Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дүкендер



Дүкендер

Байжигитова Нурлыхан

БҚО, Зеленов ауданы

Сынып:3

Сабақ тақырыбы: Дүкендер (орыс сынбы)

Мақсаты: дүкендерді ажырата білуге үйрету.

Міндеттері: 1.Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қодана білуге үйрету.

Тақырыпқа  қатысты белсенді сөздерді меңгерту.

2.айналаны тануға деген қызығушылықтарын арттыру.

3.ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа материалды меңгерту.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,сурет

Көрнекілігі: дүкен, азық- түлік суреттері

Күтілетін нәтиже: қай дүкенге бара алатынын айта алу.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:

-    Амандасу. Поэзиялық минут.

-   Кезекшімен сұхбат.

- Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылығын ояту. «Кім көп біледі?» оқыта үйрету ойыны

«Д»- доп, домбыра, дыбыс,дауысты, дәмді.( дыбыстан басталатын сөздер айту.)

Жаңа сабақ: 1- тапсырма.  Суретке қара. Тыңда.Қайтала.

«Өрмекші торы» арқылы

 Дүкендер

Ойыншық дүкені

Киім дүкені

Кітап дүкені

Азық-түлік дүкені

2- тапсырма. Оқы. Сұраққа жауап бер.

Сен қай дүкенге барасың?

  1. Ойыншық дүкеніне
  2. Кітап дүкеніне
  3. Азық- түлік дүкеніне
  4. Киім дүкеніне

Сергіту   сәті: «Апам үшін» әнін орындау. 

А ПАМ ҮШІН

Апам үшін күнде де

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жоқтатпаймын әпкемді,

Қоям шайын қайнатып.

Жылай қалса, бөпемді

Жұбатамын ойнатып.

Сыпырамын үй ішін,

Жуам аяқ-табақты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

3- тапсырма Тыңда. Оқы.

-         Сен қайда барасың?

-         Мен дүкенге барамын.

-         Сен қай дүкенге барасың?

-         Мен азық- түлік дүкеніне барамын.

4- тапсырма. Дүкенде нелер бар?

Жуан сөздер

Жіңішке сөздер

Айран, май, қант, балық, балмұздақ, шырын, нан, шұжық, жұмыртқа, су

Сүт, ірімшік, ет, кәмпит

 

Буын түрлерін ажырат:   о-йын-шық, кі- тап, дүкен

1-    Тапсырма. Үлгі бойынша сөйлес.

-         «Дүкен» деген сөзде неше буын бар?

-         Екі буын.

-         Қандай?

-         Дү-кен.

-         Бірінші буын қандай буын?

-         Жіңішке.

-         Екінші буын қандай буын?

-         Жіңішке буын.

Бекіту бөлімі: Жұмбақ шешейік.

Айналада ақ отау,

Аузы- мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)

Қардай аппақ,

Өзі тәтті-ақ. (қант)

Үйге: жаңа сөздерді жаттау. 4- тапсырманы буынға бөліп жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын түрлері 5-сынып
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Буын
Фонетикалық талдау
Азық- түліктер
Ашық буын
Буын
«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша
Дүкендер
Буын және тасымал
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5750 | Қосты: Нурлыхан Байжигитова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык