Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты зияткерлік сайыс


«Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты зияткерлік сайыс

«Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты зияткерлік сайыс

« Білімді ұрпақ – ел тірегі » атты сабақтан тыс математикадан зияткерлік сайыс.

Мақсаты: 

1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 

2. Дамытушылық: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту. 

3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру. 

Көрнекілігі: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы видео-аудио техникалар арқылы өткізу. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы – әр адамның жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайтын мемлекеттік құжаттың бірі. Бұл жолдаудың негізіне түрлі реформалармен қатар білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, әлемдік білім кеңістігіне толығымен бірігу және қоғамыздың басты байлығы жас ұрпақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау жолымен оның ой – өрісін кеңейтіп жан – дүниесін байыту. 

ХХI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. 

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. 

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі « Білімді ұрпақ – ел тірегі » атты екінші курстар арасында өткізілгелі отырған математикадан зияткерлік сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер! 

2-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Олай болса ұшқыр ойлы оқушыларымызды ортаға шақырып құрмет - қошемет көрсетіп қояйық. 

«Тұлпар» тобын ортаға шақырайық 

Мүшелері: Әбді Арайлым Сартай Сейілхан Табылхан Гүлсезім 

«Барыс» тобын ортаға шақырайық 

Мүшелері: Бүркітбай Марал Уалиханов Абылайхан Бүркітбай Ұлжалғас 

1 – жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп, Мойындаған бар ғылым жер шарында. Сол қағида тағы да дәлелденбек, Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында.

2 – жүргізуші: Болашақ білім – ғылым тұтқасында, Мұны әркім әрқашан ұстасында. Заманның компьютердей кезеңінде, Математика тағы тұр көшбасында 

1 – жүргізуші: Математика сырлары, Қызықтырады біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді - дей келе отырып, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасын ортаға шақырып, қошемет көрсетіп, таныстыра кетейік. 

2 – жүргізуші: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. _______________________________________________________ _______________________________________________________ 

1 – жүргізуші: Математикалық зияткерлік сайыстың өтілу тәртібімен таныстырып өтейік. 

I тур – «Таныстыру » әр оқушы ( өздерін таныстырып ұранын айтады)

II тур – «Жүйрік болсаң озып кор » математикадан сұрақ – жауап.

III тур - «Сәйкестендіру тесті» оқушылар есепті шығару арқылы тестті сәйкестендіреді.

IV тур - «Ойымды жалғастыр» мақал – мәтел сайысы

V тур - «Тапқыр болсаң, шеш жылдам » логикалық есептер беріледі.

VI тур - «Тапқыр таразшы» Бір ғана шиді қозғалту арқылы есепті дұрыстау керек . 

2 – жүргізуші: Сәлем берем халқыма, Сәлем берем жалпыңа, Сәлемдесу кіреді, Ата-дәстүр салтына Бас иіп топ алдында шығатын Сәлемдесу парызы әрбір жастың Білімдерін паш етер сайыскерлер Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 

I тур - «Таныстыру» әр топ ( өздерін таныстырып ұранын айтады) 

1-жүргізуші: Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер, Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер. Математика - ең маңызды ғылым бұл, Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл. 2-жүргізуші: Жарыс десе жаныңыз, Жасырғанды табыңыз. Күш сынасып көріңіз, Жеткенінше шамаңыз. Бірінші курстар Бар өнерін салады. Білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

II тур – «Жүйрік болсаң озып кор » математикадан сұрақ – жауап. 

1.Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? 

Жауабы: Әл - Фараби 2.Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? 

Жауабы: Бұрыш 

3.Қар жауғанда жауатын ақшақардың формасы қандай фигураға негізделген? 

Жауабы: Алтыбұрыш

4.Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторлары? 

Жауабы: Әбілқасымова, Шойынбеков, Есенова, Жұмағұлова

5.XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім? 

Жауабы: Г.В.Лейбниц 

6.«Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик. Жауабы: Г.В.Лейбниц 

7.Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі Жауабы: Планиметрия 

8. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем ? Жауабы: Аксиома 

9. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар?. Жауабы: Натурал сандар

10. Математикадағы координаттар жүйесін ең алғаш енгізген француз математигі кім? Жауабы: Рене Декарт

11. Алманың жартысы неге ұқсайды? Жауабы: шар сегметіне

12. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем ? Жауабы: Теорема

1-жүргізуші: Қадірін білсең егер сен, Қол ұшын берер ол саған Есептеп жүрсең бәрін де, Сүрінбейсің өмірде – келесі сайысымыз

III тур - «Сәйкестендіру тесті» оқушылар есепті шығару арқылы тестті сәйкестендіреді.

1. Сәйкестендіру тесті

2. Сәйкестендіру тесті

2-жүргізуші: Заманның лебімен жел есетін Келді ғой кезек, міне, кездесетін Мақал-мәтел сайысына уақыт бөліп Жаңылып, қыран – топан күлісетін.

IV тур - «Ойымды жалғастыр» мақал – мәтел сайысы

1. Ердің екі сөйлегені өлгені, Еменнің иілгені сынғаны.

2. Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

3. Отыз күн оразаның бір күн айты бар, Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.

4. Жүзден біреу шешен , Мыңнан біреу көсем.

5. Досыңның мың болғанына мақтан, Дұшпаның жалғыз болсада сақтан.

6. Бір кісі қазған құдықтан , мың кісі су ішер.

7. Жүзден біреуі көсем Мыңнан біреуі шешен.

8. Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.

1-жүргізуші: Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады, Досың солар – табылатын қасыңнан. Мықты болсаң – алдағыны басып оз, Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып

V тур - «Тапқыр болсаң, шеш жылдам » логикалық есептер беріледі.

(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”. Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? Қасқыр-100 Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық. (әзіл есеп) «Қу түлкі» Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі құлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Ж: 127 «Торғай нешеу?» Талдан ұшты көп торғай, Емес бірақ көп торғай. Алдында оның бастаушы, Артында оның қостаушы. Және тағы қарасақ, Қайта оны санасақ, Соңында біреу қап келді, Алдында төртеу, топ келді, Үшеуі қатар жарысқан, Түзіліп үшеу қалыспан. Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу, есепкер Ж: Бес торғай Аулада 60 үйрек, Қорада 20 үйрек, 10 үйрек тығылды 10 үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек? Ж: (70 үйрек) 2-жүргізуші: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау Дүниенің бар тұлғасы есеп десек дей келе

VI тур - «Тапқыр таразшы» математика есептер беріледі таңдап алады.

Шиден жасалған есептер беріледі. Есепте тек бір ғана ши дұрыс қойылмаған. Егер сол шиді дұрыс қойса есептің шешімі дұрыс болады. Ескерту: тек сары түстегі шилерді ғана қозғалтуға рұқсат. 19-18+12=50 Жауабы: 19+19+12=50 3+4+5=19 Жауабы: 3+11+5=19 59+50+1=50 Жауабы: 99-50+1=50 20-5+8=15 Жауабы: 28-5-8=15

1-жүргізуші: Жинаған өн бойына білім кенін, Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім. Жарайсың айналайын, сайыскерім! Бойларыңда от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым! Әрқашанда осы өнерді сөндірмей, Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып, біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет.

2-жүргізуші:

Сол ұрпақ - біздің болашағымыз сіздерсіздер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн. Біздің бүгінгі « Білімді ұрпақ – ел тірегі » зияткерлік сайысымыз осымен аяқталды

«Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар! 

Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. 

Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, мұғалімдерімізге, оқушыларға көп-көп рахмет.

Сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
"Әр бала - болашақ данышпан"
«Ғажайып математика»
Тапқыр достар
Тапқыр математик.
Үшбұрыштар әлеміне саяхат атты математикалық кеш
Математика ойын әлемінде
Математика әлеміне саяхат
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
Математика аруы -2014
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 6307 | Қосты: Туребекова Айгуль Кураловна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык