Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оттегі -тіршілік көзі


Оттегі -тіршілік көзі

Оттегі -тіршілік көзі

Сабақтың тақырыбы: Оттегі -тіршілік көзі

Сабақтың мақсаты: Оттегі. Оксидтер. Жану тарауы бойынша алынған білімді тиянақтап , қорытындылау

1. Оттегінің қасиеттері, маңызы мен қолданылуы және тотығу процесінің мәні жайлы оқушылардың көзқарастарын

2.Сын тұрғысынан ойлауды дамытутехнологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Өзін-өзі бақылау мен талдауды іске асыру

3.Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын қалыптастыру, қоршаған ортаны  қорғауға баулу.

Сабақтың түрі:  қорытынды

Сабақтың әдісі: СТО дамыту технологиясы.

Реактивтер: марганцовка .

Құралдар:  спирт шам, сынауық, газ өткізгіш түтігі бар тығын, штатив,стақан , шыра.

Сабақтың барысы:

І. 1.Ұйымдастыру кезеңі.

 Сынып оқушыларын түгендеп, үй тапсырмасының тақырыбын сұрау

2.Психологиялық дайындық.

Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарына және өзіңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып бір-бірлеріңе күле қараңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1-оқушы. Үйге берілген сабақтың мақсатын хабарлайды.

111  Қызығушылықты ояту.Танымдық сұрақтар

1. Белсенді және жер бетінде ең көп таралған элементті атаңыз?

2. «Оттексіз тіршілік жоқ» деген ұғымды қалай түсіндіресіз?

3. Оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі.

4. Озонға жалпы сипаттама

5.Катализатор және оксидтер дегеніміз не? .                                                                                                                                                       

Ойын .Оксидтер бұлты.Слайдпен жұмыс

Мағынаны ашу.Оттегіге жалпы сипаттама береді.

Оттектің физикалық қасиетін сипаттау, өнеркәсіпте және лабораторияда алу жолдарын түсіндіру.

Тақтаға 2 оқушы шығып, реакция теңдеуін жазады

Ең негізгісі. Оттек – иіссіз, түссіз ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді.

Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Сұйық оттекті арнайы екі қабырғалы термостат – Дьюар ыдысына құйып сақтайды.Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат болондарда 1-1,5 кПа қысымда сақтайды.

  Лабораторияда оттекті құрамында оттек мол болатын әрі қыздыру кезінде тез айырылатын күрделі заттардан: калий перманганаты, калий хлораты, су, т.б. алады.

Оттекті лабораторияда ауаны, суды ығыстыру әдісі арқылы алады.

2-оқушы. Практикалық маңызы.

Оттек тыныс алу, фотосинтез процестеріне қатысады. Оттек жануды қолдайды.

Медицинада оттек жастықшасы қолданылады. Өсімдіктерді көп өсірсе ауада оттек көп болады.

3-оқушы. Оттегінің ашылу тарихына қысқаша сипаттама береді. слайд

ХVІІІ ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж.Пристли мен швед ғалымы К.Шееле оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді.

1774 жылы 1 августа ағылшын ғалымы Пристли таза оттекті алды. Алғаш Пристли кәдімгі ауаны бөліп алдым деп ойлады.Бірақ сол алған ауаны шыны қалпақ астына жинап,май шам жағып еді,жақсы жанды.Бұл ауамен демалған адам өзін сергек сезінді.

 Пристли 1774 жылы қазанда Парижге барды.Ол Лавуазьенің үйінде отырып «флагистонсыздандырылған ауа» алғанын айтып таң қалдырды.Пристли тәжірибелерінің көптеген химиялық құбылыстардың сырын ашуға негіз болатынын Лавуазье бірден байқады.

Осыдан кейін Лавуазье Пристли тәжірибелерін қайталап көрді.

Лавуазье  Пристли тәжірибелерін қайталап,алынған және шыққан заттардың сандық өлшемдеріне баса назар аударады.Сынап тотығын және басқа тотықтарды қыздыру кезінде түзілген газ кәдімгі ауаның құрамында болады деген қорытынды жасауға толық мүмкіндік туды. Сөйтіп,ауа негізінен азот пен оттектен тұратыны анықталды. Оттек қышқыл түзуге қабілетті екені белгілі болды. Осыған сәйкес Лавуазье латынша «оксигенум»,қышқыл туғызушы, «кислотвор»,орысша кислород деген ат берілді.

Оксидтер формулаларының атын атаңдар.Слайд.

Ой толғау. Зертханалық жұмысын көрсету.

Алу жолдары

Физикалық қасиеті

Суреттің мағынасын ашу.

5-оқушы. Синквейн.

1. Оттек

2. Түссіз, иіссіз.

3. Сұйылады, қатады, аз ериді.

4. Оттек тыныс алуды қолдайды.

5. Тіршілік көзі.

6- оқушы. Композиция

Интерактивті тақтамен жұмыс.                       

Оттегі мен озонның қасиеттерін салыстыра отырып кестені толтыру

Реті

Заттың қасиеттері

Оттек

Озон

1

2

3

4

5

6

Агрегаттық күйі

Түсі

Иісі

Суда ерігіштігі

Қайнау температурасы

Тотықтырғыштық қасиеті

 

 

 

Термохимиялық реакция теңдеулерін нешеге бөлеміз?

Мысалдар келтіріңдер.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар «Пирамида» ішіндегі элемент таңбаларын пайдаланып, оксидтердің формулаларын құрастыру керек.

Дұрыс әрі ең көп оксидтердің формуласын құрастырған оқушылар бағаланады.

Бекіту. ББҮ кестесін толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Қорытынды.

Тіршілік үшін ең қажетті өмір өзегі-ауа.

Болмасын ауа ешкімнің арман- мұңы,

Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы,кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні?!

Үйге тапсырма.

«Оттегі- тіршілік көзі» тақырыбына мәнжазба жазу.

Оқушыларды бағалау оттегі элементін жинаумен жүргізіледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оксидтер
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Оттектің табиғаттағы айналымы. Қолданылуы
ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары
Оттек. Оксидтер. Жану
Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Хлордың оттекті қышқылдары . Йод
Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.
Оттек.Оксидтер. Жану
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 15283 | Қосты: Жадыра Нурмаганбетова Жаксылыковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык