Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гүлдене бер, Қазақстаным, Отаным!


Гүлдене бер, Қазақстаным, Отаным!

Гүлдене бер, Қазақстаным, Отаным!

Тәуелсіздік күніне арналған

«Гүлдене бер, Қазақстаным, Отаным!»

 атты салтанатты іс-шараның жоспары

Дайындаған Тарих пәні оқытушысы Сүлейменова С.Н.

 

Мақсаттары:

Білімділік: Көрермендер мен білім алушыларға еліміздің тарихындағы қилы кезеңдерінен үзінді көрсету, тарихымызды одан әрі жете түсіндіру, оның ішінде Тәуелсіздігіміздің оңайлықпен келмегендігін ұғындыру болып табылады.

Тәрбиелік мәні: Ел азаматтарын отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Олардың  әрқайсысының еліміздің тарихы мен мәдени ескерткіштеріне, сондай-ақ мемлекеттік рәміздеріне құрмет танытуларын түсіндіру. Тәуелсіздігімізді бағалай білулеріне тәрбиелеу.

Дамытушылық: Көпшілікке осы тәрізді іс-шаралардың көмегімен, еліміздің тарихы туралы білімдерін дамыту болып табылады.

Әнұран

I жүргізуші Әли-Арыстан: Армысыздар құрметті қонақтар!

II жүргізуші Жұлдыз: Сәлеметсіздерме оқытушылар мен білім алушылар!

I жүргізуші Әли-Арыстан: Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады. Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған «Гүлдене бер, Қазақстаным, Отаным !» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз!

 II жүргізуші Жұлдыз: 16 желтоқсан – Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін  бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан  Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 23 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күн түзбеде  «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанында қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілді.

I жүргізуші Әли-Арыстан: Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, не бір тар жол тайғақ кешулер болды. Осы жылдар бойы тәуелсіздікті нығатып, еліміздің, халқымыздың қамын ойлап жүрген Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор.

II жүргізуші Жұлдыз: ортаға «Өз елім» әнімен Алтынбек пен Асылтемірді шақырамыз

Ән «Өз елім!»

I жүргізуші Әли-Арыстан: 200 жыл Патшалы Ресейдің отары болдық, 70 жыл           әкімшіл-әміршіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айрылдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

II жүргізуші Жұлдыз: Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты. Ол көтерілістер 1916 жылғы ұлы дүрбелеңге ұласты. 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді. 1920-1921, 1931-1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық- зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған-туыстарын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті. Сол бір замандардан өздеріңізге көрініс ұсынамыз

  I жүргізуші Әли-Арыстан: Көш келе жатыр!

33 мі тобының білімалушысы Дариға «Елім-ай» өлеңін мәнерлеп оқиды

Қара таудың басына көш келеді

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Қарындастан айрылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мыны заман қай заман,қысқан заман,

Басымыздын бақ дәулет ұшқан заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Көрніс «Көш»

 I жүргізуші Әли-Арыстан: 1920-33 жылдардағы адам айтса нанғысыз ашаршылықтан алты миллиондай адамның 2,2 млн апат болды. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ  батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта халық қаһармандарына Кеңес Одағының батыры деген абройлы атақ берілді. Олар: М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, М.Ғабдуллин, т.б.

Ән

II жүргізуші Жұлдыз: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы болды. Елдің егемендік аңсаған жастары алаңға шықты. Желтоқсан желі  дауылға айналды, өрттей қайнаған өжет жастар ұлттың намысын  құдіретін әлемге паш етті. Қазақстандағы  1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған, жапа шеккен азаматтар: Қ.Рысқұлбеков, Күзенбаев, Тайжұманов, Л.Асанова,  Есенқұлова,т.б.

 I жүргізуші Әли-Арыстан: Назарларыңызға 117 м/і тобы білім алушыларының Желтоқсан оқиғасы күніне орай дайындаған көріністерін ұсынамыз                                                          

  Көрініс 117 м/і тобы орындайды

 II жүргізуші Жұлдыз: Өте тамаша да әсерлі көрініс көрсеттіңіздер, сіздерге алғысымызды білдіреміз!

II жүргізуші Жұлдыз: Ортаға 11 еі тобының білім алушылары Гүлнұр, Алтай, Дамира және Айшаны шақырамыз

Гүлнұр: «Ләззат Асановаға»

Бота көзің боталап,

Қиянаттан қанталап,

Дәл он алты жасыңда,

Жан адам жоқ қасыңда,

Қырқыныңнан қиялдың

Қара жерге бұйырдың .

Алқара көк аспаның

Аяласын ,Ләззат .

Шейін болған жас жаның

Тыным алсын Ләззат

Алтай: «Ербол Спатаевқа»

Ел басына күн туса,

Елпілдеген Ерболым.

Қараша үйде түңіліктей,

Желпілдеген Ерболым.

Сұраймын деп еркіндік

Тас емхана , тас үйде

Серкілдеген Ерболым.

Қанішердің қолында

Қансыраған Ерболым.

Өтеріңде,Алладан

Жан сұраған Ерболым.

Айша : «Желтоқсан» атты өз өлеңін оқиды.

 II жүргізуші Жұлдыз: Ақылбек, Дәурен және Асылтемірдің орындауында

 «Қасқалдақ» әні

Тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз туралы ой-толғаулар мен пікірлерден үзінді:

Нұргүл: Даңғыл.... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл Тәуекел қайғыны мініп, тәуелсіздік даңғылына  түскенімізбе -23 жыл толды.                   

 Эльмира: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік ата-баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға  ендірді.        

 Назерке: Тәуелсіздік - ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қаз тұрғызып, «Қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елендетті, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата жұртты сүйдірді.                                                                                                                                  

Айзат: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде сүрініп, жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым «Менің тірегім байтақ Қазақстан» деп маң-маң басатын болды. Өркениеттің соқпағында елеусіз жатқан еліміз заман ағысына қосылды

I жүргізуші Әли-Арыстан : Аянай мен Зәурештің орындыуында

«Туған жерім» әні

Ән «Туған жерім»

II жүргізуші Жұлдыз: Ортаға  «Қара жорға» биін орындаушы 117 м/і тобының  білімалушылары Совет  Зұлқарнай мен Болатбай Табиғатты шақырамыз

Би «Қара жорға»

 II жүргізуші Жұлдыз:

Сен дегенде Қазақстан!

Жүректен от лаулап ұшқан.

Гүлдей жайнап көркейе бер,

Егеменді Қазақстан!

 

I жүргізугізуші Әли-Арыстан:

 Аман бол, жаңа ғасыр –жарқын заман,

Аман ба? Жаңаша күн жарқыраған.

Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет,

Қазақтың қасиетті ел екенін!

Құрметті  Қонақтар, оқытушылар мен білім алушылар! Бүгінгі  тәуелсіздік күніне  арналған салтанатты іс-шарамызды жабық деп жариялаймыз. Келіп,  тамашалағандарыңызға алғысымызды білдіреміз! 

 

 

 

 

Көш (Сахналық көрініс)

(Көш келеді, азып тозған, шаршаған халық әрең басып келеді, жүре алмай құлап қалғандарын екінші біреулері тұрғызуға әрекет етеді. Әйелдердің қолдарында түйіншектері бар, кейбіреуінің  қолында жас сәбилері бар. «апа, қарным ашты, нан жеймін» деген баланың дауысы естіледі. Көшті бастап келе жатқан ақсақал аздап дамылдауды ұсынды....)

Ақсақал: Ау халайық! Көшіп келе жатқанымызға екі күн уақыт өтті, біраз дамылдап алайық....

(бәрі жерге құлай келеді, кейбіреулері сол жерге қос құра бастайды)

Ақсақал: А, Құдай! Мына заман не болып кетті, бәрімізді қаңғыртып, мына халықтың  жайы не болады енді, қайтемін?!

Бәйбіше: Қой отағасы, басқа түссе баспақшыл деген, қайтеміз көнеміз де, Заман бұлай тұра бермес оңалар, өзіңді қинай берме отағасы.

Жас келіншек: (қолындағы баласы жайлы) айналайын балам-ау, жыламашы енді, қойшы ботақаным, онсызда әкеңнен айырылып қиналып келем , барым да нарым да сен қалдың, жылама құлыным, бәрімізді жылатып қойған мына тағдарға не шара ?!

(жылап сахнадан кетеді)

Жас қыз: Айналайын елім, жерім, кең далам өзіңе симай  кеті барам, қайтейн?! Самал жел, есіңдеме екеуміз талай сыр бөлісіп едік қой, сені де қимай кетіп барам, қош бол елім, қош! (жылап кете барады)

(бірер үнсіздіктен кейін)

Ақсақал: Қой, жиналыңдар көшті жалғастырайық...

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Отаным-атамекен
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Тәуелсіздік тұғырың, егемендік елдігің
Тәуелсіздігім-мерейім!
азаматтық парыз, борыш
Желтоқсан жаңғырығы
« Елі сүйген ер »
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6956 | Қосты: Сүлейменова Сара Нұрсейітқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык