Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызықты грамматика


Қызықты грамматика

Қызықты грамматика

29.01.2014

3-күн

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Қызықты грамматика (Қайталау сабағы)

Сілтеме

 

Оқулық. 11-сынып қазақ тілі

Ж.Дәулетбекова Қ.Рай Ш.Есмағанбетова

Жалпы мақсаты

 

Оқушылардың грамматика тарауынан алған теориялық білімдерін саралап, жинақтау.

Оқыту нәтижесі

 

Грамматика саласының өзіндік ерекшеліктерін, сөз таптарының айырмашлықтарын ұғынады. 

Негізгі идеялар

 

Оқушылардың сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден сақтандыру, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.

Дереккөздер

 

Оқулық, қосымша деректер

Тапсырмалар

 

 

  1. Ұйымдастыру 
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Тапсырмалармен жұмыс
  5. Сандар сиқырын аш
  6. Сәйкестендіру кестесі
  7. Зерделі сұрақ, дәлелді жауап
  8. Сабақты қорытындылау.

Кейінгі тапсырмалар

 

 

Көркем әдебиеттен 5 сөйлемге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

 

Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасып, түрлі-түсті қиындылар арқылы топқа бөлу.           (1-топ Морфология, 2-топ Синтаксис) Сондай-ақ сарапшылар алқасы мен бағалау критерийлерімен таныстыру. Сарапшылар алқасы: Жолдасова Мадина, Бакетова Назерке, Жалғасбай Шолпан.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

«125 балл кімге бұйырады?» тақырыбында оқушыларға тест сауалдары қойылады.

Жауаптары: 1 с, 2 б, 3 д, 4 в, 5 а, 6 с, 7 с, 8 д, 9 в, 10 с, 11 д, 12 а, 13 с, 14 в, 15 д.

 

Жаңа сабақ.

Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыз жоғары оқу орнына түсуші абитуренттермен тікелей қатысты болмақ. Ол сіздердің сабаққа қатысып, берген жауаптарыңыздың аясында белгілі болады. Сабағымызда белгіленген 5 кезең бар. Олар:

  1. ҰБТ сынағын тапсыру
  2. Оқу орнын таңдау.
  3. Қабылданған оқу орнына барып құжаттарын тапсыру.
  4. Мамандықтары бойынша белгіленген топтарға бөлу.
  5. Оқуға қабылданға студент.

 

      Жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін төмендегі мәтінге назар аударайық.

«Бұл отбасында өздері әдемі, инабатты, ибалы Морфология және Синтаксис деген екі қыз болыпты. Олар өздерінің көрші достары сөйлем мүшелерімен тату-тәтті, араларынан қыл өтпейтін достар еді. Міне, осындай достықтарының арқасында сөйлем мүшелері «Қазақ тілі» қоғамының белді бір мүшелігіне сайланды. Ал бүгін араларына бастауыш пен баяндауыш та қосылды. Мақсаттары: достардың арасындағы ынтымақтастық, тіл проблемаларын көтеру болды. Осы бастауыш пен баяндауыштың мақсаттарын іске асыру үшін олар өз алдына үлкен «қазақ тілі» қоғамының бір ұйымы болып тағайындалды. Енді сіздер осы айтып отырған қыздар қай отбасының мүшелері? (Грамматика)»

 

ІІ. Оқу орындарын таңдау.

Белгіленген университтерге оқуға қабылдану үшін оған берілген тапсырмаларды орындасақ.

  1. Назарбаев зияткерлік университетінде жасырылған сұрақ.
  2. Морфология дегеніміз  не? Сөз таптары туралы түсінік.
  3. Зат есім, түрлері, жасалу жолдары.
  4. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Мұз алаңының үстінде қалың қамыс төсеп, қырықтаған адам қазанды қоршай отыра қалдық.

 

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жасырылған сұрақ.

  1. Сын есім, түрлері, жасалу жолдары, шырайлары.
  2. Есімдік, түрлері.
  3. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Абайдың жаңа Некрасовты аузына алғаны тегін емес болатын. 

 

3. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде жасырылған сұрақ.

1. Жақты сөйлем дегеніміз не?

2. Тура толықтауыш дегеніміз не?

3. Сөздердің байланысу түрлері

4. Сөйлем дегеніміз не?

5. Бастауыш дегеніміз не?

6. Сөздердің байланысу тәсілдері

 

  1. КБТУ жасырылған сұрақ.

1. Көсемше қандай сөз табының ерекше түрі?

2. Деректі, дерексіз зат есімдерге мысалдар келтір.

3. Өздік етістің жұрнағы.

4. Үстеу дегеніміз не?

5. Одағайдың түрлері.

6. Болымсыз етістіктің жұрнақтары.

 

ІІІ. Оқу орындарына құжаттарын тапсыру.

«Сандар сиқырын аш»

Қазақ тіліндегі 2, 3, 4 және 7 сандарына байланысты ұғымдарды атаңдар.

Мысалы, 2 – жалқы және жалпы есім; жұрнақ және жалғау; салт және сабақты етістік; т.б.

2- негізгі түбір, туынды түбір.

2- қайталам қос сөздер, қосарлама қос сөздер.

2 – дара, күрделі,

2- сапалық, қатыстық.

4 –көптік, септік, тәуелдік, жіктік

7-септік.

3- шырай салыстырмалы, күшейтпелі, жай

3-жедел, бұрынғы, ауыспалы өткен шақ.

7- жалақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы.

4- сөз тіркесінің байланысу түрлері.

 

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

1.Нұрлан мен Павел мінген машина аэродромға баратын жолдың үстінде жұлдыздай ағызып келеді.

2. Қорадан үшеу ғана болып шыққан Бейсендер тобына жолдан адамдар қосыла берді.

 

Оқушыларға топқа бөлу. (Туған күндеріне байланысты бөлу)

 

Бірінші бағанға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет.

А. Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.               1) ыңғайлас салалас

В. Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.                   2) қарсылықты салалас

С. Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар.               3) кезектес салалас

 

Бірінші бағанға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет.

А. Қиысу           1) баланың добы

В. Матасу          2) бала келді

С. Жанасу         3) әдейі келді

«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» («келісемін», «келіспеймін»)

Мысал

Ереже

1. Алпамыс батыр, Ақан сері, Біржан сал.

2. Менің арзан сөзді айтқым келмеді.

3. Бұл істің шындығын не көзімен көрген          айтар немесе құлағымен естіген айтар.

4. Олар үйге жеткен соң, әңгіме де үзілді.

5. Әр сыныптың есігі ашылып, оқушылар тысқа шығып жатты.

6. Жеке бастың ісіне көпшіліктің ісін айырбастауға болмайды, сондықтан бұл пікірден қайтуыңды өтінемін.

Оңашаланған айқындауыш

Жалаң сөйлем

Талғаулы салалас

Аралас құрмалас

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

Себеп-салдар салалас

 

Қорытындылау

Абитуренттің студент болып қабылданған сәті. Осы негізде студенттің  оқу бітіргендегі өзінің маман ретіндегі көзқарасын анықтау мақсатында постер қорғайды.

Үйге тапсырма.

Көркем әдебиеттен 5 сөйлемге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.

Бағалау.

Бағалау критерийі.

           1. Теориялық білім деңгейі                 23-25 – А

  1. Практикалық білім деңгейі             20-22 – А-
  2. Құқықтық білім деңгейі                  16-19 – В+
  3. Коммуникативтік дағды                  13-15 – В
  4. Аралық бақылау                               12-14 – В-

10-12 – С+

8-10 С

6-8 С –

2-4 Д

Рефлексия

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Есімшеден өткенді қайталау
Себеп- салдар салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас
Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Мақсатты келер шақ Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Деңгейлік тапсырма
Лексика
Сөздердің байланысу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6822 | Қосты: Жандалиева Нұргүл Даукенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык