Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтіндерге тілдік талдау


Мәтіндерге тілдік талдау

Мәтіндерге тілдік талдау

№148 мектеп-гимназия

Пән мүғалімі : О. Ж. Қызырханқызы

Алматы,2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндерге тілдік талдау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мәтін және мәтіндерге тілдік талдауды меңгерте отырып, оқушының ойын, тілін, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Тіл білімінің фонетика бөлімін қайталау арқылы мәтінге тілдік талдау жасау.

3.Тәрбиелік: Туған тілді, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, мәтін үзінділері, фостер, дидактикалық ойындар, кеспе қағаздар.

Әдіс-тәсілдері: Ойын,сұрақ-жауап, баяндау, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу
  2. Сабаққа жан-жақтыдайындау.
  3. Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.

     4.«Шаттық шеңбері» ойыны арқылы оқушыларға ізгі тілек айтқызу.

        1)Байыпты – Бақдәулет.

Дарынды – Дастан.

Ақылды – Ади

Алғыр – Абдуғазиз

Біз бәріміз біргеміз!

        2)Ержүрек – Естай,

Аяулы – Аяжан,

Жанашыр – Жасұлан

Дана –Дамир

Данышпан – Дастан

«Ой қозғау» интерактивті тақтада берілген сөздің сырын табу арқылы оқушыларды сабаққа тарту.

ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру.

«Доп лақтыру» дидактикалық ойыны арқылы.

  1. «Алғырлар» тобы
  1. Тіл ғылымының салалары.
  2. Әліпби деген не?
  3. Буын туралы айт!
  4. Дауысты дыбыстардың саны.
  5. Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
  6. Үндестік заңы.
  7. Әліпбидегі қазақ тілінің төл дыбыстары.
  8. Әліпбидің тарихы.
  9. Қатаң дауыссыздар қалай жасалады?
  10. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды айт.
  11. Буынүндестігін ғылым тілінде қалай айтады?
  12. Қысаң дауыстылар қалай жасалады?
  13. Қосарлы дауыстыларды ата.
  14. Қандай сөздер тасымалданбайды?
  15. Кейінді ықпалға мысал келтір.

«Зейінділер»тобы

  1. Лексика саласы нені зертейді?
  2. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
  3. Дауысты дыбыстар өз ішінде қалй бөлінеді?
  4. Дыбыс үндестігі туралы айт.
  5. Буын құрай алмайтын дыбыстар?
  6. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
  7. Дыбыс бола алмайтындар?
  8. Үнді дауыссыздар қалай  жасалады?
  9. «Балапан» сөзінде қанша буын бар?
  10. Орыс тілінен енген кірме дыбыстар?
  11. Орфоэпия нені зертейді?
  12. Тұйық буынға түсінік бер?
  13. Тасымал деген не?
  14. Дыбыстар тілдің қатысына қарайнешеге бөлінеді?
  15. Жуан дауыстыларды ата.

ІІІ. Саталай кешенді фонетикалық және фонологиялық талдаулар жасату.

Интерактивті тақта арқылы дыбыс түрлерін жазғызу.

  1. «Алғырлар» тобы

Дауысты дыбыстардың түрлерін жазғызу

1.Жуан________ (5)

2.Жіңішке______ (7)

3. Ашық________ (6)

4. Қысаң_________(6)

5Еріндік_________(5)

6.Езулік__________(7)

2.«Зейінділер» тобы

1.Қатаң ­­­­_______(12)

2.Ұяң__________(7)

3.Үнді__________(7)

 Интерактивті тақтамен жұмыс жүріп жатқанда оқушылар дыбыстарға мінездеме береді.

«Алғырлар» тобы

«И» дыбысына мінездеме – Ади, «Р» дыбысына мінездеме  – Назерке.

«Зейінділер» тобы

«Ә» дыбысына мінездеме – Аяжан

«М» дыбысына мінездеме – Бақдәудет

 Сөзге фонологиялық талдау жасату

  1. «Ағаштар» сөзі,
  2. «Терезелер» сөзі

(Тақтада жазылған дыбыстар қатарын тексеру.)

Сергіту сәті

С.Сейфуллин туралы оқушылардан қысқаша сұрау.

1. Ақын,

2. Жазушы,

3. Аудармашы.

4.Композитор

(Әдебиет пәнінен «Ақсақ киік» деген өлеңінен Абдуғазиз үзінді оқиды.)

Біз енді дауысты дыбыстардың қасиетін еске түсірсек, олар үннен тұрады және буын құрай алады.

«Алғырлар» тобы

С.Сейфуллинің «Тау ішінде» әнін тек дауысты дыбыстармен әндетеміз.

«Зейінділер» тобы

Қыркүйек айындағы айтулы мерекелі күндерді айтамыз.

1 Қыркүйек – білім күні

   Қыркүйек – қала күні

   Қыркүйек –  Отбасы күні

   Қыркүйек –  Тілдер күні

М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін  Жасұлан оқиды, ал Бақдәулет М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінен үзінді келтіреді.

ІІІ. Жаңа сабақ.

(Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.)

Мәтіндерге тілдік талдау.

Мәтін туралы оқушылардан сұрау.

Тақта арқылы мәтіннің анықтамасына түсінік беру.

«Мектебім – алтын ұям» тақырыбына шағын мәтін жазу.

Оқушыларға тұрақты  сөз тіркестерін беру. Сол тұрақты сөз тіркесінің мазмұнын ашатындай фостер жасау.

«Алғырлар» тобы

  1. Ел құлағы – елу.(Құлақтың суреті және 50 саны)
  2. Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жерар (Ешкі және 5 саны)
  3. Бетінен оты шығу (Ұялып тұрған бала)
  4. Ит өлген жер   (Кең дала, ұзын жол)
  5. Жүрек жұтқан  (батыр суреті)
  6. Қас пен көздің арасында  (Уақыт бейнесі)

«Зейінділер» тобы

  1. Жүзіктің көзінен өткендей
  2. Қой аузына шөп алмас
  3. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды
  4. Тайға таңба басқандай
  5. Қыздың жиған жүгіндей
  6. Біреудің ала жібін аттама!

ІІІ .Жаңа білімді меңгертуге байланысты жаттығу жүмыстарын жүргіземін.

  1. Алғырлар тобына «Кішкентай көрші» тақырыбындағы мәтінді беру, аталған мәтінге топтық жұмыс  арқылы сипаттама бергізу.
  2. Зейінділер тобына «Атасы мен немересі»  тақырыбында мәтін беру,аталғанмәтінге топтық жұмыс  арқылы сипаттама бергізу.

ІV. Рефлексия

«Бүгінгі сабақтың ерекшелігі» тақырыбында эссе жазу. 

V. Үйге тапсырма:19-жаттығу

VII. Инсерт әдісі

Бағалау

Қорытынды


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ашық және қысаң дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Фонетикалық талдау
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 16090 | Қосты: Омарбекова Жазира Қызырханқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык