Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Графиктік процедуралар


Графиктік процедуралар

Графиктік процедуралар

Сабақтың тақырыбы: Графиктік процедуралар

Сабақтың  мақсаты:  

Оқушыларды Паскаль тілінің мүмкіндіктерімен таныстыру

Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде  мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат беру;

Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат бере отырып оқушылардың Паскаль  тіліндегі алған білімдерін дамыту;

Оқушылардың зейінін Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгеруге аудару, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Оқыту әдістері: СТО әдістері, жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі: ноутбук, оқулық, слайд, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, геометрия

Күтілетін нәтиже:

ü  Паскаль тілінде графикалық режимді қосу

ü  Паскаль тілінде геометриялық фигураларды кескіндеу

ü  Графикалық процедураларды қолданып сурет салу

Не арқылы бағаланады:

ü  Паскал тілінің графикалық режимін меңгереді

ü  Паскальда фигураларды сала алады

ü  Сурет салу, жазуды паскальда меңгереді

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру (5 мин)

o   Оқушыларды түгелдеу, олардың көңілін сабаққа аудару

o   Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру

o   Оқушыларды «Шаршы»,  «Шеңбер» топтарына бөлу

Үйлестірме қағаздарда фигуралардың суреті болады(төртбұрыш, түзу, шеңбер, доға, эллипс, нүкте). Төртбұрыш, түзу, нүкте таңдаған оқушылар бір топқа, «Шаршы» тобына топтасады, ал шеңбер, доға, эллипс таңдаған оқушылар екінші топқа, «Шеңбер» тобына топтасады.

  1. Қызығушылықты ояту (5 мин)

Білемін, Білгім келеді, Үйрендім кестесін толтыру.

Графика туралы не білеміз?

  1. Мағынаны тану (25 мин)

Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық ақпараттарды енгізу, шығару,және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық ақпаратты енгізу үшін – сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.

Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland               International фирмасы СRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.

Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.

Графикалық режимде графикалық нүктелердің өзінің «координаталар жүйесі» енгізіледі.

Графикалық режимді алғаш рет іске қосу (инициализациялану) үшін INITCRAPH («драйвер», «режим», «жолы» ) процедурасы қолданылады. Мұндағы, «драйвер» - графикалық драйверге арналған integer типті айнымалы, «режим» - адаптердің жұмыс режиміне арналған integer типті айнымалы (тағайындалатын графикалық режимінің нөмірі), жолы – графикалық драйвердің файлына баратын жолды көрсететін string типті өрнек.

Графиктік режимнен шығу үшін Closegraph процедурасы пайдаланылады.

MoveTo (X,Y:integer) – процедурасы курсорды көрсетілген координатаға орналастырады;

SetBkColor процедурасы

SetBkColor процедурасы фон түсін орнатады.

Процедуражазылуы:

Procedure SetBkColor (Color:Word);

Мұндағы Color - фонныңжаңатүсі.

Фонтүсітерезеүшінемес, экрантүсінөзгертугеберіледі. Фонды өзгерту кодтары 0-15 аралығында болуы тиіс.

Мысалы:

SetBkColor(2);

немесе SetBkColor(Green);

Берілгенмысалкөмегіменэкранфоныжасылтүскеөзгертіледі.

SetСоlоr процедурасы

Бейнеленетін символдар мен түзулердін түсін орнату процедурасы. SetСоlоr процедурасының жалпы жазылуы:

SetСоlоr (Со1оr:Wогd);

Мұндағы Соlоr - ағымдағы түс.

Мысалы:

SetСоlоr (1); - экранға бейнелер көк түске боялып шығарылады.

SetFillStyle процедурасы

SetFillStyle боялу түсін және ңұсқасын анықтайды.

Процедураныңжазылуы:

Procedure SetFillStyle(Pattern:Word;Color:Word);

   Мұндағы: Pattern   -   толтыру   ңұсқасы (төмендегікестедекөрсетілген);

SetLineStyle процедурасы

SetLineStyle түзудің жана түрін белгілейді.

Процедураныңжазылуы:

Procedure SetLineSryle(Type,Pattern,Thick:Word);

Мұндағы: Туре - түзу типі (кесте);

Pattern - түзу түpi; 

Thick - түзу қалындығы.

FloodFill(x, y : integer; Border : Word)- ағымдағы түспен тұйық фигураны бояу;

OutTextXY(x, y : integer: TextString : string)- көрсетілген нүктеден текст шығару;

Ақпараттық диктант.

Аталған фигура және процедураларды программалау тіліне аударып (ағылшын тілінде), сауатты жазыңдар.

1. Түс, 2. Нүкте, 3. Түзу (сызық), 4. Тіктөртбұрыш, 5. Іші боялған тіктөртбұрыш, 6. Шеңбер, 7. Экранның фонының түсі, 8. Фигура жиегінің түсі, 9. Тұйық облыстың үшін бояу, 10. Эллипс, 11. Доға, 12. Берілген орнынан (позициядан) бастап экранға мәтін жолын шығаратын процедура.
(Color, PutPixel, Line, Rectangle, Bar, Circle, SetBkColor, SetColor, FloodFill, Ellipse, Arc, OuttextXY)

Практикалық  жұмыс

«Шаршы» тобы таңдаған фигураларын пайдаланып(төртбұрыш, түзу, нүкте) үйдің суретін паскальда салу;

«Шеңбер» тобы таңдаған фигураларын пайдаланып(шеңбер, доға, эллипс) аққаланың суретін салу.

program syret;

uses Graph, Crt;

var graphdriver,graphmode:  integer;

begin clrscr;

initgraph(graphdriver,graphmode,’c:\tp\bgi’);

readln;closegraph;end.

Ой-толғаныс (5 мин)

Инсерт кестесінің(ББҮ) 3 - ші бағаны («Үйрендім») толтырылады.

Оқушылардың бүгінгі сабақта нені меңгергендерін толтырады.

Сабақты қорытындылау, бағалау (4 мин)

Сабақ соңында бүгінгі өткен тақырып бойынша, оқушылар паскаль тілінде қалау сурет салуға болатындығын меңгеріп шығады.

Оқушыларды сабаққа белсене қатысуларына, сұрақтарға жауап берулеріне, тапсырмаларды орындауларына байланысты бағалау.

Үйге тапсырма (1 мин)

«Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар» тақырыбын оқу. Мәтіні бар сурет салып, программасын жазу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Графиктік режім. Графикалық объектілерді программалау
7 -8 сабақ жоспарлары Paint, Word, Excel
Paint графикалық редакторының құралдары
Ұяшықтарды қосу, өшіру, біріктіру. Word редакторының графикалық мүмкіндіктері
Графикалық объектілерге мәтін енгізу
Информатикадан тақырыптық күнтізбелік жоспар 9-сыныпқа арналған
Графикалық операторлар. Бояу шаблондары. Боялған фигуралар салу
Паскаль – бағдарламалау тілі
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 11403 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык