Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «PAINT графикалық редакторы»


«PAINT графикалық редакторы»

 

 

«PAINT графикалық редакторы»

Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» 7 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларды графикалық редактор командаларымен,құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:       Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика, тарих

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар,компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары:  венн диаграммасы,  «Информатика» оқулығы 7 класс

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
  • Редакторды іске қоса алады.
  • Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
  • Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
  • Салынған суретті сақтап,ашып,қағазға басып шығара алады.

Сабақтың жоспары:

  • PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
  • PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
  • PAINT графикалық редакторының құралдары
  • Редактордың командалары
  • Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
  • Суретті қағазға басып шығару

Сабақтың барысы:І. Қызығушылықты ояту

1. Оқушылар Алдарындағы Activate құралын пайдалана отырып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді (10 сұрақ)

2. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға  тапсырма беріледі.

Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз

PAINT графикалық редакторы

ІІ. Мағынаны тану

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT  сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск                Барлық бағдарламалар     Стандартты             PAINT

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.

PAINT терезесімен таныстыру.

Сурет салу кезеңдері

  • Құралды таңдап алу

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

  • Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

  • Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек

  • Фонның түсін таңдау

Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)

 3. PAINT графикалық редакторының құралдары

   -Сендер бейнелеу сабағынан сурет салғанда қарапайым құралдарды пайдаланасыңдар сол сияқты графикалық редакторда да өзінің құралдары бар. Енді солармен танысайық.

-Линия (сызық) –түзу сызық сызу үшін керек

-Тік төртбұрыш –боялмаған және боялған тік төртбұрыштар салуға болады.

-Дөңгеленген тік төртбұрыш-бұрыштары дөңгеленген,іштері боялған және боялмаған тік   төртбұрыштар салуға болады.

-Эллипс -іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады.

-Қисық сызық-қисық сызықтар сызу үшін керек.

-Көпбұрыш-көпбұрыш салу үшін керек.

-Құю-оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады.

-Бүріккіш-бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.

-Қылқалам-тұйық емес контурды бояуға арналған

-Өшіргіш- қате жерлерді кетіру үшін пайдаланылады.

4. Редактордың командалары

Редакторда салынған суретін ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекет арқылы түзетуге болады.

Ол үшін Правка- Отменить(орындатпау)

Түзеткен қателеріңізді қайтадан қалпына келтіргіңіз келсе,

Правка- Повторить командасы арқылы тек соңғы үш әрекетті бастапқы қалпына келтіруге болады.

Суретті қалай сақтайды?

Салған суреттерді,графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.

PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін

«Файл-сохранить как» командасын орындау керек.

Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады

Сохранить как командасының терезесі

Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

 PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -.bmp

Мәтіні бар сурет салу

Суреттің үстіне мәтін жазу,қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады

-Надпись(жазу) –мәтін жазуға арналған

Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman»  типінеқоямыз. Жазылған мәтінді курсив,жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.

Қаріп (Шрифты) тақтасы

Суреттерді қалай ашады?

Сақталып тұрған суретті ашу үшін «Файл-открыть» командасын орындаукерек. Экранда диалогтық терезе ашылады, оған меңзерді   қажетті файлдың атына орналастырып,екі рет шертеміз.

5.Суретті қағазға басып шығару

Суретті қағазға басып шығару үшін «Файл-печать» командасын орындаймыз.Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. «Печатать» бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсеті

 Баспа(печать) диологтік терезесі

ІІІ. Тапсырмалар

ІҮ. «Сен білесің бе?»  ойыны

V. Бағалау

VІ.Үйге тапсырма 

Келесі  сабақта әр жұп төменде берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып, қорғау үшін мына тақырыптардың бірін таңдау.

1. «Менің бөлмем» сызбасын жасап келу

2. «Туған жер»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
PAINT графикалық редакторы
PAINT графикалық редакторы
Paint графикалық редакторының құралдары
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті сақтау. Графиктік редактордың сурет салу құралдары
Ағашты тіліп жонатын станоктарында жұмыс жасау, ара, сүргі
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу түрлері. Ағаш өңдеу станоктарының құрылысы. Қауіпсіздік ережесі
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу. Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмысты ұйымдастыру. Қауіпсіздік ережелері
Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері
PAINT графикалық редакторымен жұмыс жасау
PAINT графикалық редакторы
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3410 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык