын есімнің түрленуі
Сын есім
Сын есім шырайлары
Сын есім
«Сын есім» тақырыбы бойынша
Сын есімнің шырайлары
Сын есімнің мағыналық түрлері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 19162 | Қосты: Жанғатаева Ботагөз Уатайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык