Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есім



Сан есім

БҚО

Теректі ауданы

Подстепное ауылы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Э.А.Узбекова.

Пәні: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз таптары  туралы  білімдерін шыңдау,  сан есім туралы  ұғымдарын жетілдіру , сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы  сөз таптарын   шатастырмай ажырата білуге үйрету,  қатесіз, көркем жазуға баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың суреттер, сұрақ -  жауап арқылы сөздік  қорын, тіл байлығын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды  айтылған  сөзге сұрақ  қоя білуге  және  ол сөзге  нақты  жауап қайтара білуге, жауапкершілікке, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, ассоциация, Венн диаграмасы.

Сабақтың түрі:

Көрнекілігі:  Сан есімнің ережесі, суреттер, сөзжұмбақ, Венн диаграмасы, саңырауқұлақтардың суреті.

Сабақ барысы

І. Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

ІІ. Мағынаны тану. Сөзжұмбақ шешу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

е

 

 

 

 

 

 

 

с

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

і

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

м

 

 

 

 

 

 

 

1) 800:100 = 8                2)2000:100= 20                   3)1000-10 = 90  

4)5000:1000= 5   5) 360:6 = 60   6)240-238 = 2                         7)1000:1 = 1000

Ойлан тап! Кестенің бірінші әрпімен бастап  тігінен оқысаңдар Сан есім  деген сөз шығады.  Біз өткен сабағымызда сөз таптарымен таныстық. Сол  «Сөз таптары» деген атайдың  Зат есім, Етістік, Сын есім деген балаларын бөлек шығарған едік.

Сөз таптары

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Енді бүгін Сан  есім деген баласын  бөлек шығарамыз. Сондықтан біз Сан есіммен танысамыз.

ІІІ. Көркем жазу минуты.

Дәптерімізді ашайық ,

Қолға қалам алайық .

Салақтықтан қашайық ,

Көркем етіп жазайық.

Тоғыз, тоқсан, төрт, тоғыз жүз тоқсан төрт.

IV. Оқулықпен жұмыс

1 – жаттығу

1.Өлеңді оқып, сұраққа жауап бер.

Он саулықтың ақпанда

Егіз туды жетеуі.

Қырға көшіп жатқанда

Жалқы туды екеуі.

Тағы да бір тұсақ бар,

Қысыр қалды ол бірақ та.

Біздің үйде ұсақ мал

Жетті қанша тұяққа?

2. Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.

3. «Егіз», «жалқы» деген сөздерді қандай санмен алмастырып айтуға болады?

4.қойды жасына қарай қалай атайды?

 2 – жаттығу

1.Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз.

Үш... күн, екі... орын, тоғыз... вагон, жиырма сегіз... пәтер, алты... үй.

2. Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтардың астын сыз.

V. Сергіту сәті

1, 2, 3 – қарлығаш болып ұш.

4 , 5, 6, – қарлығаш болып шалқы

7,8, 9, 10 – қарлығаш болып қон!

VІ. Оқулықпен жұмыс

3 – жаттығу

1.Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жаз.

2. Сөйлемдердегі сан есімдердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.

VІІ.  « Кім тапқыр?» ойыны

Зат есімдер: қалам, сабақ,  Бекзат, күшік, адам, жұлдыз, Қазақстан, шахмат.

Етістіктер: Биледі, сырғанау, отыр, жазды, келді,  келе жатыр,  биледі, аралау

Сын есімдер: Сары, қызыл, ақылды, жуас, үлгілі, әдемі, ашуланшақ, кең

Сан есімдер: мың, жүз тоғыз, бесінші, үшінші, отыз алты , үш

4-жаттығу

1.Мәтінді оқы, сандарды сөзбен  жаза отырып көшір.

Шапшаң ұшатын ұшақ.

Мәскеу мен Алматының арасы 4000 километр шамасында. Бұрын бұл екі арада кейбір ұшақ 12 сағат, кейбірі 8 сағат ұшатын еді. Қазір шапшаң ұшатын үлкен ұшақтар жасалды. Олар Мәскеуден Алматыға 180, кейбірі 300 жолаушысымен 3-4 сағатта келіп қонады.

2.Сан есімнің қандай сөзге қатысты екенін сызба арқылы көрсет.

VIII. Көңілді шумақтар

1 – бір

Же1  екен  1қазан:               Жебір  екен  бірқазан: 

Кей1 жемді  1қазан              Кейбір жемді  бірқазан

1 – ақ сәтте қойды жеп.       Бір – ақ сәтте қойды жеп

Кү1  етті,                               Күбір  етті,

«Тойдым», - деп.                 «Тойдым», - деп.

Естіп  1  кез  дү1ді,               Естіп  бір  кез  дүбірді,

Жағадағы тү1ді                     Жағадағы түбірді

Паналауға жүгірді.          Паналауға жүгірді

  1. Піл к3ті                    Піл күшті

      Піл к3ті емес           Піл күшті емес

            Тіл к3ті.                   Тіл күшті.

  1. 6н балдақ қол сәні,       Алтын балдақ қол сәні,

Әшекей т10 сәні.          Әшекей тон сәні.

  1. 4еу түгел болса, төбедегі келер,   Төртеу түгел болса, төбедегі келер, 6ау ала болса, ауыздағы кетер.      Алтау ала болса, ауыздағы кетер.

IХ. Сабақты бекіту.

Тест тапсырмалары.

  1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?

А) Сын есім              Ә) Сан есім              Б)Етістік              В) Зат есім

2. Мына сөздер қай сөз табына жатады: Бес, жеті, отыз төрт 

А) Сын есім              Ә) Сан есім              Б)Етістік              В) Зат есім

3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады?

А) Сын есім              Ә) Сан есім              Б)Етістік              В) Зат есім

4. Мына сөздер қай сөз табына жатады: қара, қоңыр, таза, ұқыпты

А) Сын есім              Ә) Сан есім              Б)Етістік              В) Зат есім

5. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?

А) – лар                    Ә) – лер                    Б) – дар                В) – тер

6. Жалқы есімді тап.

А) сырға                   Ә) асық                    Б)Ақтөбе              В) қалам

7. Жалпы есімді тап.

А) Қазақстан            Ә) қасық                  Б)Ақтөс                В) Елек

8. Күрделі етістікті тап.

А) ойнады                Ә) жазды                 Б)келді                  В) бара жатыр

9. Заттың ретін білдіретін сан есімді тап?

А) он                       Ә) жиырма екі          Б)екінші                В) бес жүз

10. Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет?

А) үшеу терезе       Ә) екі  түйе              Б)қақпаға алтышы               В) алтау дәптер

Үйге тапсырма: 5 – жаттығу

Төмендегі сөздерге тиісті сөзді тіркеп жаз. Сан есімнің астын сыз.

Бір шымшым        айран

Бір жайым                су

Бір шөкім                 өлең

Бір салым                 бұлт

Бір асым                   шай

Бір жұтым                ет

Бір ұрттам                қамыр

Бір ауыз                   тұз

Х. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Сан есім
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз таптары
Сан есім
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Сан есім
Зат есім
Сан есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3506 | Қосты: Э.А.Узбекова. | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык