Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әдебиет көшбасшысы


Әдебиет көшбасшысы

                   Әдебиет көшбасшысы

« Әдебиет көшбасшысы » білімділер сайысы.

                                      9 – сыныптар  арасында.

Мақсаты: Оқушылардың  әдебиет  пәнінен  өтілген  материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру.

Міндеттері: а). Оқушылпрдың Білім білік дағдыларын қалыптастыру, әдебиет пәніне

Қызығушылығын арттыру.

Ә).Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу.

Б).Оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Ұйымдастыру  формасы: зияткерлік сайыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, сандық белгі:

Сайыстың барысы:

Мұғалімнің сөзі:

-Қымбатты  ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9-сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған

« Әдебиет  көшбасшысы » сайысына  қош келдіңіздер!

   Әдебиет - сөз өнері. Сөз өнері - халық даналығының  жемісі. Әдебиет халқымыздың

рухани  өмірінің  айнасы, ана  тіліміздің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың  белгісі.

  Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы әдебиет пәнә бойынша оқушыларымыздың

ой өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

                 Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

                 Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

                 Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,

                 Озат болу шарты сол, еңбектену жалықпау.

      Ендеше, ортамызға әдебиет пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде

жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық. ( 9 оқушы қатысады.)

                  Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

                  Әділдікке бас иеді күллі әлем.

                  Жүйрік озар , сайыстарда неше бір,

                 Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,  дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылармен таныс болыңыздар.( әділқазылармен таныстыру)

                 Білім деген биік шың,

                Бақытқа сені жеткізер.

                Білім деген ақылшың,

                Қиындықтан жеткізер,- дей келе сайысымыздың алғы шарты « Бәйге » кезеңін

бастаймыз.

 - « Бәйге » кезеңіне  10 сұраққа 4 жауап берілген. Дұрыс жауапты бірінші болып айтқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі.

І кезең. « Бәйге »

  1. Абай Құнанбаевтың өлеңі.

А). «Өгіз бен бақа»

Ә). «Ғылым таппай мақтанба»

Б). «Қысқы жолда»

В). «Ақсақ киік»

     2. Махамбет Өтемісұлының өлеңі.

           А). « Фантазия »

           Ә). « Қазағым менің »

           Б). « Отырар »

           В). « Соғыс »

      3.Қазақ ертегілері неше жікке бөлінеді?

              А). 3       Ә).4        Б).2        В).  5

      4.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңі.

              А). « Аягөз қайда барасың? »

              Ә). « Әсемпаз болма әр неге »

              Б). « Шәкәрттерге »

              В). « Туған жер »

       5.Жамбыл Жабаевтың  « Алғадай туралы әрбір ой » өлеңі кімге арналған?

              А). Немересіне

              Ә). Әйеліне

             Б).Баласына

             В).Келініне

    6. Мағжан Жұмабаевтың туған жылы.

             А). 1893 жыл

             Ә). 1897 жыл

             Б). 1911 жыл

             В).  1804 жыл

      7.Абай Құнанбаевтың неше қарасөзі бар?

             А). 41                       Ә). 45                Б).  54               В).  48

      8. Ыбырай Алтынсариннің туған жері.

               А). Қостанай облысы.

                Ә). Семей облысы.

               Б). Қызылорда облысы.

               В). Ақтөбе облысы.

      9.  « Керей қайда барасың? »

               А). Бұқар жырау

               Ә). Ақтамберді жырау

               Б). Қазтуған жырау

               В). Доспамбет жырау

       10. Көркем әдебиеттегі табиғат көркін суреттеу не деп аталады?

               А).Портрет

               Ә). Пейзаж

               Б).Кейіптеу

               В).Әсірелеу

ІІ кезең.

 « Тапқырлық » кезеңі . Бұл кезеңде оқушылар мақалдың жалғасын табу керек. Жауабын

бірінші болып тапқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі. Ең аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан

шығады.

  1. Еңбек етсең  - ............ ( емерсің)
  2. Татулық табылмас   ...............( бақыт )
  3. Ырыс алды-............ ( ынтымақ )
  4. Ауруын жасырған  …………..  ( өледі )
  5. Оқу түбі- …………….( тоқу )
  6. Өнер алды- ............... (қызыл тіл )
  7. Ұлық болсаң,  ………….. (кішік бол)
  8. Сабыр түбі – ...............(сары алтын)
  9. Сөз тапқанға  …………..( қолқа жоқ )

ІІІ кезең.

 « Жұмбақты шешу » кезеңі деп аталады.  Шешуін тауып айту керек. Жылдам , дұрыс тапқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі. Ең аз ұпай жинаған 3 оқушы шығады.

  1. Екі бала қатар тұрса да,

Бірін –бірі көрмейді.   ( көз)

  1. Көк лағым көгенде жатып семіреді.  ( қарбыз)
  2. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем.  ( аспан жер)
  3. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. ( қой )
  4. Асты тас, үсті тас, ортасында шандыр бас. (тасбақа )
  5. Жағалай, жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. ( тіс пен тіл )

 

  « Дода » ІV кезең.

« Білекті - бірді жығар,  білімді - мыңды жығар » деп дана халқымыз айтқандай, қай

кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз. Сайысымыздың  келесі « Дода » кезеңі

3 тақырыптан әзірленген. Оқушы таңдаған тақырыбының 5 сұрағына жауап беруі керек.  Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 1 оқушы

ойыннан шығады. Шарт бойынша ұпайы ең аз оқушы ойынды бастайды.

І. Халық ауыз әдебиеті.

1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар. ( ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,

шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, батырлық жыры, ақындар айтысы, ғашықтық жырлар )

  1. Ертегілер нешеге бөлінеді?( қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс-салт )
  2. Шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған халық жадында сақталған

оқиғалы шығармаларды не дейді? ( аңыз )

  1. Аңыз әңгімелердегі кейіпкерлерді ата.( Асанқайғы, Жиренше шешен, Алдаркөсе, Қожанасыр, Қорқыт ата)

ІІ .Шешендік өнер.

  1. Би-шешендерге тән қасиеттер. ( елші, мәмілегер, заңгер, психолог, ақын,сая-

саткер,қоғам қайреткері, тәрбиеші, ойшыл, ғалым)

  1. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? ( шешендік дау, шешендік толғау, шешендік арнау )
  2. Қазақтың билерін ата .( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би. )
  3. Төле би қай ғасырларда өмір сүрді? ( ХVII-XVIII ғасыр )

ІІІ .XV-XVIIІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы.

 1.XV-XVIII ғасырлардағы жырауларды ата. ( Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет,

Жиембет, Үмбетей, Шал ақын )

2.Қазақ  халқының жойқын қырғынға, қисапсыз күйзелушілікке ұшыраған 1723 жыл

қалай аталды?  ( « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама » )

3. « Ей, Абылай, Абылай » өлеңінің авторы кім? ( Бұқар жырау )

4.Жырау мен жыршының айырмашылығы қындай?

                     Асыл-тастан, өнер-жастан,

                     Шығады деп дарынды.

                    Халық айтса, қалт айтпайды,

                    Әрқашанда қонымды , - дей отырып ......... 

V кезең.  « Жорға » кезеңін бастаймыз.Бұл кезеңде әртүрлі тақырыпқа байланысты сұрақтар болады.Әр сұраққа 5 ұпайдан беріледі. Ең көп ұпай жинаған оқушы « Әдебиет көшбасшысы » атағына ие болады.

1-оқушы

  1. Алфавиттің ең соңғы әріпі ( я )
  2. Неше мезгіл бар ( 4)
  3. Неше жалғау бар (4 )
  4.  Ұлыстың ұлы күні қай күн? ( 22 наурыз)
  5. Төр аяғы дөңгелек,

Ол адамсыз жүрмейді .Ол не? ( көлік )

  1. Адамның неше қолы бар? ( 2 )
  2. Анаңның інісі саған кім болады? ( нағашы )
  3. Бір жылда неше ай бар? ( 12 )
  4. Білікті бірді жығар ..................( білімді бірді жығар. )
  5. « Қыс » өлеңінің авторы кім? ( Абай )

 2-оқушы

  1. Шашты немен тарайды? (тарақпен )
  2. «Қозы көрпеш -Баян сұлу» қай жырға жатады? ( ғашықтық )
  3. Бір аптада неше күн бар? ( 7 )
  4. Неше септік бар? ( 7 )
  5. Әкеңнің әкесі саған кім болады? ( ата )
  6. Қай сыныпта оқисың? ( 9… )
  7. Жыл басы қай жыл? ( тышқан )
  8. Мектептің жүрегі кім? ( мұғалім)
  9. Жазуды немен жазамыз? ( қаламмен )
  10. Адамның қолында неше саусақ бар? ( 10 )

 

Мұғалімнің сөзі:

 Міне,  « Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік » шыққан озық ойлы оқушымызды анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

« Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

    Білекке сенер заманда қапы қалып жүрмейік »,-деп даналарымыз айтқандай,

« Келешек- білімді ұрпақ қолында » екендігін Елбасымыз халыққа Жолдауында

айтқан болатын. Алдағы уақытта да тек биіктерден көріне беріңдер. Сонымен, ізгі

ниетпен сайысымызды тәмамдаймыз. Сендерге сәттілік тілеймін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Сынып көшбасшысы» интелектуалды білім сайысы.
“To be’’ етістігінің қолданылуы.
Білімді мыңды жығар
Тіл-әдебиет білгірі
Семей көшелері
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Мен және менің тілім
Ең озық әдебиетші
Білімнің бастауы –бастауыш
«Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3974 | Қосты: Ермаканова Гульшат Бисекеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык