Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әсемдік -өмір жарасымы


Әсемдік -өмір жарасымы

Әсемдік -өмір жарасымы

9 а,б  сынып

6- сабақ

Тақырыбы: Әсемдік -өмір жарасымы

Мақсаты: оқушылардың сұлулық, табиғат туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-         табиғат ,өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан- жақты ашу;

-         сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;

-         әсемдікке тәрбиелеу

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Әңгімелесу

  • Ал, сендер әсемдік сыры неде деп ойлайсыңдар ?
  • Табиғат пен адамның арасындағы қандай байланысты сезіндіңдер ?
  • Не үшін табиғатты ісемдікке балайды ?
  • Адам өмірінің сұлулануына табиғаттан басқа тағы нелер ықпал етеді ?

Шығармашылықпен жұмыс

«Табиғат- әсемдік- өмір» сұлбасымен үш баған сызыңыздар

Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақ қойыңыздар. Екіншісінде қойылған сұраққа жауап беріңіздер. Үшіншісінде қорытынды жасаңыздар.

Назар аударыңыз

Мәтінмен жұмыс «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» ,

  • Жігіт неліктен қызды таңдады ?
  • Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар?

Жаңа ақпарат төмендегі ақпаратпен таныстыру

Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмай ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек адамды адам еткен болса, сұлулық адам бойын қуаныш әсем сезімге бөлейді, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды әдеттерді қалыптастырады.

Мәтінмен жұмыс «Әлди»

-         Осы әңгімеде әлди мен әсемдіктің мәні неде ?

-         Әлди бөлеген әсем сезімдерді атап беріңдер .

Назар аударыңыз

Жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның әсемдігі – адамның әділеттілігінен , ер жүректілігінен, саналылығынан яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.

Дәптермен жұмыс

«Мен бүгін...»

Тапсырма «Сұлулық»

  • Сұлулық туралы қалай ойлайсыз?

Жаңа ақпарат

Оқулықтағы жаңа ақпарат оқушылардың сұлулық әсемдік туралы білімдерін бекіту мақсатында беріліп отыр.

Дәйексөз «Адам бойындағының бәрі де-бет пішіні де, киім киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс.»

Ән тыңдау «Сен сұлу»

Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Үйге тапсырма «Әлди» әңгімесін оқып талдау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еңбек бәрін жеңбек
Өзіңді тану-өмірді тану
Салауаттылық-өмір негізі
Еңбек- өмір мәні
Сен де бір кірпіш дүниеге
Өнер - өмір өрнегі
Мақсат жетістік желкені
Көмектесе білейік
Адалдық пен әділдік
Салауаттылық - өмір негізі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 14793 | Қосты: Кдырниязова Толқын Намысқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык