Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы


Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы

Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы

Сыныбы: 8-сынып

Пәні:  Физика

Пән мұғалімі: Раимова Гулчехра Рахимжановна

Сабақ тақырыбы: Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға  термодинамиканың бірінші заңы, және оның жалпы сипатының мәні , газ бен бу ұлғайғандағы жұмысы, изопроцесстер туралы түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Адамгершілікке, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, кеспе қағаздары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.    (2 минут)

Балалар, есек деген кімге жақсы?

«Есекті есек десең ақыра береді, ақымақты ақымақ десең жағаласа кетеді. Есектің ақырғаны -өзіне жақсы, ақымақтың айқайлағаны кімге жақсы? Ақылды адам есекке сын, ақымаққа мін тақпайды. Жетесізге 7 реттайтсаң да түсінбейді, есі жоққа екі рет айтсаң да күрсінбейді. Өмірде есекке ерсең есектің бірі боласың, айқайлай берсең есектің өзі боласың. »

Олай болса  есекке ермей, күшімізді терең білім алуға жұмсайық !

ІІ. «Көп ұпай кімге бұйырады?»  ойыны   (7 минут)

(Шарты: оқушыларға сұрақтар беріледі. Сұрақтың жауабын жылдам және дұрыс тапқан оқушы ұпай алады. Осылайша кім көп ұпай жинаса, сол оқушы ойын жеңімпазы болады.  «Көп ұпай иегері» алғыс хатымен марапатталады.)

«Көп ұпай кімге бұйырады?»  ойынының сұрақтары:

1. Термодинамика нені зерттейді?

2.   теңдеуінің мәнін айтыңыз

3. Қандай жағдайда     осы теңдеу орындалады?

4. Қандай қозғалтқышты бірінші ретті мәңгі жылу қозғалтқыштары деп атаймыз?

5.     теңдеуі нені дәлелдейді?

6. Кез келген мәшине қандай физикалық шамалардың есебінен жұмыс істей алады?

ІІІ. Жаңа сабақ. (15 минут)

Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:

Жүйеге берілген жылу  оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.

Термодинамикалық  жүйе ретінде  цилиндрдің  поршені астында  орналасқан газды  аламыз. Жылжымалы  поршень  цилиндр қабырғасын  бойлай   үйкеліссіз орын ауыстырады. Бастапқы күйде газдың температурасы қоршаған ортаның  температурасына  тең. Поршеньге  түсетін ішкі  және сыртқы  қысым р бірдей болғандықтан, поршень  тыныштықта тұрады. Газға  біраз жылу жылу мөлшерін берейік. Газ ұлғая бастайды және поршень  h қашықтыққа жоғары көтеріледі.

Изопроцестердің 3 түрі бар:

Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық    процесс деп атайды.

Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең.

 (а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі.

Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы:

Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды. (ә) –сурет.

Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды. (б) –сурет.

Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Психологиялық есте сақтау жаттығуы:     (1 минут)

«Есте сақтаңыз, ұмытпаңыз, қателеспеңіз!!!»

Аталған үш процесстің «Изо»  сөзінен соң әріптерге мән берейік, изо  Баралық процесс – Б әрпі Р әрпіне ұқсайды, демек, бұл процессте р – қысым тұрақты болады;

Изо Хоралық процессте Х әрпінің  үстіңгі бөлшегін аламыз V ға ұқсайды, демек,  V – көлем тұрақты болатын процесс;

Изо Термалық процесс демек, Т- температура тұрақты болатын процесс. Осылайша бір-бірінен ажырата, айыра аламыз.

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды.

Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен көрсетуге болады:

IV. Пысықтау.   (4 минут)

  1. Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады?
  2. Оның математикалық өрнегін жазыңдар.
  3. Қандай термодинамикалық процесті білесіңдер?
  4. Әр түрлі термодинамикалық процестер үшін термодинамиканың І заңын жазыңдар.

V. Есептер шығару. №1, №2, №3. (15 минут)

VI. Қорытындылау. (1 минут)

VII. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар марапатталады. (3 минут)

VIII. Үйге тапсырма:§§19, 20.  (1 минут)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Менделеев-Клапейрон теңдеуі
Молекулалық физика тарауын қайталау
Қаныққан және қанықпаған бу. Қайнау. Ауаның ылғалдылығы
Молекулалық физика негіздері
Термодинамиканың бірінші заны. Газ бен будың ұлғаюындағы жұмысы
Жылу машиналары
Физика пәнінен формулалар жинағы
Физика - әлем кілті
Физика - әлем кілті
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 10065 | Қосты: Раимова Гулчехра Рахимжановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык