Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қасым Аманжолов. «Қазақстан».


Қасым Аманжолов. «Қазақстан».

 Қасым Аманжолов. «Қазақстан».

Тақырыбы:  Қасым Аманжолов. «Қазақстан».

Мақсаты: Берілген мәтіндерді, өлеңдерді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқу     

                   арқылы  мағынасын меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың түсінгенін әңгімелеп айтып беру,        

                                 дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, жазба    

                                  тілдерін жетілдіру, ауызша сөйлеу  дағдыларын арттыру.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың туған жерге деген ыстық сезімін ояту,

                      әр баланың елін, Отанын қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бейне – фильм «Қазақстан»  Қасым Аманжоловтың суреті,  

                      «Бәйге» ойыны, Қасым Аманжоловтың өлеңдер жинағы, 

                    Қазақстан картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ізденімпаздық,  шығармашылық, проблемалық,

                           сұрақ – жауап.

Пән аралық байланыс: дүниетану, музыка,  қазақ тілі.

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

                «Кім дейміз?»

                Кітап, дәптер, қалам

                Кір шалмаған баланы

                «Кім дейміз?» (Ұқыпты екен дейміз)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.Т. Молдағалиев «16 желтоқсан»

«Бәйге» ойыны арқылы тексеру. Онда оқушылар өздері ұпай таңдайды:

                                                  

  1. Ортадағы 50 – Суретте кімнің бейнесі?  ( Т. Молдағалиев)
  2. Бейне сұрақ:   Ортадағы 40 -  Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған қай күн?
  3. Оң жақтағы 20 – «16 желтоқсан» өлеңін жатқа айт
  4. Сол жақтағы 30 – Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігі жолында мерт болған кім?
  5. Сол жақтағы 20 -  Өлең неліктен «16 желтоқсан» деп аталады?
  6. Оң жақтағы 30 – Қайрат Рысқұлбеков туралы не айтар едің?

 

  1. Жаңа сабақ

1991 жылы Тәуелсізідік алған қай мемлекет деп ойлайсыңдар? (Қазақстан) (Астана, OSСE туралы айту).

- Ендеше бүгін «Қазақстан» атты өлеңді  жазған Қасым Аманжолов туралы  оқып, танысайық.

 

(1911 – 1955 ж.ж)

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

 

Қазақтың  дүлдүл ақыны                                                    «Нұрлы дүние»

«Дауыл» атты өлеңдер

жинағы, поэма

                   

ҰОС қатысқан жауынгер

 

Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. 1955 жылы 17 қаңтарда  Алматы қаласында қайтыс болды. Қасым жастайынан жетім қалып, Семейдегі балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда бастауыш білім алған.

          Бұдан соң  Семейдегі мал дәрігерлік техникумын бітірген. Кейіннен  Пушкин атындағы  Орал педагогикалық  институтында  оқып, білім алған. Тұңғыш өлеңі Орал қаласынан  шыққан «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған.

          Ұлы Отан Соғысына қатысып, жаудан елін қорғаған жауынгер. Оның бірнеше поэмалары мен өлеңдер жинағы бар.

         

          Бүгін ақынның «Қазақстан» өлеңімен оқып, танысайық.

а) Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу (картадан Қазақстан жерін, Балқаш көлін көрсету)

ә) Әр шумағын  дауыстап оқу, ондағы негізгі ойды табу.

1-шумақ. Жеріміздің киелі қасиетті екендігі,  балалардың бақыттылығы.

2-шумақ. Даламыздың кеңдігі,  халқымыздың еркінділігі,  азаттылығы сезіліп тұр.

(Ата заңымызға 15 жыл, Декларацияға 20 жыл және рәміздер туралы айтып өту).

 

  1. Сөздік жұмыс

Балқаш – Балқаш көлі және  оның  маңындағы  өндірісті  қала.

Қас тағдырдың қиқаңы – қиындықтың  ауыртпалығы.

(Бұл сөздерді сандыққа салу).

 

  1. Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.

 

  1. Сұрақ – жауап.
  2. Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы.
  3. Ақын неге қуанып шаттанады?
  4. «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?

 

  1. Өлеңнен ақын қолданған көркем сөзді (сөз тіркесін) табу

 

 .  .  .  

                    жеріміз.                               құл  .  .  .

.  .  . 

                              .  .  .  намысы

 

 .  .  . 

                    қазақпыз.                            .  .  .   жанбыз

.  .  . 

 

 

                    .  .  .

азат           

                    .  .  .

 

  1. Сабақты қорытындылау.
  2. «Қазақстан» өліңін жазған кім?
  3. Қай жылы, қай өңірде дүниеге келді?
  4. Қандай шығармалары бар?
  5. Қасым Аманжолов кім?

 

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма: «Қазақстан» өлеңін жаттау 97-98 беттер.
  3. Сабақты  Қ. Аманжоловтың «Туған жер» әнімен аяқтау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қ.Аманжолов. «Өзім туралы»
Қасым Аманжолов «Дауыл»
Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақстан. Қ.Аманжолов
Туған жер. Қасым Аманжолов
Қасым Аманжоловтың тәлімді – тәрбиелі өлеңдері
Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3305 | Қосты: Қойшубаева Кумис Балтакаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык