Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі


Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

Атырау облысы. Құрманғазы ауданы

С.Н.Имашев атындағы орта мектебі. Математика –физика пәні мұғалімі Харисова Рауила

Физика   10 сынып

Сабақтың тақырыбыИдеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды идеал газ ұғымымен таныстыру, молекула-кинетикалық  теориясын мағынасын ашып көрсету, МКТ-ның негізгі теңдеуін түсіндіру.

2.  Ыдыс қабырғасына  түсірілген  газ қысымы қандай шамаларға тәуелді екендігін  түсіну, білу

3 . МКТ негізгі теңдеуіне кіретін шамалардың газ қысымы өзгергенде қалай өзгеретіндігін көрсету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және танымдық және есеп шығару қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа,зерделілікке баулу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау,проблемалық іздеу,өз бетімен жұмыс

Көрнекілігі: үлестірмелі таратпалар,  слайд, сызғыш

Күтілетін нәтижелер:1.Оқушылар МКТ-ның негізгі теңдеуі  туралы білім алады.

2.Өз беттерімен формуланы қорытады.

3. Формуланы қолданып, есептер шығара алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау / «Сәйкестігін тап /  

1. Молекулалар үлкен жылдамдықпен қозғалады

2. Дене пішінін де,   көлемін де сақтайды.

3. Атомдар тепе -теңдік қалпын сақтай тербеледі.

4.Молекулалар арақашықтығы  молекула өлшемінен көп.

5.Молекулалар бір орыннан екінші орынға периодты түрде секіріп тербеледі.

6. Дене пішінін сақтамайды, бірақ көлемін сақтайды.

А.  Қатты дене          .Б.  Сұйық .   В. Газ.

Жауабы:  1-В,  2-А , 3-А , 4-В , 5-Б , 6-Б

ІІІ.   Жаңа сабақ   Идеал газ деп-молекулалар арасындағы тартылыс пен тебу күштері есепке алынбайтын олар тек серпімді соқтығысқанда ғана өзара әрекеттеседі деп саналатын ,ал молекулалардың өздері көлемі жоқ серпімді шар немесе материялық нүкте ретінде қабылданатын газ моделін айтамыз.

 1. Барлық молекулалардың mo массасы бірдей

 2. Ыдыста бір ғана зат бар, яғни молекулалары бір тектес.

 3. Барлық молекулалардың жылдамдықтарының мәні бірдей 

4. Газдағы барлық бағыттар тең құқылы және молекулалар тек өзара перпендикуляр үш бағыттың бойымен ғана қозғалады.

5. Кез келген уақыт мезетінде осы үш бағыттың әрқайсысының бойымен бір мезетте молекулалар қозғалатын болады.

 Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама болғанда айтады. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.Молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ ,  нақты газдардың қарапайым моделі  - идеал газ.

Газ молекулалары барлық уақытта ретсiз жылулық қозғалыста болады, оның мөлшерлiк сипаттамасын молекуланың сызықты жылдамдығының орташа квадраты, дәлiрек айтқанда, кинетикалық энергиясының орта мәнi бередi. Газдардың молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі    немесе Клаузиус теңдеуі   p- газ қысымы     n- молекулалар концентрациясы   mo-молекулалар массасы -молекулалар қозғалысының орташа жылдамдығының  квадраты    

2. Идеал газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы:  

 Бұл теңдеу МКТ-ның негізгі теңдеуі. Мұндағы молекуланың орташа кинетикалық энергиясы:  Олай болса: .

3. МКТ-ның негізгі теңдеулерінің тағы бір түрін тәжірибе арқылы қарастыру керек.

Молекулалар шоғыры:  , осыдан:   

Идеал  газ      (модель)

1. Газ молекулаларын материалдық нүкте ретінде қарастыруға болатын

2. Молекулалар бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасады  және  хаосты қозғалады.     

3. Молекулалар тек қана серпімді соқтығысуымен әсерлеседі ,  олардың   бір -бірімен әсерлесуі жоқ.

4.  Молекула  жылдамдығы әртүрлі  , бірақ белгілі бір температурада молекуланың орташа жылдамдығы тұрақты болып қалады .

Нақты (Реалды)  газ

1. Нақты (Реалды ) газдың молекулаларының өлшемдері бар. молекула диаметрі молекуланың арақашықтығынан он есе кіші.

2. Молекулалар серпімді соқтығысуымен әсерлеспейді,  бір-бірімен әсерлеседі.

Идеал газ қысымы тәуелді

1.молекула массасына

2. Молекула концентрациясына

3.орташа жылдамдығына

Идеал газдың МКТ негізгі теңдеуі. :

ІҮ.Бекіту.  Жаңа материалды бекіту

І. Суретті сұрақ. Формуланы қорытып шығар

 2.  ( ҰБТ есептерінен).« Кім жылдам» 1 ұпай

Ыдыс қабырғасына түсірілетін газ қысымы қалай өзгереді, егер:

  • молекула  массасы  3 есе артса, (3 есе артады)
  •  молекула концентрациясы 4 есе кемісе (4 есе кемиді)
  •  молекула қозғалыс жылдамдығы  2 есе артса (4 есе артады)
  • Көлем 5 есе артса (5 есе кемиді)
  •  молекула массасы  4 есе артса, ал концентрация  2 есе артса (8 есе артады)
  • молекула массасы 2 есе артса, молекула қозғалыс жылдамдығы 3 есе артса (18 есе артады)
  • молекула концентрациясы  3 есе артса, молекула қозғалыс жылдамдығы 3 есе азайса(3 есе азаяды) 
  1. .Жаңа сабақты пысықтау  ЕСЕП шығару
  • №468.  Азоттың орташа квадраттық жылдамдығы  500 м/с, ал оның тығыздығы1,35 кг/м 3             болса,оның қысымы неге тең ?                                                                  
  • №469. Газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын тап.Егер  6 кг газ молекуласы 200кПа қысымда 5      көлем алса 

Vǀ.    Деңгейлік есептер шығару

А деңгей-1 ұпай

В  деңгей -2 ұпай

С деңгей -3 ұпай

 А- деңгей           « Нысананы тап»               р=1/3n m0 υ2

Газ

 Р,Па

    n ,м-3

υ 22

m0 ,кг

СО2

?

3*1025

9*104

7 *10-26

О2

5*102

1024

?

5*10-26

Н2

16*102

?

4*104

3*10-27

 

 1. р=3*1025* 7*10-26*9*104/3=63*103 Па

2. υ2 =3р/n mυ2=3*104м22

  1.  n= 3р/ m0 υ2           n=4*10 25  м3

 

С.Тұяқбаев .Физика 10.  Есептер жинағы

Б тобы № 2.26                                жауабы 7,7*104  Па    

С тобы №2.30                                жауабы  5*10 5 Па     ,№ 2.31  жауабы                                                        

       №2.29                                                                      

Бер.  ϑ=400 м/с                                 

    V=1 см ³

    N=2,7*1019

    т/к:   Р(О2  )=?

 

    №2.30

Бер . m=3 г         1л=0,001м ³   

      V=0.5 л

      ϑ=500 м/с

       т/к:   Р=?

№ 2.31

Бер:

Р=10-9   атм             1 атм=101,3*10-6   кПа

V=1 см ³

t  =25 °

т/к : N=?

Есептердің  жауаптары :      №2.29   =7,7*10 4    Па

  •  № 2.30     5*10 5    Па
  •  № 2.31  2,5 *10 10 м ³
  • Үйге тапсырма : № 2.32, № 2.33.  Тұяқбаев.   4.5

ҮІІ. Оқушыларды бағалау:  Оқушыларды формативті,критериалды  бағалау.Оқушылардың сабақ барысында алған  ұпайларын топ басшысы бағалау парағына толтырып отырады. Сабақ соңында жинаған  ұпай бойынша бағаланады.

20  ұпайдан  жоғары-«5»

13-19   -«4»

6-12-«3»

0-5-«2»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9 сыныпқа ОЖСБ дайындық тесттер
Химиялық реакцияның жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері
Молекулалық физика тарауын қайталау
Молекулалардың қозғалысы. Броундық қозғалыс. Диффузия
Молекула - кинетикалық теорияның негіздері
Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы
«Идеал газ күйінің теңдеуі» тақырыбына есептер шығару
Молекулалар массасы мен өлшемі
Физика пәнінен формулалар жинағы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 39280 | Қосты: Рауила Харисова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык