Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Пиноккио қызықтары


Пиноккио қызықтары

Пиноккио қызықтары

Шет ел әдебиеті

Карло Коллоди

Пиноккио қызықтары

(Пиноккионың басынан кешкендері)


     Әдетте барлық ертегілер басталарында баяғы бір замандағы кейіпкерінің пайда болғанынан баяндалады. Сол сияқты біздің ертегіміз де бір нәрсенің болғанынан басталмақ.

 «Мүмкін, ол патша шығар», –деп менің кішкентай оқырмандарымның ойлайтыны анық. Жоқ, балалар, ол – патша емес! Баяғы бір замандарда   ағаштың бөлшегі  болған деседі. Оны тапқан қарт адамның ағаш бұтағын қайдан алғаны белгісіз, бірақ біздің әңгімеміз оның шеберханасынан басталмақ. Қарияның аты – Антонио еді.Оны барлығы Антонио шебер деп атайтын.

  Сонымен қарт өзінің орындығына жаңа аяқ жасағысы келді.  Қолына балтасын алған күйі ағаш бөлшегін шапқылап, қызу іске кіріседі. Кенет «Мені қатты ұрма!» – деген оқыс дыбыстан селк ете қалады. Шошынған шебер айналасына көз тастайды. Алайда, бөлмеде өзінен басқа ешкім жоқ екені белгілі. Орындықтың, кереуеттің астын, тіпті, бөлмесінің есігін ашып көреді. Ешкім де көзіне ілінбейді. Құралын қолына қайта алып, жұмысын жалғастыра береді.

  –Мені ұруыңды тоқтатсаңшы! – деді тағы да әлдене дауыс. Арада не болғанын түсіне алмаған Антонио шебердің аузы ашылып қалыпты. Ал керек болса?!

Антонионың ағаш бөлшегін досы Джеппеттоға беруі

Дәл осы сәтте досы Джеппетто келе қалды.

–Қайырлы күн, шебер Антонио, – деді Джеппетто көңілденіп, – мына ағаш бөлшегімен не істегелі жатырсың?!

– Орындығыма жаңа аяқ орнатамын.Сені маған не айдап келді, айта бер?

– Жай өзім... Айтпақшы, Антонио шебер, сізден бірдеңе сұрайын деп едім?

– Құлағым сенде! Саған көмектесуге әрқашан дайынмын ғой.

– Мына ағаш бөлшегін маған берсең қайтеді, а? Мен одан қуыршақ жасамақ ниеттемін. Егер ол қуыршаққа айналса, міндетті түрде акробаттарша секіріп билейтін болады. Сөйтіп, қаладан қалаға қыдырып қуыршағымның өнерін адамдарға тамашалатамын. Содан соң  мына қу тіршілікке басымды ауыртпасам да болады. Бұл жоспарым туралы сен не ойлайсың?

 Антонио шебер мейірімді еді. «Ағаш бөлшегі енді сенікі»,– деді Джеппеттоға беріп тұрып. Ризашылық білдірген Джеппетто ағаш бөлшегін үйіне ала келді.                                               

Джеппетто жасаған ағаш қуыршақ

Джеппеттоаядай бөлмеде ғана тұрды.Оның бөлмесінде орындық, кереует және ескі үстелден басқа айтарлықтай ештеңе жоқ еді.Көне үстеліне әкелген «олжасын»  қоя салысымен пышағын алып дереу іске кірісіп кетті.Қуыршақ жасамақшы.

«Есімін кім деп қоямын?» – деді іштей. – Меніңше бұған Пиноккио деген есім жарасатын сияқты.Өте керемет есім!Ол ең алдымен қуыршақ шашының сұлбасын келтірді. Кейін басы мен көзіне көшті. Пиноккионың көздері дайын болғанда, Джеппеттоға қарай бастады. Енді шебер қуыршақтың мұрнын қолға алғаны сол еді, кенет оның сорайып өсіп бара жатқанын байқады.Әдеттегі мұрынға мүлде ұқсамайды.Тіпті ұзын болып өсіп барады. Қолындағы құралымен қысқартып тастаған шеберге де көнбейді.Тағы сол әрекетін қайталап көріп еді, бұдан ештеңе щықпады.Сол баяғы қалпы.

 «Қуыршағым ұзын мұрынды қалайтын болар?!», – дейді өзіне-өзі. Содан соң аузын жасауға көшті. Енді Пиноккио дайын болған аузымен оған күле бастады. «Тоқтат!» – дейді Джеппетто. Бірақ, қуыршақ сол қылығын қайталай берді.

 «Мынауыңды тоқтат, деймін саған!». Аузы күлуін тоқтатқанымен кейін басқа мінез көрсетіп ұп - ұзын тілін шығарды. Джеппетто жұмысын тоқтатпады. Қуыршақ жүзін бітіріп, дене пішінінің қалпын, содан соң қолы мен шынтағының формасын келтіре бастады.

  Кенет, Джеппетоның қалпағын біреу алғандай болды. Айналасына қарайды. Не көріп тұр өзі?! Қызық, оның қалпағы қуыршағы– Пиноккионың басында.

 –Пиноккио, қайтар қалпағымды естіп тұрмысың?!

Қалпақ әлі қуыршақта, әйткенімен, оның оны қайтаратын түрі байқалмайды. Джеппетто біраз ашулы болғанымен оған ешнәрсе дей алмады. Сол жұмысының қарқынын тоқтатпаған күйі  аяғына кіріскен еді. Аяғының дайын болғанын пайдаланып,ол енді «әкесінің» мұрнының үстінен теуіп қалды.

 –Сен жаман баласың, – деді оған ашынып кетіп, – өте жаман баласың!

   Кезегі келгенде Джеппетто оған жүруді көрсетіп, аяқ адымдауды үйрете бастады. Пиноккио алдымен жүруді, содан соң жүгіруді бөлме ішін айнала үйренді. Жүру мен жүгіруге машықтанып алған қуыршақ  терезеден көшеге секіріп түсіп, желаяқ болып барады.Оның артынан қуған Джеппетто безек қағады.

«Тоқтат оны, тоқтат!» – деп айқайлайды әкесі, полиция қызметкеріне. Сақшы ұстауға тырысқанымен қуыршақ одан қатты жүгіріп кетті.

Қалаға жақын маңда

(Пиноккионың қала маңында жүруі)

 Пиноккио күні бойы қалаға жақын жерде жүрді. Кеш келе жаңбыр басталды.  Тоңа бастады.Оның үстіне қуыршақтың қарны аш та еді.Көшеде бірде-бір тірі жан кездеспеді. Тіпті әншейінде шәуілдеп үріп жыныңа тиетін ит те көрінбейді. Аздан соң көшедегі үйлердің бірінің біреу- міреу ашар деген оймен есігін ұрды.

«Әбден кеш болғанда саған не керек?»–дейді терезенің ар жағынан айқайлаған кішкентай бойлы қарт адам.

– Өтінем, өтінем! Кішкене нан... нан... нан бе-рі-ңіз-ші, – дейді өлімсіреген күйі.

– Осы жерде кішкене күте тұр, аздан соң қайтіп келемін! – деді әлгі кісі. Сосын ішінен: «Біздің көшедегі үйлердің есіктерін қағып, қашып кетіп жүрген балалардың бірі емес пе екен?»– деген күмәнді ой туды басына. Аз уақыттан соң терезе қайта ашылып: «Терезеге жақында да басыңдағы қалпағыңды шеш!» – деген әмірлі дауысты Пиноккио анық естіді. Жаңағы ергежейлі қария болса керек. Пиноккио басынан қалпағын алып, терезенің алдына келді. Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар, менің оқырмандарым?         Өзінің үстіне судың қалай тез құйылғанын Пиноккио аңғармай да қалды.  

 Ағылшын тілінен аударған  Жеткеншек Меңдіғалиұлы

Отқа оранған аяқ

 Аздан соң Жеппеттоның үйін тауып, ішіне енісімен есігін жауып алды.Суық пен аштық әбден әлсіреткен ол тұруға шамасы келмей, жылы ошақтың қасына таман басылып отырды.Әбден мұздағаны сонша – қос аяғын ошақтың қасына жақын тастады. Денесі лезде жылынып, ұйқының белгісі біліне бастады.Бірақ, жылынам деген жоспарының шектен шығып, ағаш аяғының жанып кетерін байқамаған-ды.Ұстап алған ұйқының уысынан шықпай ештеңені сол күйі сезбеді де. Кенет, тықылдаған есік дыбысынан көзін ашты.

– Кімсің? – деді Пиноккио.

– Мен – деп жауап қатады сырттан.Бұл Жеппеттоның даусы болатын. Қуыршақ орнынан ұшып тұрып, есікті ашуға ұмтылғанымен төмен қарай құлай берді.Сырттан: «есікті ашсаңшы?» – деген әкесінің даусы айқайлайды.

– Әке, мен ашуға шарасызбын!–деді берген жауабы.

– Неліктен аша алмайсың?

– Себебі, мен аяғымнан айырылдым!

– Тағы айтамын есікті аш!–деді Жеппетто.

– Орнымнан тұра алмаймын.Мен не істеймін.Мен не істемекпін?

 Бөлме ішіне Жеппеттоның өзі терезеден кірді.Алғашында қуыршаққа ренжіген-ді. Енді кейін Пиноккионың аяқсыз екендігіне көз жеткізген соң одан кешірім сұрады.Ол оның қолын ұстаған күйі сүйе берді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еске алам, сағынышпен
"Дарабоз" танымдық сайысы
Қош бол, балдай тәтті балабақша!
Бозторғай - дала сәні
​Қоян мен бұғы.
Бала тілі-бал
«Қуыршақтардың киімдерінің түстері»
Ұлы жолдың бастауы
Диалог және монолог арқылы оқушылардың сөйлеу және ойлау қабілетін арттыруға арналған қосымша мәтіндер жинағы
Жеті лақ
Бөлім: Уроки / Ағылшын тілі | Көрсетілім: 1888 | Қосты: Меңдіғалиев Жеткеншек Меңдіғалиұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык