Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » MS word туралы жалпы түсініктер. MS word бағдарламасында мәтінмен жұмыс. Мәтінге графикалық объектілерді қою. PowerPoint презентациясын құру


MS word туралы жалпы түсініктер. MS word бағдарламасында мәтінмен жұмыс. Мәтінге графикалық объектілерді қою. PowerPoint презентациясын құру

MS word туралы жалпы түсініктер. MS word бағдарламасында мәтінмен жұмыс. Мәтінге графикалық объектілерді қою. PowerPoint презентациясын құру

СМЖ Н. 05-06

Астана қ. әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ

Пәні: информатика

Тақырыбы: MS word  туралы жалпы  ттүсініктер. MS word  бағдарламасында мәтінмен жұмыс. Мәтінге графикалық объектілерді қою. PowerPoint презентациясын құру

Мамандығы, курсы: Мейірбике ісі, І

Құрастырған Тлеужанова А.Б.

Әдістемелік талдама жұмыс бағдарламасына сай құрастырылған

Астана – 2013

Сабақтың типі: теориялық білімі мен біліктерінқолдану және жетілдіру сабағы

Сабақтың әдісі: репродуктивті

Сабақтың мақсаты:

БілімдікБілім алушыларға мәтіндік құжаттарды пішімдеуді, мәтіндік құжаттарды баспаға беруді үйрету. MS Word-тың графикалық мүмкіндіктерін түсіндіру. Мәтіндік құжатқа графикалық объектілерді қоюдың  әдістерін меңгерту.

Тәрбиелік: Графикалық объектілерді құжаттың кез-келген жеріне қоюға, пішімдеуге үйрету.

Дамытушылық: Күнделікті тәжірибеде мәтіндік процессорды өңдеуге үйрету, құжатқа графикалық объектілерді енгізу, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың өту уақыты: 180¢

Пәндік байланыс: MS word  туралы жалпы  түсініктер. Терезе элементтері. MS word  бағдарламасында мәтінмен жұмыс. Мәтінге графикалық объектілерді қою.

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, сызу,

Сабақтың жабдықталуымультимедиапроектор, Interwrite Board интерактивті тақтасы.ДК -8,ноутбук

Білім алушылар білуі тиіс:

MS Word  құжатының атқаратын қызметін;

MSWord терезесінің құрылымын;

Негізгі құралдарының атқаратын қызметін;

Пішімдеу әдістерін (мәзір қатары және құралдар арқылы);

Мәтінмен жұмыс істеуді;

MS Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктерін;

Мәтіндік құжатқа сурет, автофигура, фигуралық мәтін кірістіру;

PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі мағлұматтарды;

PowerPoint терезесінің құрылымын; презентация көрсету әдістерін

Білім алушылар не істей білуі керек:

MSWord көмегімен құжат құруды;

Құжатты безендіруді;

Емле қатесін түзетуді;

Құжатты пішімдеу әдістерін (қаріппен, азат жолмен, тізіммен, биәріппен, шегіністермен жұмыс істеуді), мәтінді бағандарға бөлуді

Мәтін бөліктерін ерекшелеуге, көшіру, қою, мәтіндегі соңғы орындалған амалды болдырмау, емле қатесін тексеру, жақтаулар мен бояуды безендіруді;

Мәтінмен жұмыс істеуді;

Мәтіндік құжатқа сурет, автофигура, фигуралық мәтін кірістіруді;

Мәтінге жиектер қоюды, безендіруді.

PowerPoint бағдарламасын жүктеу және жұмысын аяқтауды; слайдқа түрлі нысандарды енгізу: фильм, сурет, автофигура, дыбыс, фильм; көрмелерді безендіру және көрсетуді

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 3 – 5¢

Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың тақырыбына, оның дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына сипаттама беру.

Тәжірибелік сабақтың маңызын түсіндіру

2. Білімді өзектендіру (бұрынғы білімдерін жаңғырту) 5 – 30¢

  1. Электрондық оқулықпен жұмыс 15 – 20¢

Тапсырмаларды орындау

Тест сұрақтарына жауап беру

4. Әдістемелік нұсқау 5 – 10¢

5. Өз бетінше жұмыс 90¢

6. Орындалған жұмысты қабылдау 5 – 10¢

Әрбір білім алушы жеке бағаланады: сұраққа жауап беруі, еңбек мәдениеті, жұмысты дұрыс орындауы, жұмысқа жіберілген уақыт есепке алынады.

7. Сабақты қорытындылау 5 – 10¢

әрбір білім алушының жұмысты орындау барысында жетістіктері мен қателері, қолданылған әдістері ескеріледі

8. Үйге тапсырма  3 – 5¢

Бақылау сұрақтары оқылып, оқулық аты, авторы, баспадан шыққан жылы, беттері көрсетіледі.

Теориялық мәліметтер

MS Word – мәтінді енгізуге, өңдеуге, түрлендіруге, түзетуге, сақтауға, пішімдеуге, басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы.

Мүмкіндіктері: құжатқа сурет кіргізу және өзгерту, диаграмма кіргізу, кесте енгізу, формула жазу, автофигураның көмегімен  сурет салу, көлемді (фигуралық) мәтін жазу, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзету

Жаңа құжат құру әдістері: жұмыс үстелінің бос жерінде тінтуірдің оң батырмасын басып, Құру → Microsoft Word құжаты әмірін даңдау, экранда пайда болған құжат белгісіне ат енгізіп, Enter батрырмасын басу; ашық тұрған бағдарлама терезесінде стандартты саймандар тақтасынан  батырмасын басу; мәзір қатарынан Файл → Құру → Жаңа құжат әмірін орындау; пернетақтадан Ctrl+N пернелерін бірге басу.

Бұрын сақталған құжатты ашу әдістері: Менің құжаттарым бумасын ашу арқылы; Іске қосу → Құжаттың атын таңдау; пернетақтадан Ctrl+О пернелерін бірге басу; стандартты саймандар тақтасынан   батырмасын басу; мәзір қатарынан Файл → Ашу. Осы әмірлердің қайсібірін орындағанда экранда  Құжатты ашу сұхбат терезесіндегі тізімнен қажетті құжатты екі рет шерту.

Құжатты ашу терезесі

Бағдарлама терезесі

Бағдарлама іске қосылғаннан кейін экранда  келесі терезе көрініс табады және ол мынандай негізгі бөліктерден тұрады: тақырып жолы – бағдарламаның аты, құжаттың тақырыбы және терезені басқару батырмалары орналасады; мәзір қатары – Word-тың біртектес әмірлері орналасқанады: файл, түзету, түр, кірістіру, пішім, сервис, кесте, терезе, анықтама; стандартты саймандар тақтасы – мұнда жиі қолданылатын әмірлер шартты белгілір (батырмалар) арқылы беріледі; пішімдеу саймандар тақтасы – қаріп мәнерін, қаріп өлшемі, сызылымы, туралау, тізім қою, маркер қою, қатар аралық интервал...қамтиды; тігінен және көлденең орналасқан сызғыш – мәтінге азат жол қоюға, мәтіннің бет бойынша биіктігін туралауға мүмкіндік береді; жұмыс алаңы – мәтінмен жұмыс орындалады; айналдыру сызықтары – мәтіннің көрінбейтін бөліктерін қарап шығуға мүмкіндік береді; қалып-күй қатары – мәтіннің ағымдағы күйі жайлы туралы хабар береді.

Құжатты сақтау әдістері: мәзір қатарынан Файл → қалай сақтау; стандартты саймандар тақтасынан  батырмасын басу; пернетақтадан Ctrl+S пернесін бірге басу. Осы әмірлердің қайсібірін орындағанда экранда Құжатты сақтау сұхбат терезесі шығады.

Бұл терезеден құжатқа ат беру, сақталатын орны мен типін көрсетіп, сақтау батырмасын басу керек.

Пішімдеу – құжатты рәсімдеу бойынша жүргізілетін іс-әрекеттер:

әр түрлі қаріптерді пайдалану;

жұмыс өрісінің шекараларын өзгерту;

сол жақ, оң жақ, ортаға туралау;

жоларалық интервалды орнату;

мәтінді бағандарға бөлу;

тізім құру;

мәтінді жиектеу;

шегіністерду орнату және т.б.

Қаріп сұхбат терезесі үш бөліктен тұрады: қаріп, интервал, анимация

Азат жол сұхбат терезесі екі бөліктен тұрады:

Тізім сұхбат терезесі төрт бөліктен тұрады.

Мәтінді бағандарға бөлу стандартты саймандар тақтасындағы  батырмасының көмегімен немесе Мәзір қатарындағы Пішім → Бағандар әмірін орындаумен орындалады.

MS Word-тың графикалық мүмкіндіктері

І. Графикалық редакторда салынған суретті қою.

ІІ.Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен графикалық объектілерді құру.

ІІІ. Clip Gallery коллекциясынан сурет қою.

IV. Автофигураның көмегімен сурет салу.

V. Диаграмма кірістіру.

VI. Құжатқа фигуралық мәтін енгізу

Құжатты көрнекті етіп безендіру үшін оған графикалық элементтер: суреттер, диаграммалар, сызбалар т.б. кірістіреді. Осы элементтерді кірістіру үшін Мәзір қатарының кірістіру әмірін қолданады.

І. Графикалық редакторда салынған суретті қою

  1. Алдымен суретті Paint графикалық редакторында салып, сақтау керек.
  2. Суретті ерекшелеп алып, түзетукөшіру әмірін орындау керек.
  3. MS Word-ты жүктеу.
  4. КірістіруСуретФайлданашылған сұхбат терезеден сақталған суретті ерекшелеп, қою әмірін орындау қажет.

немесе түзетукірістіру әмірін орындаса жеткілікті.

ІІ. Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен графикалық объектілерді құру

  1. КөрінісҚұралдар үстеліСурет салу әмірін орындап,экранға құралдар үстелін шығарып алу қажет. Онда сурет салу, автофигуралар, сызық, көрсеткіш, тіктөртбұрыш, дөңгелек, жазу орналастыру, WordArt объектісін қосу, диаграмма қосу, картинка қосу, сурет қосу, бояу түсі, сызық түсі, қаріп түсі, «Штрих» мәзірі, «Көрметкілер» мәзірі, «Көлеңке» мәзірі, «Көлем» құралдары орналасқан.
  2. Осы құралдардың бірін таңдап, алдымен суретті салу керек.
  3. Осындағы құралдардың атқаратын қызметіне қарай суретті безендіру қажет.
  4. Салынған суретті бұруға, пішімдеуге, т.б. эффектілер қолдануға болады.

ІІІ. Clip Gallery коллекциясынан сурет қою

  1. Кірістіру→сурет→картинки→клиптер коллекциясы.
  2. Клиптер коллекциясы сұхбат терезесінен Упорядочить картинки батырмасын басу керек.
  3. Коллекция MS Office әмірін орындап, ашылған коллекциялар тізімінен қажет суреттің үстіне маустың оң батырмасын шертіп, көшіру, сонан соң Word терезесіндегі суретті қоятын орынды шертіп, кірістіру әмірін орындау керек.

IV. Автофигураның көмегімен сурет салу

Сурет салу тақтасында орналасқан автофигуралар жинағы мынандай геометриялық фигураларды салуға мүмкіндік береді: сызықтар, қосылым сызықтары, негізгі бейнелер, бұғат көрсетклер, блок-сұлба, жұлдыз және тақырыптар, тілше деректер, қосымша өзкескіндер. Бұл әрекетті Кірістіру→сурет→автофигуралар көмегімен де орындауға болады. Суретті салып болған соң бояу, жақтаулар орнату, т.б. қолдануға болады.

V. Диаграмма кірістіру

Сурет салу тақтасындағы Диаграмма кірістіру батырмасы.

  1. Ұйымдастыру диаграммасы
  2. Циклдік диаграмма
  3. Радиалды диаграмма
  4. Пирамидалық диаграмма
  5. Венн диаграммасы
  6. Бүтін диаграмма

Осы диаграммалардың қайсысын қойғанда да, экранға мына сұхбат терезе  шығады. Оның көмегімен диаграмма қосуға, макетін өзгертуге, ауыстыруға, пішімдеуге т.б. болады.

Мұнан басқа MS Excel электрондық кестесінде дайындалған диаграмманы кірістіру мүмкіндігі де бар. Ол үшін кірістірусуретдиаграмма әмірін орындау қажет.

VI. Құжатқа фигуралық мәтін енгізу

Құжатқа фигуралық мәтін енгізу үшін Сурет салу тақтасындағы  батырмасын қолдану, кірістірусуретWordArt объекті әмірін орындау қажет. Немесе көрінісқұралдар үстеліWordArt әмірін орындаса да болады. Осы үш түрлі тәсілдің бәрінде экранға бір ғана сұхбат терезе шығады:

Қойылған фигуралық мәтіннің орналасуын WordArt құралдар үстелінің мына батырмаларын пайдалану арқылы өзгертуге болады.

Суретті қойып болған соң, оны баптау қажет. Ол үшін суретті баптау құралдар үстелін пайдаланамыз.

Аударма сөздік

мәтін –текст

пішімдеу – форматирование

Жұмыстың тақырыбы: MS word  туралы жалпы  түсініктер. MS word  бағдарламасында  мәтінмен жұмыс. Мәтінге графикалық объектілерді қою. Презентация құру техникасы: слайдтарды құру, жан бітімді баптау. Презентацияға сурет, автофигура, дыбыс және клип енгізу. Көрмелерді безендіру және көрсету.

Жұмыстың мақсаты:Білім алушыларға MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерін, мәтінді өңдеу әдістерін, графикалық мүмкіндіктерін меңгерту.. Мәтіндік құжатқа графикалық объектілерді қоюдың  әдістерін үйрету. Тәжірибе жүзінде графикалық объектілерді құжаттың кез-келген жеріне қоюға, пішімдеуге, мәтінмен еркін жұмыс істеуге  дағдыландыру.

Міндеттері:

1.    Жаңа құжат құруды, сақтауды, өңдеуді меңгерту

2.    Білім алушыларды мәтінді пішімдеудін әдістерін көрсету.

3.    MS Word-тың графикалық мүмкіндіктерін үйрету

  1. Презентация құру тәртін білу
  2. Безендіру жұмыстарын жүргізу

Жұмысты орындау тәртібі:

1.    Білім алушыларды жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулармен таныстыру.

2.    Осы тақырып бойынша теория негіздерін қайталау.

3.     Жұмысты орындау.

4.     Бақылау сұрақтарына жауап беру

Жұмыстың  мазмұны:

  1. Төмендегі әдістің бірін қолданып, MS Word бағдарламасын жүктеңіз: Іске қосу → Бағдарламалар →Microsoft Office→ Microsoft Word;   Менің құжаттарым бумасынан кез-келген MS Word құжатын ашу арқылы; Іске қосу → Құжаттар → кез-келген MS Word құжаты; Менің компьютерім → С дискі → Program Files → Microsoft Office → Office 11→ WINEORD.exe.
  2. Алдымен пернетақта ауысуын қазақ тіліне, қаріпті Times New Roman, қаріп өлшемін 14-ті таңдап мәтінді теріңіз.

Он тоғызыншы сөз

Адам-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан белгілі, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескере, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады....

Отыз бірінші сөз

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:

әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек;

екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;

үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;

төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық  болу керек.  Егер кез болып қалса, салынбау керек.

ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншыл-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу.

Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

3. Мәтінді пішімдеу бойынша тапсырманы орындаңыз.

Құжатты пішімдеу

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

  1. Мәтінді төмендегі тєртіппен пішімдеңіз:қаріп– Impact,  өлшемі – 16сызылымы – асты сызылған,  туралау – беттің оң жағы бойынша, анимация – «красные муравьи».
  2. Мәтінді екі бағанға бөліңіз \Формат→колонки→2\.
  3. Мәтінге жоғарғы колонтитул орнатып, ағымдағы күнді енгізіңіз.
  4. Мәтіннің әр жолының түсін әр түрлі етіп бояңыз.

ІІ деңгей

  1. Бірінші мәтінді толығымен сөйлем мүшелеріне талдаңыз \формат→шрифт→подчеркивание, сызық түсі – көк.
  2. Мәтінге биәріп орнатыңыз \формат→Буквица→ 4cм\
  3. Бетке жақтаулар қойыңыз \ Формат→ Границы и заливка→страница →рисунок→ только первой странице\
  4. Бетке тақырып қолданыңыз\Формат→тема→контраст\

ІІІ деңгей

  1. Беттерге нөмір қойыңыз \Вставка →номера страницы→ внизу страницы → от центра\
  2. Екінші мәтінге қатар аралық интервал қойыңыз \Формат→абзац→ междустрочный→двойной\
  3. Бірінші азат жолға символ аралық интервал орнатыңыз \Формат→шрифт→интервал→разряженный→2пт\
  4. Мәтінге жоғарғы және төменгі индекстер орнатыңыз. Тәртібі: бірінші мәтіндегі дауысты дыбыстардың барлығын жоғарғы индекске көшіріңіз

Бірінші мәтіннен он бастауышты тауып, бірінің-астына бірін жазып, тізім құрыңыз.

3. Мәтінге графикалық объектілерді енгізу бойынша тапсырманы орындаңыз.

MS Word-тың графикалық мүмкіндіктері

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1. MS Word мәтіндік процессорын жүктеңіз.

1 бет. Жұмысыңыздың тақырыбын WordArt-тың көмегімен жазып, жақтаулар орнатыңыз.

2 бет. Экранға жыл мезгілдерінің суреттерін қойып, жанына мәтін жазыңыз. Автофигураның көмегімен айдың, күннің, жаңбырдың суреттерін салып, сәйкес түске бояңыз.

3. Үшінші бетке диаграммалар тұрғызып, ішін мәліметпен толтырыңыз.

ІІ деңгей

1 бет. Автофигураларды пайдаланып, аквариумдағы балықтардың  суретін салыңыз.

2 бет. Жұлдызшалардың, геометриялық фигуралардың көмегімен жарнамалық бет жасаңыз.

3 бет. Жануарлар тақырыбын, табиғат бейнелерін пайдаланып, табиғаттағы жабайы аңдар туралы композиция жасаңыз.

ІІІ деңгей

1 бет. Шақыру билет жасап, мәтінін жазыңыз.

2 бет. Киіз үйдің макетін салыңыз.

3 бет. Қазақстанның картасын пайдаланып, қалалардың орналасауы бойынша сызба нұсқасын жасаңыз.

. Бүгін Microsoft Office пакетінің тағы бір программасы PowerPoint – пен танысатын боламыз. Сонымен бүгінгі тақырып PowerPoint: қолданылуы, іске қосу, компоненттері.

Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды,  суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшліктің зеійінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

PowerPoint программасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Электрондық презентациялардан басқа проекторға арнап пленкалар шығаруға немесе оны қағаздық тасуышта да шығарып көрсетуге болады.

PowerPoint программасының әрбір презентациясы  слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Презентация құру негізінен  текст пен обьектілерді  слайдта тиімді тәсілмен орналсатырудан тұрады.

PowerPoint-та кез келген  презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:

  1. Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
  2. Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
  3. Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
  4. Презентацияларға обьектілер қосу.
  5. Презентациядағы ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
  6. Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
  7. Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
  8. Презентацияны демонстрациялау.

Ал PowerPoint программасын іске қосу үшін мынадай командалар орындалады:

Пуск-Программы- Microsoft PowerPoint

Осы команда орындалған соң экранға PowerPoint-тың диалог терезесі ашылады.  Мұнда жаңа презентация құруды бастауға немесе бұрын сақталған презентацияны ашуға болады. PowerPoint-та презентация құруды алғаш үйренушілер жаттығу үшін  Мастер автосодержания көмегімен презентация құруға болады.

(Програманы іске қосуды компьютерде демонстрациялап үйге программа терезесінің компонентерін түсіндіріп өтемін. )

Бекіту сұрақтары:

Бақылау сұрақтары:

  1. MS Word қандай бағдарлама?
  2. MS Word мүмкіндіктерін атаңыз.
  3. Бұрын сақталған құжатты ашу жолдарын көрсетіңіз
  4. Мәтінді пішімдеу деп нені түсінеміз?
  5. MS Word терезесінің құрылымын атаңыз.
  6. Мәтінді өңдеу деген не?
  7. Мәтінге фигуралық мәтінді қалай енгізеді?
  8. Мәтінге автофигураны қалай кірістіреді?
  9. «Суретті баптау» саймандар тақтасының батырмаларын атаңыз.
  10. Мәтінге сурет енгізу алгоритмін айтып беріңіз.
  11. Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
  12. Презентация неден құралады?
  13. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
  14. PowerPoint қалай іске қосады?
  15. PowerPoint-тың терезесінің Word,  Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?

Әдебиет:

  1. Ермеков Н. Информатика, 10 сынып оқулығы. Алматы – 2006, «Жазушы» 89-153 б.
  2. Байжұманов М.Б.  Информатика, Астана – 2004. 139 – 151 б.
  3. Жапарова Г.Ә. Информатика  негіздері. Алматы – 2006. 227 – 233 б.
  4. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Специальная информатика. Москва – 1998. 92 – 113 б.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Презентацияны безендіру
Тізімдерді нөмірлеу және маркерлеу. Мәтінді бағандарға бөлу
Алмасу буферін қолдану
Кесте және диаграмма тұрғызу
Графиктік тақырыптарды дайындау
Графиктік объектілермен жұмыс істеудің әдістерін үйрену
Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Word- тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу. Терезе құрамы. Құжат құру, мәтін енгізу, өңдеу, сақтау
Слайд жасау Power Point бағдарламасы
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 12687 | Қосты: Тлеужанова Асемгул Бейсенбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык