Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Интеллектуалды ізденімпаз


Интеллектуалды ізденімпаз

Интеллектуалды ізденімпаз

Тақырыбы: Интеллектуалды ізденімпаз

Мақсаты :

Білімділік:Оқушының физика пәні бойыншабілім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

Дамытушылық:  Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу

Пән аралық байланыс: математика, информатика, биология

Техникалық құралдар:Xplorer GLX құрылғысы,интерактивті тақта, компьютер, аktivote,activslaite, видеопроектор,флипчарт,презентациялар

Түрі:танымдық -ойын

Жүргізуші:

Ғалымдардың патшасы атанғансың

Архимед, Ньютон,  Галилейден бата алғансың

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән – физика атанғансың

Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Интеллетуалды ізденімпаз» атты сайысқа  9 сыныптар қатысып, өз білімдерін сынайды

Мектебімізде болашағынан үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылар қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер(әр оқушыға қысқаша сипаттама)

1. Әр қашанда мектепте 

Шығып жүрген жақсы аты

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Раушанның бұл  мақсаты - ортаға  Акешова Раушанды шақырамыз

2. Шын жүйрік шабысынан танылады,

 Бабы жетсе, бәйгеде бағы жанды

Білім менен өнердің сан қырлары

Айдананың бойынан табылады –ортаға  Нұртаза Айдананы шақырамыз

3. Есеп десе, көздері оның нұр шашқан,

Жаралғандай білім үшін әу бастан.

Сабина да келіп қапты сайысқа,

Сымбаты мен сұлулығы жарасқан- ортаға  Ғалымбек Сабинаны шақырамыз

4. Физикалық формуланы шашатын,

 Құбылыстың қасиеттерін ашатын.

Қарсы алайық Жанеркені қол соғып,

Ақырын сөйлеп, аяғын нық басатын -ортаға  Нығымат Жанеркені шақырамыз

  1. Архимед, Паскал ілімін

 Таныған адал жүрегі

Үйренген білім мәйегін

Алтынкүл – сынып жүрегі,-ортаға  Абишева Алтынкүлді шақырамыз

6. Мінезге өзі анық бай

Жүрседе ол асықпай

септе жан салмайды

Аяулым біздің  жалықпай ,- ортаға Ахмедия Аяулымды шақырамыз

Сайыс жоспары :

І. Тест-  (activot жұмыс)

ІІ. Сіз білесіз бе ?  (үй жұмысы)

ІІІ.Формулалар мекені-(activslaitпен  жұмыс)

ІV. Сырлы сұрақ (экраннан сұрақ)

V.GLX - пен жұмыс (тәжірибе жасау)

І. Тест-  (ACTIVote тестілеу жүйесімен жұмыс жасау)

Тест бойынша кім қанша сұраққа жауап береді, сол сонша балл алады

(Қосымша флипчарт)

ІІ. Сіз білесіз бе ?  (үй жұмысы)

Ой санамда болса да балалығым,

Ғылым сырын білемін, даналығын.

Физика заңдылығын меңгертіп,

Зерделімін, білімдімін, саналымын!

Оқушылар алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша физикалық құбылыстардың, күнделікті тұрмыс –тіршілікте алатын орыны туралы қосымша ақпараттармен таныстырады.Әр оқушының өзінің дайындаған тақырыбына байланысты  құралдары  және Power paintта жасалған презентациялары болуы керек.

(Энергия,жарық,жылу,күш, жұмыс,қозғалыс,қуат т.б)

ІІІ. Формулалар мекені

Жүргізуші:

 Формулалар мекені-(activslaitпен жұмыс)

  Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін ,

  Есеп-қисап , сан, цифр термек үшін

  Көрсетіп есептеудің жолын қалай

  Келдім айтып оларды бермек үшін

«Формулалар мекені» бөлімінде сайыскерлеріміз экрандағы ұпай сандарын таңдайды .Формуланың күрделілігі ұпай санына байланысты болады.

(Қосымша презентация)

  1. - ипульстің сақталу заңы
  2. -Ньютонның екінші заңы
  3. -Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
  4. - бірқалыппты үдемелі қозғалыс
  5. -бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдық
  6. -еркін түсу кезіндегі үдеудің формуласы
  7. -бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы
  8. ток күші
  9. тұрақты токтың жұмысы
  10. параллель жалғағандағы кедергі
  11. Кулон заңы
  12. электр қозғау күші
  13. электростатикадағы күш

электростатикадағы энергия

16 идеал газ

17      зат мөлшері

  1. Менделеев-Клайперон

ІV. Сырлы  сұрақ 

Жүргізуші:

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар?

Тақтаға қарап үңілсең,

 Сырлы сауал сұрақ бар.

Физика пәнінің басқа пәндермен байланысын қарастыру барысында экрандағы номерлерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру керек.

 (Экраннан бейне сұрақтар)

1.Физика пәнінің мұғалімі Аринова Бағдат Аманбаевна

Сұрақ:Адамның шашын, қасын, мұртын қырау шалатыны неліктен ?

Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсацияланады.

2.Еңбек пәнінің мұғалімі Есенов Армия Асанович

Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық  құбылыс байқалады?

Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы құбылыс.

3.Математика  пәнінің мұғалімі Естаева Айтжан Естаевна

Сұрақ:Найзағай жарқылы көрінгеннен кеиін біраздан соң ғана күннің күркірегені естіледі. Неліктен?

Жауап: Найзағайдың ( жарықтың ) таралу жылдамдығы С=3·10 м/с, дыбыстың таралу жылдамдығы U=340 м/с, сондықтан Күннің күркіреуін соңынан естиміз

4.Биология пәнінің мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна

Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді . Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қай заңына негізделген ?

Жауап:  Инерция

5.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ералыұлы Ермек

Сұрақ: Дене шынықтыру сабағы кезінде снарядтармен жұмыс жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал шаңғының табанын конифольямен сүртеді. Неге?

Жауап: Үйкеліс күші

V.GLX - пен жұмыс (тәжірибе жасау)

Механика бөлімі бойынша қозғалыс және күш сенсоры арқылы орындалатын тапсырмалар үлгілері берілген. Xplorer GLX құрылғысын пайдалану арқылы жұмысты орындап,экранда көрсету арқылы нәтижесін түсіндіру.

Тапсырмалар:

-Импулстің сақталу заңын анықтау

-Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі үдеу

      -Механикалық арбашаның жылдамдығы

      -Тепе - теңдік күйдегі күштер.

     - Гуктың серпімділік заңы

Көрермендермен жұмыс: «Физикалық терминдер»

Бұл сайыста оқылған сөздердің қай елдің сөзінен шыққандығын анықтау қажет.

  1. Электрон      (грек)
  2. Инерция       (латын)
  3. Орбита          (неміс)
  4. Барометр       (грек)
  5. Геоцентр        (грек)
  6. Диффузия      (латын)
  7.  Планета       (грек)
  8. Деформация  (латын)
  9. Динамометр   (Грек)
  10. Гидравликалық  (грек)

Жүргізуші:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма ,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика, физика  пәндерінің сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін көп оқып, ізденуіміз керек.Бүгінгі таңдағы   физиканың тың жаңалықтарын  меңгеріп, алдағы уақытта еліміздің, жеріміздің көркеюіне білімі мен қабілеті бірге ұштасқан жастар –ол біздің болашағымыз. Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтаймыз

Пайдаланған әдебиеттер

1.Ұстаздар сайты u-s.kz

2. «Математика және физика» журналы  №6-2011 жыл

3.Физика хplorer GLX-пен бірге оқу бағдарламасы

4.«Математика және физика» журналы  №5-2010 жыл


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Интеллектуалды білімпаз
Физика заңдылықтары
Физикадан компьютерлік практикум
Механикадағы күштер
Импульстің сақталу заңы. Реактивтік қозғалыс
Физика пәнінен формулалар жинағы
«Физика әлемі»
Физика - әлем кілті
Физика - әлем кілті
Физика - әлем кілті
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 2439 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык