Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.


Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.

Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.

Пәні :физика         Күні:10.04.2014ж

Сабақ тақырыбы

Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.

Мақсаты

 

1.Оқушыларға  ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы тақырыптарын  түсіндіру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Негізгі идея

 

Тапқырлыққа, шапшаңдыққа,  терең ойлауға, ғылымға, білімге деген   қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы  тақырыптарын түсінеді.

Оқыту формасы

«Жигсо» әдісі, АКТ.

Ресурс

слайдтар,   графопроектор,  жүктер, динамометр, сызғыш, әртүрлі серіппелер, Паскаль шары, Күн батареясы,

Бағалау түрі

Смайликтер  арқылы  бағалау

Сілтеме:

7 класқа арналған электронды оқулық, / 

М Ұ Ғ А Л І М     Ж А З Б А С Ы

Мұғалім әрекеті

Уақыт (мин)

Оқушы  әрекеті

Ұйымдастыру

(сәлемдесу, топтастыру, сабақ тақырыбына көшу): Оқушылармен амандасу, түгендеу. 

Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін: барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады.

Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында оқушыларды топқа бөлу:

Топпен бағалау үшін әр топ бір-бірінің орындаған  жұмыстарын,  тексереді, қадағалайды,  бір-бірін бағалайды.

5 мин

Мұғаліммен амандасады. 

Барлық оқушылар бірге бір-біріне 3 шапалақ соғады. оқушылардың белсенділігі артады.

 Топқа   бөлінеді, оқушылар   қызығушылықтарын көрсетеді, бір-бірін бағалап үйренеді.

Кіріспе:

(жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру, тарауды қайталау, т.б.):

Тұлға аралық байланысты орнату

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау

Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау

Тұсаукесер:

Қызығушылық  пен назарға  қол жеткізу барысында  оқушыларды  топқа бөлу.

Пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу арқылы, топқа бөлудің себептерін оқушылардан  сұрау, сол арқылы оқушылар болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін  анықтау. Бөлінген топтары бойынша тақырыптарды, үй тапсырмасын қайталайды.

Жұмыс, қуат, энергия тақырыптаныда суреттерді мозайка жасап қиып, оқушыларға таңдату.

1.ЖҰМЫС     2.ҚУАТ   3.ЭНЕРГИЯ

Оқушыларға осы тақырыптар бойынша қайталау тапсырмалары, есептері беріледі, сол арқылы оқушылар үйге берілген тапсырмаларды топпен, үйден ізденген қосымша интернет ресурстарды пайдалан отырып, жаңа сабақты айтыға жоба жұмысын дайындайды және сабақ айту барысында әр топ бір тәжірибеден көрсету, есептер шығару керек.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған есептер :

І топ:

1.Машина 72 км/сағ жылдамдықпен  бірқалыпты қозғалып  келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.

Негізгі бөлім:  (жаңа тақырып түсіндіру)

Потенциалдық энергия-әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Кинетикалық энергия-денелердің қозғалуы салдарынан туындайтынэнергия.

Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясымынадай қасиеттермен сипатталады:

  1. Ол дененің орналасу күйіне және басқа денелермен  әрекеттесу күштеріне  тәуелді өзгереді.
  2. Әрекеттесу күшінің жұмысы потенциалдық энергияның кемуі есебінен өндіріледі.

Деформацияланған денелерге F=k*x  серпімділік күші әсер етеді.  х-серіппенің абсолют ұзаруы, k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент.  Потенциалдық энергияның дененің орналасу күйіне тәуелді,  екендігін ескерсек, kx2/2  шамасы серіппенің  потенциалдық энергиясын сипаттайды. Сонымен серпінді деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы:

E=kx2/2

Осы формулаларды салыстыра отырып: серпімділік күшінің істеген жұмысы серіппінің потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең.

        Қосымша слайдтар, практикалық жұмыстар көрсету арқылы жаңа тақырыпты бекіту.

       Оқушылардың меңгергендігін тексеру үшін, тест тапсырмасын орындату:

 

 «Дұрыс жауапты таңда» /тест/./5мин/

1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.

А)   А =    В)     А =  F · S  С)    А=       Д)   А= F·t

2. Қуаттың  анықтамасына сәйкес  формуланы көрсет?

     А)   N=     В) N=    С)     N=      Д)    N=   

  1. ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?    А) Па       В) м/с    С) Дж     Д) Вт

4. Қуаттыі ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

     А) Па       В) м/с    С) Дж     Д) Вт

5. 5 мВт-та  қанша   ватт  бар ?

 А)     5·10-3 В        В10-3 Вт     С) 5·10-3 Вт      Д) 5·10-6   Вт  

  1. 1 мк Дж –да қанша джоуль бар?

1000000 Дж

-топ басшылары бағалап отырады (Келесі слайд «Өздерін тексеру»)

Бір-бірлерін бағалайды,  сабақтан алған көңіл-күйлерін ақ қағазға  смайликтерді жабыстыру арқылы көрсетеді. Біздің көңіл-күйіміз. қағазы арқылы.

20 мин

Сабақ басында үй тапсырмасы қайталанып, жаңа тақырып оқушыларға  түсіндіріледі.

               Жаңа тақырып түсіндіріледі, оқушылар қызығушылықпен тыңдайды,  сұрақтар қояды.

Оқушылар  үй тапсырмасын қалай меңгергендіктерін  көрсетеді,  өткен тараулар бойынша  5 сұраққа топ болып жауап береді:

Бөлінген топтары бойынша тақырыптарды, үй тапсырмасын қайталайды

 

 

Жаттығулар:  (бекіту) Менің түсінгенімше….», «Сонымен, Сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай  ғой…?» т.б. Әңгімелесушінің жаңа  сөзіне   кері байланыс   орнату үшін қажет .

5 мин

Берілген тапсырмаларды ынтамен  жылдам орындап шығады. Сұрақтарға толық, тиянақты жауап береді.

Сергіту сәті:     Барлығы бірге орындарынан тұрады, бір-бірлерін  3шапалақ соғады. Психологиялық тренингке  қатысады.

5 мин

Барлықтары бірге жаттығу  жасап, серігіп қалады, көңілдері көтеріледі. Психологиялық тренингке  қатысады.

Қорытындылау. Топтарға    орындаған  тапсырмалары бойынша сабақты қорытындылап, сұрақтарға жауаптар  береді. (Бүгінгі сабақ тақырыбы?, Тақырып не туралы?,  Нені білдік?, қандай білім алдық?)хатшы  жинақтап қорытыныдылайды.  

5мин

Оқушылар  топқа қосылып жинақталады, қорытындыларын айтады. Әр топ не түйгендері туралы негізгі мәліметтерді, ақылдаса отырып, қортытындылайды.

 

Бағалау.

Өзара жұппен бағалау. 

3 мин

Өзара бағалайды,  өздерінің жұмыстарымен салыстырады

Қосымша  тапсырма:

Ү/т  § ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы

2 мин

  • ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы, деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы

№1

Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып  келеді. Егер оның  моторының тарту күші 2000 Н болса, онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.

№2

Қуаты  30 Вт  желдеткіш 10 минутта  қанша  жұмыс істейді?

ІІ. Топ

№1

Салмағы  4 кг  жәшікті  2,5 ке биіктікке көтергенде  істелген   жұмыс неге тең?

№2

ІІ. 2."Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж  жұмыс атқарса  , оның қуаты неге тең?

ІІІ топ

№1

 1.Массасы  0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген.  Ауырлық күшінің жұмысын  анықта?

№2

2.Салмағы 120 Н бір  шелек суды тереңдігі 20 м  құдықтан 15 секунд  ішінде көтеріп шығару   үшін  адамның өндіретін   орташа   қуаты   қандай?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9 сыныпқа ОЖСБ дайындық тесттер
Энергия. Энергияның сақталу заңы.
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформациялан денелердің потенциалдық энергиясы
Энергия
Физика пәнінен формулалар жинағы
Энергия тарауын қайталау
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 4603 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык