Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алгоритмді жазу тәсілдері. Блок – схема


Алгоритмді жазу тәсілдері. Блок – схема

Алгоритмді жазу тәсілдері. Блок – схема

Изтурганова Светлана

№21 мектептің информатика пәнінің мұғалімі

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу тәсілдері . Блок – схема

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі:

  • Оқушылардың  алгоритмді жазу туралы түсінігін;
  • Блок – схема түсінігін;
  • Алгоритм командаларын сөз түрінде жазылуын;
  • Блок – схема көмегімен алгоритмді жазу дағдысын қалыптастыру

 Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.                                                                    

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың өту әдісі:сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:компьютерлер, интерактивті тақта, презентация. 

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап беру

в) жаңа  сабақ

г) бекіту (тапсырма беру)

е) үйге тапсырма

І. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап беру

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритмнің қасиеттері?

Алгоритм – нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті

Алгоритм қасиеттері

Түсініктілік қасиеті.Алгоритмді атқарушысы оны қалай орындайтынын білуі керек

Дискреттілік  қасиеті.Алгоритм нақты әрекеттерден тұрады, келесі қадамы белгілі

тәртіппен жүзеге асады.

Анықтылық қасиеті. Алгоритмнің әрбір ережесі анық, мағыналы болу керек.

Нәтижелік қасиеті.Орындалатын командалардың соңында алгоритм нәтижеге жетуі

керек.

Жалпылық қасиеті.Қандайда бір алгоритмді түрлі бастапқы мәліметтермен бірнеше

рет қолдануға болады.

Алгоритм атқарушы– Бұл алгоритмде жазылған командаларды орындай алатын адам

                                          немесе техникалық құрылғы

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритмнің жазылу тәсілдері:

Сөздік;

Кестелік;

Графификтік (блок-схема);

Программалық.

Сөздік – алгоритмнің табиғи тілде жазылып , берілу тәсілі

Мысал:   Тік төртбұрыштың

             ауданын тап

  1. Компьютерге  тік төртбұрыштың  а  қабырғасының мәнін енгізу;
  2.  тік төртбұрыштың  b қабырғасының  мәнін енгізу;
  3. S = a*b  мәнін есептеу;
  4.  Компьютердің экранына  S  тіктөртбұрыштың     ауданының мәнін жазу;

Кестелік – алгоритмнің кесте түрінде жазылу тәсілі

Әрекет

Нәтиже

     a = 5

       b = 3

S =  15

Графикалық – алгоритмнің  графикалық бөліктерден құралған блок – схема түрінде бейнелену тәсілі

Программалық – алгоритмнің компьютер тілінде түсінікті түрде жазылу тәсілі

  Бағдарламалау тілінің бірнеше түрі бар.

  Мысалы: Фортран, Бейсик, Паскаль.

Program Primer;

Var S, a, b: real;

Begin

Writeln (‘ aжәне b үшінмәліметтерін енгізу’);

Readln (a, b); 

                      S: = a*b;

Writeln (‘тікктөртбұрыштың ауданы S=‘);

End;

 

Блок – схема құрудың ережесі.

- Алгоритмнің басы және соңы

 

-Мәліметтерді енгізу және шығару

 

 

-Әрекеттерді орындау

 

 

-әрекеттерді орындау шарттары

 

 

-өту сызықтары

Мысалдардар қарастырамыз

 

2       Студент  болу үшін
1. Мектепті тәмәмдау
2. ҰБТ-дан өту
3. Құжаттарды тиісті жерге  
    өткізу
4. Конкурстан өту
5. таңдаған мамандығы
    бойынша оқитын ЖОО анықтау

ІІІ. Бекіту тапсырмалары

 

            1    Көшетті отырғызу тәртібін ретімен орналастыр

Шұңқырды толтыр…

Шұңқырды қаз

Су сепкішті алып, көшетті отырғыз

Күрек пен көшетті ал

Көшетті шұңқырға сал.

Күрек пен су сепкішті орнына қой

Үш топқа бөліп тапсырмалар беріледі:  «Графика» тобыЖұмыртқа  қуыру ретін көрсет.

1_______________________________________________________

2_______________________________________________________

3_______________________________________________________

4_______________________________________________________

5_______________________________________________________

6_______________________________________________________

7_______________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

  1. У = а+вформуласыбойыншаесептеуалгоритмінің   блок-схемасын  құр

«Кесте» тобыШәйнекке су қайнату алгоритмін құр

1_______________________________________________________

2_______________________________________________________

3_______________________________________________________

4_______________________________________________________

5_______________________________________________________

6_______________________________________________________

7_______________________________________________________

 

  1. «Сөздік» тобыКвадраттың квадратын  ауданын  блок схема түрінде көрсет.    S = a2

 

  1. Оқушының мектепке бару алгоритмін құр

1__________________________________________________

2__________________________________________________

3__________________________________________________

4__________________________________________________

5__________________________________________________

6__________________________________________________

7__________________________________________________

8__________________________________________________

 

  1. Тік төртбұрыштың периметрін блок схема  түрінде көрсет       Р = 2(a+b)

  Қорытындылау  

ІV. Үйге тапсырма

  1. Y=(AX-B)(CX+D) өрнегінің алгоритмін  құр
  2.  “Жолдан  өту”  алгоритмін құр.
  3. § 3.2 тақырыпты оқу

Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Алгоритмді жазу түрлері. Блок-схема
Алгоритмді жазу үлгілері
Алгоритмдерді блок-схема түрінде кескіндеу
Алгоритмдерді алгоритмдік тілде кескіндеу
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Алгоритмдi беру түрлерi. Блок-схема.
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 9543 | Қосты: Изтурганова Светлана | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык