Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы


Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы

Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы

Сабақтың білімділік мақсаты  Токтың жұмысы мен қуатын есептеуді және Джоуль – Ленц заңдарын формулалар арқылы оқушылардың өздеріне (топпен жұмыс) қорытындылату.

Дамытушылық мақсаты:  Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін, формулаларды түрлендіре білуге үйрету, қарапайымнан күрделіге жемкізу.

Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмысқа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Сыныпты 3топқа бөлдім.
  2. «Қызығушылығын  ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.
  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосқан кезде ток күштері өзгереме?
  • Өткізгіштерді тізбектей және параллаль қосқан кездегі өткізгіштің ұштарындағы кернеу қандай болады?
  • Өткізгіштерді тізбектей және параллаль қосқан кездегі жалпы кедергісі қандай болады?

Кодаскоп арқылы слайдтағы тапсырмалар орындалады:

№2. Кедергілері 15Ом және 10Ом өткізгіштер параллель қосылған. Осы қосылыстың жалпы кедергісін табыңдар?

 

  1. «Мағынаны ажырату» үшін өзара оқу әдісін қолдандым.

Ол үшін параграфты 3бөлімге бөлдім. Оқушыларға оқулықпен жұмыс жасау үшін (5минут) уақыт бердім.

1-топ. Электр тогының жұмысын есептейтін формуланы қорытып шығарады және өлшем бірлігін айтады.

2-топ. Токтың қуатын есептейтін формуланы қорытып шығарады. Өлшем бірлігі мен өлшейтін құралын айтады.

3-топ  Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді болады.

Тәжірибе көрсетеді. Өткізгіштердің қызуы кедергіге тәуелді екенін анықтау.

1-Топ оқушыларының жауаптары:

U=A/q                        A=q*U   кернеу формуласы

I=q/t                           q=I*t        ток күші формуласы

A=I*U*t  (1)     токтың жұмысы

I=U/R                         U=I*R  тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

A=I2*R*t  (2)       A=U*t/R(3) токтың жұмысы

1Дж-- 1А*В*с жұмыс бірлігі

2-топтың  жауабы:

N=A/t  механикалық қуат

P=I*U*t/t

P=I*U  (1) электр тогының қуаты

P=U2/R  (2)   P=I2*R (3) электр тогының қуаты

1Вт=1А*1В  

Ваттметр- қуатты өлшейтін құрал

Токтың жұмысын өлшейтін құрал- электр санауыш

1кВт·сағ=3.6*106Дж

1кВт·сағ=4,95тенге= 5тенге

1гВт = 102Вт      20гВт=?

1кВт = 103Вт       400кВт=?

1МВт = 106Вт       0,06МВт=?

3-топтың жауабы:

Өткізгіш ішімен ток жүрген кезде, өткізгіш қызады, электр энергиясы ішкі энергияға айналады.

Өткізгіштің қызуы тек қана ток күшіне тәуелді ме?

Тәжірибе жасалады: Кедергілері әр түрлі үш сымды тізбектей жалғайды да ток күшін арттырады. Сол кезде никель мен темір қыза бастайды, ал мыс сым білінер- білінбес қана жылынады.

Тәжірибе қорытындысы: өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады, өткізгіш кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.

Q=I2·R·t   Ағылшын ғалымы Дж. Джоуль Орыс ғалымы  Э. Ленц ашты

Джоуль—Ленц заңы

  1. Жаңа тақырыптағы меңгерген білімдеріне сүйене отырып, ынталандыратын күрделі сұрақ қою арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.

3 топқа тапсырма беріледі. Оқушылар ақылдасып бірге шешеді. Берілген формуладан туынды формуланы табу.

Деңгейлік тапсырмалар

А-тобы

1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220В, ал ток күші 0,5А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 1800с  уақыт  ішінде қанша жұмыс жасайды?

2. Қыздырғыш элементі 38,7Ом, кернеуі 220В желіге қосылған, оның қуаты қандай болады?

Б-тобы

1. Егер шамдағы ток күші 0.2А және ол 1с ішінде 0,8Дж  жұмыс жасайтын болса, онда шамындағы кернеу қандай?

2. 5В кернеуге қосылған электр үтігі 300Вт қуат жұмсайды, электр үтігінің спиралындағы ток күшін табыңдар?

С-тобы

1.Кедергілері 5Ом және 9Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші өткізгіштегі кернеу 15В болса, 3мин уақыт ішінде әр резисторда бөлініп шығатын жылу қандай?

2. Кедергілері 40Ом және 50Ом екі өткізгішті:

50Ом

40Ом

А) тізектей

Б) параллель қосқанда токтың қуатын салыстырыңдар

Есепті орындарынан шығарғаннан кейін тақтаға орындайды.

Үйге тапсырма: §42    21жаттығу №4,3

 №6үйде орындалатын экс. тапсырма

Сабақ соңында оқушылар бағалады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 7131 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык