Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Буын түрлерінен өткенді қайталау


Буын түрлерінен өткенді қайталау

Буын түрлерінен өткенді қайталау

«Туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ

Ашық сабақ

Дауыссыз  дыбыстарды қайталау

5  «А»  сыныбы

Қазақ тілі мен

әдебиеті мұғалімі

Г.С.Давледбаева

Павлодар қ.

Буын түрлері.(5 а- сынып.) Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлерінен өткенді  қайталау

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 

а) оқушылардың зейінін тұрақтандыру.

Сл.3

Психологиялық дайындық. Слайд «Күн»

-Балалар, слайдта   ненің суреті шықты?

 - Күннің!

- Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

-Осы күннің шуағы бізге де түсіп тілек жолдапты.

-Сондықтан, қолдарыңыздан ұстап, слайдта жазылған тілекті оқып шығыңдар.

Сл. 4

Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос!
Міне – менің қолым!

Қайырлы күн, достым,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын!

-Бүгінгі сабағымыз да ерекше,бізге қонақтар келіпті.

«Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады»-демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.Сендердің білімді де, зерек оқушы екендеріңе куә болсын!

-Менде сендерге сәттілік тілеймін!

- Жақсы, үй жұмысына не берілді? Кім айтады?

- Буын түрлерінен өткенді  қайталап келу

Сл.5 - 6

І. Қайталау – оқу анасы

- Буын деп нені айтамыз?

-Жақсы, тағы да бастапқы сабағымызда біз буын нені білдіреді деп едік?

- Адам мен жануарлардың аяқ, бақай, тiзе, жiлiк т.б. қозғалмалы түрде жалғасқан жерi.

Сл.7

Буының негізгі белгілері:

1) Дауысты дыбыссыз Буын болмайды;

2) Жалғыз дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.).

3) Бір Буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп);

4) Буында мағына болмайды;

Сл.8 Буынның түрлерін ата?

Сл.9 Ашық буын деп нені айтамыз?

Сл.10 Тұйық буын деп нені айтамыз?

Сл.11 Бітеу буын деп нені айтамыз?

Сл.12

- Бүгінгі күнді жазамыз: Ақпанның он тоғызы. Сынып жұмысы.Буынның түрлерінен өткенді қайталау.

ІІ. Кітап- досың , ақылшың

Қазір   оқулықтарымызды  ашамыз

  1. 307 – жаттығу. Аралас буынды сөздерді теріп жаз.

Сл.13

Семантикалық  картаны  № 1  толтыр.

Сөз

Буын

Ашық

 Тұйық

 Бітеу

Сл.14

Сергіту сәті.

/Б.Бөрiбаев/«Сөз ойла,тез ойла»

Сл.15

 Тапсырма «Ойлан, тап!»

1

2

3

4

5

Қант

Отан

Қазақстан

Кәсіпорын

Адамгершілік

Сл.16

 1. Білімді мыңды жығар (дәптермен жэұмыс)

Сл.17-18-19

 Сабақты қорыту. Тест

1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?

А) өз-ен                ә) ө-зен                 б) ө-зе-н

2. Дұрыс тасымал жасалған сөзді табыңдар:

А) сыз-ғыш                          ә) сы-зғыш                           б) сызғ-ыш

3. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

А) оқыу                ә) оқу                    б) оқұу

4. «Шығармашылық» деген сөзде неше буын бар?

А) 4                        ә) 3                         б) 5

5. «Саусақ»деген сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар?

А) 3 буын, 3 дауысты дыбыс        ә) 2 буын, 

2 дауысты дыбыс Б) 2 буын, 3 дауысты дыбыс

6. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.

А) та-уық                             ә) тау-ық                              б) т-ау-ық

7. Артық сөзді тап.

А) қайық                              ә) дауыл                              б) оқушы

8. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.

А) а-уы-рып                        ә) ау-ыр-ып                         б) а-уыр-ып

9. Дұрыс жазылған сөзді тап

А) силады                           ә) сыйлады                         б) сыйылады

10. Тұйық буынды сөзді тап

А) жаңбыр                          ә) жетпей                             б) ант

Сл.20

 Бекіту кезеңі

Буын Топтастыру жұмысы:

Бағалау кезеңі.

Үйге тапсырма: 308 – жаттығу.

Білімді мыңды жығар

Тапсырма «Ойлан, тап!»

Отан, қант, Қазақстан, қанағатсыз, талапкер, егемен, жасампаз, ел,  талапты, құмырсқа,  кәсіпорын, сүт, қамқоршылық, Қызылорда, адамгершілік, сүтқоректі,  қиын,  иық,    серт, кеден

1

2

3

4

5

 

Тест

  1. Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?

А) өз-ен                     ә) ө-зен                       б) ө-зе-н

2. Дұрыс тасымал жасалған сөзді табыңдар:

А) сыз-ғыш               ә) сы-зғыш                 б) сызғ-ыш

3. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

А) оқыу                     ә) оқу              б) оқұу

4.Шығармашылық  деген сөзде неше буын бар?

А) 4                ә) 3                  б) 5

5. «Саусақ» деген сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар?

А) 3 буын, 3 дауысты дыбыс          ә) 2 буын,  2 дауысты дыбыс Б) 2 буын, 3 дауысты дыбыс

6. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.

А) та-уық                   ә) тау-ық                    б) т-ау-ық

7. Ашық буынды сөзді тап.

А) қаладан                 ә) дауыл                     б) оқушы

8. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.

А) а-уы-рып              ә) ау-ыр-ып               б) а-уыр-ып

9. Дұрыс жазылған сөзді тап

А) силады                  ә) сыйлады                б) сыйылады

10. Тұйық буынды  сөзді тап

А) жаңбыр                 ә) бала                        б) ант


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын түрлері 5-сынып
Буын түрлері
Буын
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Ашық буын
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша
Буын Тасымал
Буын және тасымал
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2667 | Қосты: Давледбаева Гуляйм Сояновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык