Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Барыс септік


Барыс септік

Барыс септік

Айбасова Күміс Маралқызы

Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Хромтау ауданы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбыБарыс септік

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік: барыс септігі туралы (сұрақтары, жалғаулары) туралы мағлұмат беру, сөйлемде етістіктен болған мүшемен тікелей байланысатынын, толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқаратынын түсіндіру, зат есімнің септелуі туралы білімдерін жетілдіру;

Дамытушылық: оқушылрадың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сауаттылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.

Әдіс-тәсілдер: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ойландыру, ойын

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд

Сабақтың барысы:

І  Бағадарлау-мотивациялық кезең

1.1.    Амандасу

-  Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз еркше болмақ. Қане, өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақ несімен ерекше?  (Балалардың жауабы)

- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біздің бұл сабағымызға келем деушілерге есігіміз ашық, яғни бұл – ашық сабақ. Олай болса «Сәлем – сөздің анасы» деген мәтелді ескеріп, ең алдымен амандасып алайық (5-слайд)

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

1.2.     Психологиялық дайындық

- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? Иә, біз Қазақстан деп аталатын тәуелсіз, үлкен мемлекетте тұрамыз. Сендер - осы мемлекеттің азаматысыңдар, еліміздің болашағысыңдар. Елбасымыз Н.Назарбаев «Еліміздің болашағы білімді ұрпақ қолында» деп сендерге зор үміт артып отыр. Себебі еліміздің ертеңі келешекте сендердің қандай адам болатындарыңа байланысты, ал сендердің болашақтарың қазіргі алған білімдеріңе байланысты. Яғни сендер келешекте мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосамыз десеңдер жақсы білім алуларың керек. Ол үшін сабақты жақсы оқуларың керек. Біздің мемлекетіміздің жері кең-байтақ. Сендер бүгінгі алған білімдерің арқылы осы жеріміздің, еліміздің гүлденуіне үлес қосасыңдар. (6,7-слайдтар)

1.3.     Тірек білімдерін белсендіру (8-слайд)

  1. Морфология нені зерттейді?
  2. Зат есім деген не?
  3. Зат есімнің септелуі деген не?
  4. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап беріңдер.
  5. Атау септігі
  6. Ілік септігі

1.4.    Жаңа тақырыппен таныстыру

      Сөйлемдердегі қарамен жзылған сөздердің түбірі мен жалғауын тапқызып, сұрақтар қойғызу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сөйлем мүшелеріне талдап, барыс септіктегі сөздердің қай сөйлем мүшесі екенін анықтау. (9-слайд)

Абай кітапханаға барды. Марат Ерболға сыйлық берді. Анам кесеге сүт құйып берді.

Талдаудан қортынды шығару (10-слайд):

  • Барыс септіктің сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
  • Барыс септіктің жалғаулары: -ға, -ге, -қа –ке
  • Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған мүшелермен байланысады.
  • Сөйлемде толықтауыш (Кімге? Неге?), пысықтауыш (Қайда?) қызметтерін атқарады.
  • Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байланыстырып тұрады.

ІІ  Операционалдық-орындаушылық кезең

2.1. Оқулықпен жұмыс

    3-жаттығу. Мәтіннен ілік, барыс септіктегі сөздерді тауып, өздері байланысқан сөздерімен теріп жазу.

     Омар Есіл өзенінің жағалауынан сауысқанның балапанын тауып алды. Ол балапанды үйге алып келді. Балапнға нанның үгіндісін берді. Омар балапанды тауыққораға орналастырды. Балапан ауладағы итпен де достасты. Ол әуелі тауықша қыт-қыттап, ал кейін итше үретін болды. Ит балапанға үйді күзетуді үйретті. Бір күні басқа сауысқан балапанды шықылықтап шақырды. Ит сауысқанға үріп, оны үркітіп жіберді.

Өзеннің жағалауынан, сауысқанның балапанын, үйге алып келді, балапанға берді, тауыққораға орналастырды, балапанға үйретті, сауысқанға үріп.

2.2Мәтінмен жұмыс

Асқардың күшігі

Бір күні көкесі Асқарға қара ала күшік алып келді.Асқардың қуанышында шек болмады. Ол күшікке ат қойғанша асықты. Асқар күшігін Ақтөс деп атағанды жөн көрді. Күшікке сүт құйып берді. Күшігі сүтке тойып алып ұйқыға кетті.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің септігін анықтау (13-слайд)

2-тапсырма. Көп сөздердің орнына тиісті сөздерді қойып жазу, сол сөздің түбірі мен жалғауын ажырату. (15-слайд)

1.Көкесі Асқарға ... алып келді. 2. ... қуанышында шек болмады. 3. ... сүт құйып берді. 4. Күшігі сүтке тойып алып, ... кетті.

Сергіту сәті (17-слайд)

Аспанды бұлт торлады,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақта жамылып,

Бұға қалды көбелек.

2.3. Топтық жұмыс (18-слайд)

1-топқа тапсырма: Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Аяғы жерге тимеді, көзге түртсе көргісіз,шаттыққа бөленді.

2-топқа тапсырма: Берілген суреттердегі зат есімдерді барыс септік күйінде қатыстырып сөйлем құрап жазу.

2.4. Көру сынақхаты (20-слайд)

Оқушылар тақтадағы тыйым сөздерді оқып, талдап, сонан соң қарамай жазады.

Нанды жерге тастама. Атқа теріс мінбе. Суға түкірме. Үйге қарай жүгірме.

ІІІ  Рефлексиялық-бағалау кезеңі

3.1. «Сақ бол, жаңылма» ойыны 

    Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Олардың ортасында тұрып, бір сөз айтып, балалардың біріне доп лақтырамын. Допты қағып алған бала

 Сол сөзге барыс септігінің жалғауын жағап, допты кейін лақтыралы.

3.2. Оқушылар өзін өзі бағалау парағы бойынша жинаған ұпайларын есептеп, өз бағаларын қояды. 27-30 ұпай – «5», 21-26 ұпай – «4», 15-20 ұпай – «3».

ІҮ  Үйге тапсырма (23-слайд)

  1. 5-жаттығу. 93-бет (міндетті тапсырма)
  2. Барыс септіктегі сөздері бар мақалдар жазу.
  3. Барыс септік туралы ертегі жазу.       (өз қалауымен орындайтын  тапсырмалар)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ілік септік
Көмектес септік
Шығыс септік
Барыс септік
Зат есімнің септелуі
Нәтиже сабақ Менің Отаным
Зат есімнің септелуі
Септіктер, 4-класс
Көмектес септік 4 сынып
Барыс септік
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 30378 | Қосты: Айбасова Күміс Маралқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык