|
|
Физикадан қайталау сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіту және қорытындылау.
2)Ойлау қабілеттерін жетілдіру, ой- өрісін дамыту, өз бетімен ізденуге, шығармашылық дағдыларын дамыту.
3) Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, стакан, су, тиын, тарелка, парақ, шырпы, картошка.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу
Сабақтың әдісі: деңгейлеп – дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, технология
Сабақтық барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталай отырып, есептер шығарту
ІҮ. Қорыту
Ү. Бекіту
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аударамын. Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын екі топқа бөлемін.Топтарын таныстырады. Әр топта басшы тағайындайды. Топ басшысы өздерінің тобының ұпай сандарын есептеп отырады.
Ой қозғау.
Сабағымызды бастамас бұрын өзденріңмен танысып алайын. Мен өздеріңе кқрші №4 орта мектептің физика пәні мұғалімі Казбекова М.Т. Біз казір сіздермен күнделікті сабақтан өзгеше ерекше сабақ өткізбекпіз. Яғни, 9 сыныпта өткен тақырыптарымызды қайталау, қорытындылаау үшін «Табиғат - таңғажайып» мейрамханасына қонаққа барамыз. Ол үшін сыныптағы оқушылар екі үстелге бөлініп отырамыз. Ал, мен сіздерге даяшы қызметін атқарамын. Біздің мейрамханаға қош келдіңіздер!
І үстел: «Физика»
ІІ үстел: «Астрономия»
Физика – табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Астрономия – аспан денелерінде және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Аталған екі үстел өздеріне керек тағамдарды алу үшін бірнеше кедергі-тапсырмаларды орындауы керектігін айта кетейін.
Бүгінгі ас мәзірінде
Тапсырмалар 4- деңгейлік құрылымнан тұрады.
І. Дәмді үй тапсырма бәліштері
1.Танымдық деңгей (ауызша тапсырмалар)
а) «Физика тілінде сөйлесек»
ә) «Физикалық шамалар»
ІІ.Физикалық кестелер мен суреттерден жасалған торт
2. Алгаритмдік деңгей (суреттермен жұмыс)
б) Семантикалық карта
в) «Физика біздің айналамызда»
ІІІ. Физикалық есептерден жасалған салат
3. Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)
г) Деңгейлік есептер
д) Графикалық диктант
ІҮ. Ғажаиып десерт
4. Шығармашылық деңгей (тәжірибе жасау)
е) «Физикалық тәжірибелер»
Ал, енді таныс болсақ, күн жады мен бүгінгі күннің сабағын дәптерге жазып аламыз.
Жаңа сабақ
І. Дәмді үй тапсырма бәліштері
1) Танымдық деңгей.
«Физика тілінде сөйлесек» деп аталады.
Мұнда 2 үстелге үй тапсырмасын тексеру бәліштер беріледі. Өткен тараулар бойынша және логикалық сұрақтар беріледі.
«Физика» тобына
- Механикалық қозғалыс дегеніміз - .................
- Жаңғырық қайдан пайда болды? (дыбыстың шағылуынан)
- Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)
- Кинетикалық – грекше («кинетикос» - қозғалыс )
- Автобус кілт тоқтағанда қандай қозғалысқа түсесің? Неге? (еңкейеміз, инерция құбылысына байланысты)
«Астрономия» тобына
- Салыстырмалы қозғалыс -..................
- Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратамыз? (суға саламыз, тығыздығына қарай батады)
- Мөлдір емес денелердің көпшілігінен өтіп кететін сәулелер (Рентген сәулелері)
- Потенциалдық – латынша («потенция» - мүмкіншілік)
- Автобус кілт қозғалғанда қандай қозғалысқа түсесің? (шалқаямыз, инерция құбылысына байланысты)
«Физикалық шамалар»Бұл бөлімде балалар біз физикалық шамалардың орындары ауыстырылып беріледі. Соларды тауып, үш тілде айтасыз.
Адуан – аудан – площадь – region, square м2
Эгрняси – энергия – энергия – energy Дж
Мжсұы – жұмыс – работа –work Дж
Мкеөл – көлем – объем – volume м3
Уқаыт – уақыт – времия – time с
ІІ.Физикалық кестелер мен суреттерден жасалған торт
2) Алгаритмдік деңгей
Бұл бөлімде бірінші «Семантикалық карта» тапсырмасын орындайымыз.
Ал, «Физика біздің айналамызда» тақырыбында келесі тапсырмамызды орындайық. Бұл бөлімде суреттермен жұмыс жасаймыз.
45- сурет Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
83- сурет Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.
104- сурет Камертон – доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.
142 – сурет Абсолют қара дене деп өзіне түскен әртүрлі жиеліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені айтады. Іші қуыс ыдысқа тар саңылаудан түскен сәуле шексіз мәрте шағылады да, толық жұтылады.
149- сурет Рентгендік сәулелер рентгендік түтікшелер деп аталатын арнаулы қондырғыда алынады.
150- сурет Радиоактивті элементтердің шығаратын сәулесін магнит өрісінде зерттегенде, оның 3 түрге жіктелетіні белгілі болды. Оларды альфа, бетта және гамма сәулелер дейді Альфа және бетта сәулелерінің магнит өрісінде қарама – қарсы бағыттарға бұрылуы, олардың оң және теріс зарядты бөлшектер екенін аңғартты. α-сәулесі дегенімі – оң зарядталған бөлшектер ағыны, β –сәулесі дегеніміз – теріс зарядты электрондар, γ-сәулесі магнит өрісінде өзінің алғашқы бағытын өзгертпейді.
155- сурет Ауыр ядролардың тізбекті бөліну реакциясы. Уран изотопы 23592U баяу нейтронмен соқтығысқан кезде оны ядросына қосып алады да , тұрақсыз уран – 236 изотопына айналады.
ІІІ. Физикалық есептерден жасалған салат
3. Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)
Бұл бөлімде «Физикалық есептерден жасалған салат » . Деңгейлік тапсырмалар берілген, соларды орындап ,ары қарай тапсырысымыз ды жалғастырамыз.
А-1 №3
Массасы 30 кг доңғалақ горизонталь жазықта 5 м/с жылдамдықпен сырғанамай дөңгелейді. Доңғалақтың импульсін анықтаңдар
А-2 Е.ж 15.10
Егер рентгендік түтік 25В кернеуде жұмыс істесе, онда электронның кинетикалық энергиясы неге тең?
В-3
Ұзындығы 1 метр болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеп шығарыңдар.
В-4
Т-5(18)-2009
Толқын көзі 4 мин уақытта 15 м/с жылдамдықпен 1200 тербеліс жасайды. Толқын ұзындығы?
С-5
1108 (ж). Темірді толқын ұзындығы 20 нм жарықпен сәулелендіргенді
фотоэлектрондар қандай ең жоғары кинетиткалық энергияға ие болады?
Темір үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 288 нм.
Берілгені: Шешуі:
λ = 200 нм = 2*10-7м, Е = һν – Аш = һν –һν0 = һ(ν- ν0) =һс(1 /λ –
λ0 = 288 нм = 2,88*10-7м - 1 / λ0) = һс (λ – λ0) / λ0λ
Е = 4,136*10-15эВ * с* 3*108м/с(2,88*10-7м-
- 2*10-7м) / 2,88*10-7м*2*10-7м = 1,9 эВ
Табу керек: Е
Жауабы: Е: 1,9 эВ
С-6 №43
Әрқайсысының ұзындығы 400 м екі пойыз бір біріне қарама – қарсы бірдей 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Екі пойыз кездескен соң ең соңғы вагондары ажырағанға дейін қанша уақыт кетер еді?
l1=l2=400 l=l1+l2=2l1
v1=v2=18км/сағ=5м/с v=v1+v2
t-? t=l/v=l1-l2/v1+v2
t=2l1/2v1=l1/v1
t=400м/5м/с=80с.
Жауабы:80с.
Балалар осы сандардың сырларына кейінірек тоқталамыз. Енді келесі тапсырмаға тоқталайық
«Графикалық диктант»
«Физика» тобы
1 |
Элементар заряд |
|
|
2 |
Центрге тартқыш үдеу |
29,53 тәулік |
|
3 |
Дене импульсі |
70-80 дБ |
|
4 |
Математикалық маятниктің периоды |
|
|
5 |
Резонатор дегеніміз |
е=1,6*10-19 Кл |
|
6 |
Көше шуы |
|
|
7 |
Ай фазалары неше тәулікте қайталанып тұрады? |
931 эВ |
|
8 |
1 м.а.б. |
||
9 |
Термоядролық реакция |
Резонанс тудыра алатын жәшіктер |
«Астрономия» тобы
1 |
Аспанда қанша шоқжұлдыз |
|
120 дБ |
2 |
Бұрыштық жылдамдық |
|
|
3 |
Бүкіәлемдік тартылыс заңы |
|
1,66*10-27 кг |
4 |
Серіппелі маяниктің периоды |
|
88 |
5 |
Реберберация дегеніміз |
|
27,32 тәулік |
6 |
Ұшақтың көтерілуі |
|
|
7 |
Айдың жұлдыздарға қатысты өз орнына келуі неше тәулік? |
|
|
8 |
1 м.а.б. |
|
Дыбыстың әртүрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы |
9 |
Меншікті байланыс энергиясы |
|
|
ІҮ. Ғажайып десерт
4. Шығармашылық деңгей (тәжірибе жасау)
Енді « Ғажайып десертке » тапсырыс беру үшін «Физикалық тәжірибелер» деген бөлімге тоқталайық.
Ал, жақсы балалар, «Физикалық есептерден жасалған салат» деңгейлік тапсырмалардың сырын ашайын.
А |
В |
С |
150 |
2 |
200 |
40 |
3 |
80 |
- .
Қорытынды: Бізмейрамханаға қонаққа бара отырып, 9 сыныпта өткен физика сабағының материалдарында қайталадық. Мейрамханада қай топтың көп тапсырыс бергенін бақылап отырған әкімшілік қызметкерлері бар. Сол қызметкерлерге сөз кезегін берейік. Қорытынды дайын болғанша үйге тапсырманы жазып алалық.
Үйге тапсырма:
«Физика» тобы: «Физика және тұрмыс»
«Астрономия» тобы: «Физика және техника» реферат дайындап келесіздер.
Әділқазылар қорытындысынан кейін бағалау ,марапат түрінде өтеді.
Бағалау:
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2001-2005 жылдар аралығында астық өнімдерінің сапасын жақсарту, ұннан жасалған тағамдардың дәмділігін көтеру» туралы Заңға қол қойды. Бұл-үкіметіміздің ұрпақ денсаулығының айғағы. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» - деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір ұстанған ұрпақ болып өсіңдер –деп сабағымызды аяқтаймыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |