Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көсемшенің сөйлемдегі қызметі. Толымды және толымсыз сөйлем.


Көсемшенің сөйлемдегі қызметі. Толымды және толымсыз сөйлем.

 Көсемшенің сөйлемдегі қызметі. Толымды және

толымсыз сөйлем.

 

Сабақтың тақырыбы:   

7-сынып

8-сынып

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Толымды және толымсыз сөйлем

                                         

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   

Нақты мысалдар келтіре отырып, көсемшенің сөйлемдегі қызметі жайлы түсінік беру

 Өткен тақырыптарды пысықтай отырып, толымды және толымсыз сөйлемдердің ерекшелігін таныту

Дамытушылық:

Оқушылардың ізденімпаздық  қасиеттерін дамыту,  шығармашылыққа  баулу, өзінің ойын еркін жеткізуге  дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Халқымыздың тарихына, әдебиетіне, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдісі: шаттық шеңбері,  тест, Блум таксономиясы, ойын, топтастыру, сұрақ-жауап, рефлексия

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар ,  кітаптар,  үлестірмелі карточка

Пәнаралық байланыс:  тарих, музыка, қазақ тілі, орыс тілі,

 

Сабақтың барысы:

 І. Кіріспе

 Ұйымдастыру.

 Шаттық шеңбері                              

Сыныпты сабаққа ұйымдастыру (ынтымақтастық атмосфера орнату)
Шаттық шеңберін құрады: «Сен әдемі сөздерді білесің бе?»
 

 Үй тапсырмасын тексеру:

7-сынып

8-сынып

Тест сұрақтары

 1 Есімшенің тәуелденуі

А) берермін        В) берерім          С) берерден

2. Адасқанның айыбы жоқ.Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) анықтауыш   В) бастауыш       С) пысықтауыш

3. Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) толықтауыш   В) бастауыш    С) анықтауыш

4. Есімшенің көпше түрде жіктелуі

А) келгенмін      В) келгенбіз      С) келгенде

5. Есімшенің септелуі

А) көрмесім      В) көрмеспіз     С) көрместен

6. Ол өзен жағасына бармақ болып тысқа шықты.Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) пысықтауыш      В) толықтауыш     

С) анықтауыш

  1. Бермегенді беріп ұялт. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) пысықтауыш       В) толықтауыш     С) бастауыш

  1. Еңбек етсең емерсің. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) бастауыш        В) пысықтауыш         

С) баяндауыш

Блум түймедағы арқылы өткен тақырыптарды пысықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       

Сұрақтар:

  1. Қарапайым сұрақ.Жай сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
  2. Анықтамалық сұрақ. Бір жай сөйлемге талдау жаса.
  3. Интерпретациялық сұрақ. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын түсіндір?
  4. Шығармашылық сұрақ.Жақты және жақсыз сөйлемге мысал құра?
  5. Бағалау.Жай сөйлем тақырыбынан не алдың?
  6. Тәжірбиелік сұрақ. Жалаң және жайылма сөйлемге қатыстырып өлең құрастыр        

Жаңа сабақтың тұсаукесері

 

Қызығушылықты ояту

7-сынып

8-сынып

«Көсемше туралы не білеміз?» тақырыбында кластер құрастыру

 

 

 

 

«Кім жылдам айта алады?» ойыны

Шарты: Ойынға қатысушыларға жай сөйлемнің барлық түрлеріне бірден мысал айтып, айтқан мысалдардың дұрыстығын дәлелдеп беру тапсырылады. Тапсырманы жылдам орындап әрі дұрыс дәлелдеп беру тапсырылады. Тапсырманы жылдам орындап әрі дұрыс дәлелдеп берген балалар жеңімпаз болады.

 

ІІ.Негізгі бөлім

 

Мағынаны тану

7-сынып

8-сынып

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі жайлы түсінік беру

1.Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы болып, ал көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен  барғанын Абай дәл білмейді. (М.Әуезов)

2.Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. (Абай)

3.Кейде көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшемен, тұйық етістіктен болған толықтауышпен бірыңғай мүше болып келіп те қызмет атқарады. Мысалы: Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім. (Ы.Алтынсарин)

 

Жаттығу жұмысы

187-жаттығу

Көсемшелерді тауып, сұрақ қою арқылы олар сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.

 

Тақтада жұмыс

Төменде берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау жасау

Мүсіреп пен Ұлпан қатар шауып келеді. Атпен бірге жаралғандай ұшып барады.

 

Жұптық жұмыс

«Мереке күні» тақырыбында жұптаса диалог құрыңдар.

 

 

 

 

Толымды және толымсыз жай сөйлемдер туралы түсінік беру

Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем – толымды сөйлем

Мен (кім?) көлеңкедегі (қайдағы?) екеуді (кімді?) бірден (қалай?) тани алмадым.(қайттім?)

 

Толымсыз сөйлем – айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.

Келгендерді байқамады. Сөйлемде Ол деген сөз түсіп қалды. 

 

Жаттығу жұмысы

82-жаттығу

Төмендегі мәтіннің сөйлемдерін толымсыз сөйлемдерге айналдырып көріңдер.

 

 

Сергіту сәті.

Музыкалық әуенмен дене қимылдарын қозғалтатын жаттығулар орындатқызу

 

188-жаттығу

Мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып, олардың қай жақта жіктеліп тұрғанын айтыңдар және тұлғалық талдау жасап, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңдар.

 

 

Сабақтың қорытындысы:

1 Көсемше дегеніміз не?

2 Көсемшенің жұрнақтары қандай?

3 Көсемше қалай түрленеді?

4 Көсемшенің сөйлемдегі қызметі қандай?

          

 

 

 

Үйге тапсырма.

190-жаттығу, 119 бет

 

 

Бағалау

 

83-жаттығу

Мәтіндегі кездесетін толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемдерге айналдырып жазыңдар. Мәтіннің көркемдігіне, автордың кейіпкер көңіл күйін жеткізу тәсілдеріне нұсқан келе ме, пайымдаңдар.

 

Сабақтың қорытындысы:

Топтастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: 

«Жай сөйлем патшалығы» тақырыбында әңгіме құрастыру

 

 Бағалау      

Рефлексия (Кері байланыс)
«Ым-ишара» арқылы сабақтан алған әсерлерін білдіреді

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жай сөйлем түрлерін қайталау
Жаттығу жұмысы
Пысықтауыш
Толымды және толымсыз сөйлем
Көсемшенің түрленуі
Етістікті қайталау
Сөздердің байланысу тәсілдері
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша
Қазақ тілі 8 сынып
Толымды және толымсыз сөйлемдер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7940 | Қосты: Акипова Сания Казезтаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык