|
|
Спорт – ел мақтанышы
Алтаев Балтабай Қарағанды
облысы Жезқазған қаласы
№1 ЖББ орта мектебі
денешынықтыру мұғалімі
Тақырыбы : «Спорт – ел мақтанышы »
Мақсаты : Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, оқушыларды жылдамдыққа, шапшаң әрі епті, алғыр , өз елінің патриоты болу баулу
Түрі : спорттық сайыс
Көрнекілігі : түрлі түсті шарлар , баннер ( нақыл сөздер ) , слайд
Әдісі : жарыс, сұрақ –жауап, ойын түрлері
Өту барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі
- Жүргізушінің сөзі
- Сайыстың шарттары
1. Топтың таныстыруы
2.Ұлттық ойындар
3. Жезқазғаннан шыққан спортшылар
4. Эстафеталық ойындар
Қорытынды
Жүргіуші : Құрметті ұстаздар мен ата –аналар , оқушылар ! Сіздерді бүгінгі Жезқазған қаламыздың 60 жылдық мерей тойы қарсаңында өткізілетін тәрбиелік іс-шарамыздың бірі – «» қош келдіңіздер ! Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін ,сараптайтын әділқазылар алқасымен таныстырып кетейін
Қасымов С.А. денешынықтыру ӘБ жетекшісі
Сансызбаева А.Т денешынықтыру мұғалімі
Жандаулетова Қ.Ж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жүргізуші : Тарихы көне заманнан бастау алатын, дәуірлеу кезі өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан басталған қаламыздың 60 жасқа толған күні құтты болсын!
Бауырына күн шуағын құйғызған,
Құшағына ен байлықты сыйғызған.
Сайын далаң Сарыарқа боп керілген,
Ұлылықтың өлшеміндей көрінген.
Сен кеңдіктің бастауысың, Жезқазған. – дей келе алғашқы кезекті қатысушы топтардың таныстыруына кезек берейік.
1 топ. «Ұлытау »
2 топ. «Кеңгір»
3 топ. «Мыс шаһары –Жезқазған»
Әр топтың таныстырулары тыңдалады .Әділқазылар бағалайды.
Жүргізуші : Асты ырысты кенге, үсті ынтымақты елге толы Жезқазған, бүгін саған арналады ән-жырым дегендей көрменге бір әсем ән жолдасақ.
Ән. Жезқазған
Жүргізуші : Қандай тәтті сары даланың таңғы әні,
Осы әуендер таңды таңға жалғады.
Сенде жатыр бабалардың қиялы,
Сенде жатыр ер Қаныштың арманы.- деп ақын жырлағандай ендіг кезекте ұлттық ойындар туралы тапсырмаға берсек. ( Қатысушы командалар берілген тапсырма бойынша баяндайды. )
1 тапсырма . Ақсүйек ойыны туралы не білеміз ?
2 тапсырма . Көкпар ойыны дегеніміз не ?
3 тапсырма . Тоғызқұмалақ қандай ойын ?
Музыкалық үзіліс : Хор «Елім менің » 8 а сынып оқушылары
Жүргізуші : Сенде жатыр батыр бабам ерлігі,
Сенде жатыр алты алаштың елдігі.
Қара тасы қазына болған, Жезқазған,
Сенің атың күллі әлемге белгілі!
Жезқазған – ғасырдың қаласы. Жезқазған – сары мыстың алтын сандығы. Жезқазған – тарих кітабына таңбасын қалдырған қала! десе бүгінде қаламыздың даңқын әлемге танытып жүрген спортшыларымыз көп .Ендеше сол спортшыларымыз жайлы ой толғасақ .
Жезқазғанның спортшылары туралы слайдтан көрсетіледі. Топқа берілген спортшының жеңістері жайлы айтады.
1 топ. «Ұлытау »
2 топ. «Кеңгір»
3 топ. «Мыс шаһары –Жезқазған»
Жезқазған спортшыларының даңқы республикадан асып, әлемдік жарыстарда да абыроймен аталып келеді. Тәжірибелі жаттықтырушылардың баптауынан өткен балуандарымыз бен боксшыларымыз талай жарыстарда Жезқазғанның атын асқақтатты. Халықаралық және олимпиадалық жарыстарда додаға түсіп, топ жарып жүрген ескекшілеріміздің айбыны тіпті асқақ.
Жүргізуші : «Мыңнан –тұлпар , жүзден –жүйрік » танылар сәт енді туғандай Эстафеталық ойын түріне кезек те кеп жетті.
- Қаппен жүгіру.
- Допты беру
- Секіру.
- Арқан тартыс.
- «Теңге ілу»
( ойын жүргізіледі , жеңімпаздар анықталады. Әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.Жеңімпаз топтар марапатталады)
Жүргізуші: Осымен қаламыздың 60 жылдық мерейтойына тарту ретінде өткізілген сайысымыз аяқталды. «Спорт – денсаулық кепілі» деп бекер айтпаса керек спортпен шұғылданыңыздар. Дені сау ұрпақ – ел болашағы екенін естен шығармайық. Сау болыңыздар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |