Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алгоримт және оның қасиеттері


Алгоримт және оның қасиеттері

Алгоримт және оның қасиеттері

Сабақ атауы

Алгоримт және оның қасиеттері

Жалпы мақсаттар

Оқушыларды алгоритм ұғымымен, өмірде кездесетін алгоритмдер мысалдарымен, есепті шешудің алгоритмдік тәсілдерімен, алгоритмдердің қасиеттерімен таныстыру.

Технологиялық ойлау қабілетін дамыту.

Жауапкершілікке, өзіне деген талапшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

Алгоритм ұғымын, алгоритмдер қасиеттерін білулері қажет. Алгоритм қасиеттерін ұстана отырып, алгоритмдерді құрастыра, алгоритм қасиеттерін ерекшелей білулері керек.

Негізгі идеялар

Алгоритм – математиканың, программалаудың бастапқы ұғымдарының бірі. Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешімін, яғни, ізделініп жатқан нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын іс-әрекеттер тізбегінің дәл және түсінікті сипаттамасы. Алгоритм сөзінің пайда болуы ұлы математик Мұхаммед әл-Хорезмидің атымен байланысты.Алгоритм командалардан тұрады. Алгоритм атқарушысы адам, компьютерлер, автоматтар, тұрмыс техникасы, роботтар орындайды. Атқарушы орындай алатын командалар жиынтығы алгоритм атқарушысының командалар жүйесі деп аталады. Алгоритмнің қасиеттері: түсініктілік, дискреттілік, анықтылық, нәтижелілік, жан-жақтылық.

Дереккөздер

Информатика, 9-сынып оқулығы. Тапсырмалары бар үлестірмелі қағаздар.

Ұйымдастыру (3’)

Амандасу, сабақта жақсы жұмыс істеуге бағыттау.

Тапсырма (1’)

«Иә-Жоқ» кестесінің үшінші бағанын толтыру.

Мәтінді оқу (5’)

Оқушылар мәтінді өз беттерімен оқып, INSERT әдісімен белгілейді. Содан соң түсінбеген мәтін бөліктері бойынша мұғалімге сұрақтар қояды.

Тарихқа саяхат (3‘)

Алдын ала дайындалып келген оқушы баяндама оқиды.

Топқа бөліну (2’)

Оқушылар жемістер мен жидектер атаулары жазылған үлестірмелі қағаздарды таңдайды және соған байланысты екі топқа бөлінеді.

Тапсырма (5’)

Екі топқа алгоритмдерді құрастыруға байланысты есептер беріледі. Топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Тапсырма (10’)

Екі топқа РАФТ стратегиясы бойынша тапсырма беріледі. Бір топ мектептегі еден жуушы апайдың атынан оқушыларға хат жазады. Екінші топ қыздың басындағы бантиктің атынан сол қызға айтқан сөзін монолог түрінде жазады.

Тест (6’)

Тест қорытындысы тақтада автоматты түрде шығады. ActiVote құрылғылары пайдаланылады.

Тапсырма (1’)

«Иә-Жоқ» кестесінің төртінші бағанын толтыру.

Қорытындылау (5’)

Үйге тапсырма. Дидактикалық материалдар жинағындағы 25-беттегі сөзжұмбақты шешу.

Бағаларды қорытындылап, журналға жазу.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.
“To be’’ етістігінің қолданылуы.
Алгоритмді жазу үлгілері
Алгоритмдеу және программалау Алгоритм және оның қасиеттері
Алгоритмдерді алгоритмдік тілде кескіндеу
Алгоритм және оның қасиеттері
Алгоритмдi беру түрлерi. Блок-схема.
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Алгоритм түрлері. Сызықтық және тармақталған алгоритмдер.
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 1942 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык