|
|
Файлдар мен қапшықтар
Мұхан Ағырза Ордалықызы
№21 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтарды құру. Қапшықтар құрылымы. Таңбашалар жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен және файлдар, қапшықтар, таңбашалар ұғымдарымен таныстыру;
Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру
- Үйге берілген тапсырманы тексеру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Тапсырмаларды орындау
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма беру
I. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1) Терезе элементтерін берілген сөзжұмбаққа орналастыру.
2) Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу жолдарын атап шығу.
II. Жаңа түсініктер:
Файлдар мен қапшықтар
Файл дегеніміз не? Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі.Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін.Windows-та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
* .bmp Paint
* .doc Word WordPad
* .txt Блокнот қолданбасының құжаты
* .wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
* .avi Бейне - клип
* .xls Excel кестелік процессорының құжаты
* .ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Егер файлдың типінде .ехе немесе .com белгілеулері тұрса онда бұл программа болғаны.
Қапшықтар - бұл объектілер бірлестігі. Windows объектілерін негізгі және арнайы деп бөлуге болады. Негізгі объектілеріне: қапшықтар, программалар, құжаттар, таңбашалар жатады. Арнайы объектілерге: бас меню, басқару тақтасы, менін компьютерім және себет жатады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Қапшықтар екі түрлі болады:
-жүйелік қапшықтар;
- жұмыс қапшықтары.
Қапшықтарды құру оның құрылымы:
Қапшық элементтері:тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы. Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен тандауға болады:Түр- Құрал -Саймандар және Түр Қалып күй жолы.
Терезеде жаңа қапшық құру:
Қапшықты Файл®Создать®Папку командасын Құрады.Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі болады.Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл»аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру:
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.
Создать®Папку командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.
Қапшықтың атын енгізіп,енгізу пернесін басу.
Танбаша- нақ бір файлды көрсететін арнайы белгішелер. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Танбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.
Ағымдағы терезеде таңбаша құру:
Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл – Создать Ярлык, Файл Создать ярлык командасының көмегімен жасауға болады. Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға, орналастыруға болады.
III. Тапсырмаларды орындау.
1.Тапсырма
Windows объектілері |
- Тапсырма. Файлға ат қойып, оның типін көрсетіп жаз
Тапсырма.
- Жаңа қапшық құру
1-тәсіл: Меню командасы арқылы
а) Бума құратын терезені ашу;
б) ФАЙЛ-СОЗДАТЬ-ПАПКУ командасын таңдау;
в) Өзіңнің атыңмен атау;
г) Enter пернесін басу.
2-тәсіл: Жанама меню арқылы жаңа құрылған қапшықтың ішіне құру
а) Жұмыс аймағында тышқанның оң жақ батырмасын басу;
б) СОЗДАТЬ-ПАПКУ командасы таңдау;
в) “Қазақ тілі” атын жазу;
г) Enter пернесін басу.
д) Осы қапшыққа “Септік” деген атаумен мәтіндік файл құрыңыз. “Кітап” деген сөзді септеңіз де сақтаңыз.
е) Осы қапшыққа “Сурет ” деген атаумен графикалық редакторының таңбашасын құрыңыз. Өзіңіздің жеті атаңызды жазып сақтаңыз.
ж) Барлық ашылған терезелерді жауып, бағыттауыш қолданбасы арқылы қайтадан ашып көрсетіңіз.
Сабақты бекіту сұрақтары:
- Бағдарламаларды іске қосу және қапшықтарды ашудың неше жолы бар?
- Файл дегеніміз не? Толық сипаттама бер.
- Қапшық дегеніміз не? Қапшық құру жолдары қандай?
- Таңбаша дегеніміз не? Таңбаша құру жолдары қандай?
Үйге тапсырма: Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтарды құру. Қапшықтар құрылымы. Таңбашалар жасау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |