Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Енгізу автоматтандыру құралдарын пайдалану


Енгізу автоматтандыру құралдарын пайдалану

Енгізу автоматтандыру құралдарын пайдалану

Зертханалық жұмыс №7.2.

Тақырыбы: Енгізу автоматтандыру құралдарын пайдалану

  1. Excel программасы іске қосыңыз және бұрын даярланған Кітап.xls жұмыс кітабын ашыңыз.
  2. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка→Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және оны Әр айдағы қосымша шығын деп атаңыз.
  3. А1 ұяшығын ағымдық етіп, оған келесі мәтінді енгізіңіз: Айлар.
  4. В1 ұяшығына ағымдық етіп, оған келесі мәтінді енгізіңіз: Шығындар.
  5. А2 ұяшығын ағымдық етіп, оған келесі мәтінді енгізіңіз: Қаңтар 2003. Enter пернесін басыңыз. Мәтіннің автоматты түрде дата болып танылғандығына көз жеткізіңіз. Жоғары (Вверх) пернесін басыңыз. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша, Пішім→Ұяшықтар(Формат→Ячейки) командасын орындаңыз және дата жазбаларының басқа пішімін көрсетіңіз.
  6. Тышқан нұсқағышын ағымдағы ұяшықтың қоршауының оң жақ төменгі бұрышында орналасқан толтыру маркеріне орналастырыңыз. Тышқанның оң батырмасын басып, А2-ден А25-ке дейін төмен түсіріңіз.
  7. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Ашылған менюден Айлар бойынша толтыру бөлімін таңдаңыз. Ай атауларын толтырыңз. А бағанында барлық айлармен қоса, 2004 жылдың желтоқсаны кіргеніне көз жеткізіңіз.
  8. Берілген мысалда алғашқы айдың шығыны 200 теңге деп алып, ал әрбір кейінгі айда шығын 10% өсті деп есептеңіз. В2-ні ағымдық ұяшық етіңіз. Оған 200 санын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.
  9. В2 ұяшығына тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден ұяшықты пішімдеу бөлімін таңдап аламыз. Сан (Число) қыстырмасынан Қаржылық (Денежный) нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басыңыз. Осы сан қаржылық сома ретінде жазылғандығына көз жеткізіңіз.
  10. Тышқанның оң батырмасымен толтыру маркеріне шертіп, қоршауды В2 ұяшығынан бастап, В25-ге дейін қамтитындай етіп созыңыз. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Ашылған менюден Прогрессия бөлімін таңдап алыңыз.
  11. Тип панеліндегі ауыстырып-қосқышты Геометриялыққа қойыңыз. Қадам (Шаг) өрісіне 1,1 мәнін енгізіңіз. Ок батырмасын басыңыз.
  12. С1 ұяшығына Өсу қорытындысы мәтінін енгізіңіз.
  13. С2 ұяшығын ағымдық етіңіз, оған =B2 мәтінін енгізіңіз. Бұл формула С2 ұяшығының мәні В2 ұяшығының мәніне тең екенін білдіреді. Егер В2 ұяшығындағы мән өзгерсе, С2 ұяшығында да өзгереді.
  14. С3 ұяшығына шертіңіз. Формула жолындағы Формуланы өзгерту (Изменение формулы) белгісін шертіңіз В3 ұяшығына шертіңіз. Бұл ұяшыққа сілтеме формулалар жолында орналасқандығына көз жеткізіңіз. «+» пернесін басыңыз. С2 ұяшығына шертіңіз. Enter пернесін басыңыз.
  15. С3 ұяшығын тағы да ағымдық етіңіз. Тышқан нұсқағышын толтыру маркеріне апарыңыз, тышқанның сол жақ батырмасын басып қоршауды С2-С25 ұяшықтарын қамтитіндай етіп созыңыз.
  16. С бағанындағы кез-келген бір ұяшыққа шертіңіз, ол жерде қандай формула жазылғанын көріңіз. Бұл формулалардың барлығы салыстырмалы адрестеу принципі бойынша түзетілгеніне көз жеткізіңіз.
  17. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Web – бетті көру және сақтау
Жұмыс үстелінің безендірілуін баптау. Сілтеуішпен жұмыс істеу. Windows 98 жүйесімен және Себетпен жұмыс істеу
Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу
Диаграмма тұрғызу
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану. Excel программасының құралдарымен х3+6х2-15х+8=0 теңдеуінің шешімдерін есептеу
Мәліметтер базасына қолданылатын қарапайым амалдар
Құрама кестенің тұрғызылуы
Енгізілген мәліметтерді тексеру режімін баптау
Алғашқы қалыпты даярлау
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2463 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык