Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 1418 күн шежіресі ерліктің


1418 күн шежіресі ерліктің

 1418 күн шежіресі ерліктің

Тақырыбы:  1418 күн шежіресі ерліктің

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға  Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік шежіресі    арқылы отан қорғау ісіне үйрету.

Тәрбиелілік:  Қаһарманаталарының ерлік істерінен үлгі ала отырып шәкірт бойына отаншылдық сезімін қалыптастыру, халқын, жерін сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Қарулы күштер қатарында қызмет ету әрбір азаматтың парызы екеніне  көзін жеткізу.

Сабақ түрі:  Сыр – толғау, пікіралмасу

Әдіс – тәсілі:

Көрнекілігі: Техникалық құралдар пайдалану арқылы слаидтар

Пән аралық байланыс: Тарих, саз, әдебиет.

Қосымша пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қаратөбенің қайсар ұлы
  2. «Жаралы жырлар» Қ.Хасенов
  3. Боздақтар
  4. Ақ Жайық ақ берендері
  5. «Воспоминание и размишление» Г.К.Жуков
  6. Герои победы ЗКО

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру
  2. Кіріспе
  3. Негізіг бөлім
  4. Қорытынды
  1. Ұйымдастыру:  Взвод командирінің  рапортын қабылдау; оқушылармен амандасу

/ Қ.Р Мемлекеттік ән ұраны/

  1. Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі:

    Халық ерлігі қай қоғамда болсын өшпейді де өлмейді.Оған дәлел сан ғасырлар бойы адам қоғамында орын алған соғыстар тарихына көз жүгіртсек  те болады.

  Осындай адамзат тарихында теңдесі жоқ сұрапыл соғыс 1939-1945 жылдар аралығын қамтыған, тарихта екінші дүниежүзілік соғыс деген атқа ие болған қанды қырғын болатын.

    Бұл қасап әлемнің 61 мемлекетін қамтып төрткүл дүниенің 110 млн адамы қолына қару алғанын тарихшылар дәлелдеп отыр.Ананы жесір баланы жетім қалдырған, бірақ елдің ерлігі мен жігерін сындыра алмаған, ерлігі мен өрлігіне сына қаға алмаған сұм соғыстың аяқталғанына биыл 68 жыл толғалы отыр. Оқушылар алдымен соғыс дегенді қалай түсінесіңдер.

1-оқушы: Соғыс деген ең суық, ызғарлы сөз оның астарында бақытсыздық жатыр деп санаймын.Халқымыздың бір туар перзенті Бауыржан атамыздың  сөзімен айтсам: «Соғыс деген – бұл:

  • Талай ұрпақтардың қайғысы, әр шаңырақтың қасіреті;
  • Бақытсыздыққа ұшыраған балалық шақ
  • Жесірлер мен аналардың көз жасы
  • Миллиондаған ерлер мен әйелдерді, қартттар мен  балаларды аяусыз қыру
  • Бұл ерлікке толы  1418 күн мен  түн
  • Бұл 20000000 кей деректер бойынша 28 млн адам құрбандығы
  • Немесе жылына 5 млн
  • Айына 416000
  • Күн сайын 14000
  • Сағатына 600
  • Минутына 10 адам  қаза болған қанды қасап
  • Жойылып кеткен 1710 қала мен 70 мың деревня
  • Ұлттық байлықты  құрту мен мәдени құндылықтарды»-, деп жазған екен.

Мұғалім:   1418 күн мен түнге ұласқан алапат соғыстың негізгі ауыртпалығы Кеңестер одағының иығына түсті.Юрии Левитанның Тыңдаңыздлар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва 1941 жыл 22 июнь таңғы сағат 4:15  ешқандай талассыз фашистік Германия Кеңестер Одағына басып кірді»,-деген ыза мен кекке толы сөзі Кеңестер Одағы аталған алып мемелекеттің барлық ұлт пен ұлыстарының ашу, ызасы мен жауға деген өшпенділік сезімдерін оятты.

    Соғыстың  екінші күні дүниеге келіп 29 маусым күні Беларусь вокзалынан  майданға аттанған жауынгерлер алдында тұңғыш рет  орындалған василин Лебедев Кумачтың «Идет воина народная» әні Кеңес халқы мен  жауынгерлердің бойтұмарына айналды.

/Ән «Идет воина народная»/

2-оқушы: Иә, 1941 ж 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді.Ұлы Отан соғысы осылай басталды.Батыс европаның көптеген мемлекеттерін  жаулап алған Германияның негізгі мақсаты мен мүддесі біреу ғана еді.Ол Ұлы Герман империясы үшін оның шикізат көзі, азық-түлік базасы міндетін атқаратын қуыршақ үкімет құру болатын.Ол  мемлекет жобасы фашистер жасалған «Барбаросса»  жоспарында көрсетілген. Ол жоспар бойынша  фашистер Кеңестер аумағында Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан секілді рейхкомиссариаттар  құруды көздеген.Жоспарда көрсетілген Үлкен Түркістан  отарының құрамына Қазақстан Башқұрстан, Тартарстан, Орта Азия, Кавказ, Ауғаныстан, Шыңжаң  өлкелері кіргізілген.

   Осындай Зымиян ойларын  жүзеге асыру мақсатында елімізге басып кірген фашистік Германия әскердлері 22 маусым 1941 жылы.

  190 дивизия, 5000 самолет, 3700 танк, 50 мың зеңбірек пен миномет, 5,5 млн жаяу әскер құрады.

3-оқушы:  Менің ------------------  сөзін жалғастыра отырып, фашист құзғындарының арам пиғылын әшкерлейтін мына бір деректі құжатқа тоқталғым келеді.Бұл Адольф Гитлердің оң қолы Генрих  Гимлердің СС дивизиясы командирлеріне жолдаған  директивасынан үзінді:

«Менің ойымның түп-төркініне екенін сіздер  білесіздер деп  ойлаймын.Біздің жорығымыздың басты мақсаты – орыстардың адам күшінм  жою, адамдық қабілетінен айыру болуы шарт .Біз  бұл мақсатқа оларды өлтіру,  тұтқынға алу , ерлік- жігерін айыру арқылы жетеміз.Оларды  жұмыс күші ретіндегерманияда пайдалану немесе жер бетінен жойып жіберу керек.ал оларды тірлігі бұрынғы жерлерінде  қалдыру дегеніміз жаңадан әскери күш құрауына жол беру болып табылады.Оған жол беруге болмайды.Бұл соғыста бала, әйел, қарт деген  ұғымдар болмауға тиісті.Бір ғана анықтама орыс па – ол жау. Ендеше жау құртылуы тиіс.

 Мұғалім сөзі:

Күш қосып байтақ ұлы Отан

Шайқасқа аттан ажалды

Ордалы қарсы жауға аттан

Талқандап  фашист тажалды,- деп ақын Василии лебедев Кумач айтқандай барлық күш пен жігер отан қорғауға жұмылдырылды.Бұл игі іс-шарадан біздің  жерлестерімізде шет қалған жоқ.

4- оқушы: Өзінің атауынан көрініп отырғандай біздің облысымыз республиканың  басқасына бір табан  жақын орналысқаны  белгілі.

   Ұлы Отан  соғысы қарсаңында Б.Қ.О 151,2 шаршы метр жерді алып жатты.Халық саны 380 мың  адам болатын.Географиялық жағынан  қолайлы орналасуы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қатар дамуына ықпал етті.

   1939 жылы Орал-Илецк теміржол желісініңм іске қосылуы Қазақстанның  Орта Азиямен, Кавказ елдерімен, Оңтүстік Оралмен аралықтағы жолдарды қысқартуға мүмкіндік берді.Жайық өзенінде кеме  қатынасы ашылды.Автомобил және әуе көлігі құрылды.

   Фашистік  Германияның тұтқиылдан  шабуыл жасауы облыс еңбекшілерінің  бейбіт өмірінің  шырқын бұзды.Облыс  экономикасы соғыс жағдайына сай  қайта құрылды.Ленинград, Москва, Киев , Сураж  т.б қалалардан  көшірілген  14 өнеркәсіп кәсіп орны қысқа мерзімде іске қосылды.47032 адам қабылданып, орналастырылды.

Мұғалім  сөзі:  Фашист басқыншыларына тойтарыс беруге 35 млн Кеңестік жауынгерлер қарсы тұрса, олардың 1 млн 366 мыңы қазақстандықтар еді.Осы боздақтардың 602939 –ы  қрыс даласында қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен.Жалпы соғыс жылдарында Республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге тарта полктер мен батальондар құрылған.

   Ал біздің облыстар бойынша 76635 жауынгер әскерге алынып, 35441 елге оралыпты.

    Қазақстан бойынша  Кеңестер Одағынын Батыры атағын алғандар 497  болса, олардың 98-і қазақ ұлтының өкілі, ал Ақ Жайық өңірінен осындай жоғары атаққа 49 адам ие болғанын мақтаныш сезіммен айта аламыз.

5-оқушы: Сол жылдарға қарғыс айту жат маған

Аталардың ерлігімен мақтанам

Балғын ұрпақ сенің болашағыңды

Сол адамдар біле білсең сақтаған- деп  ақиық ақын М.Мақатаев  жазғандай кешегі Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай ұрпақтары майдан  төсінде жасындай жарқырап, Алаштың  абыройын асқақтатқанына  кәрі тарихтың өзі куә.Ұлы Отан соғысы  жылдарында аудандық  соғыс комиссариаты арқылы 3752  адам  отан қорғауға аттанса, олардың елге оралғаны 1027, 837 жауынгерге қайтыс болғандығы  туралы қара қағаз келсе, 956 боздақ  хабарсыз кеткен.Ұлы Жеңістің  68 жылдығы қарсаңында аудан бойынша бір ғана соғыс ардагері бар.Ол - .

 Мұғалім сөзі:Дұрыс айтасың.Қан майданда қаһармандықтары кезінде бағаланбай қалған  жолбарыс жүректі аталарымыз  қаншама Шавинистік саясат  кезінде  ерліктерін үкімет бағаламаса да, туған халқы ұмытпайды. Құт дарыған қасиетті Қаратөбе өңірінен Кеңестер одағының батырлары шықпаса да, ерліктерімен ел жадында сақталған азаматтар қанша ма?! Олардың қатарына полковниктер З.Мәмбетов пен Т.Мергенов, аға офицерлер Зияшов, Есжанов капитан К.Жангиров, маршал мақтаған қазақ К.Мәденов т.б жатқызуға болады.А.Невскии орденімен -1, «Қызыл  жұлдыз» - 26, «Даңқ орденімен» - 24, Ұлы Отан соғыс орденімен – 225 жауынгер марапатталған.

/Ән «Қаратөбе»/

6 – оқушы: Кенжебай Маденов туралы.

7 – оқушы: Зәки Мәмбетов

8 – оқушы: Кенжегали Жаңгиров

Мұғалім сөзі: Десек те біз бүгінде ер жеткенбіз

Оятқан сол күндерде  жөргектен сыз

Тағдырын талайлардың бірге кешіп

Бесігін жетімдердің тербеткенбіз

Иә, балалық балдәурені сұм соғыспен қатар келген,  бүгінде ата жасына жетсе де, сол жылдардың зұлматы жадында мәңгі сақталған


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің атам-майдангер
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Екінші дүние жүзілік соғыс
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Ұлы Отан соғысының басталуы
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2155 | Қосты: Жангалиев Мурат Булатович | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык