Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.


Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.

Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.

Тақырыбы: Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.

Мақсаты: Пайдалы қазбаларды өндіру әдісімен таныстыру.

Міндеті:

  1. Пайдалы қазбаларды өндіру әдісі олардың орналасуына байланыстылығын анықтау.
  2. Пайдалы қазбаларды өндіруге қандай техника керек екендігін түсіндіру.
  3. Пайдалы қазбаларды үнемдеу және қорғауға үйренеді.

Әдістері: Сөздік, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру, тест.

Түрі: Аралас  сабақ.

Ақпараттық құралдар:  компьютер, экран, мультимедиалық                                                         проектор.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.

Ауа райын бақылау. Бақылау күнделігінің 39-бетін ашып белгілеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест.

1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

      А) 2

      Ә)3

      Б) 4

2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

А) тас көмір, мұнай, газ

Ә) мұнай, гранит, мыс

Б) газ, тас көмір, қорғасын

3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?

А)газ

Ә)құм

Б)металл

4.Тас көмірдің  аса ірі кен орны қайда орналасқан?

А)Өскемен, Семей

Ә)Қарағанды, Екібастұз

Б)Маңғыстау, Атырау

5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?

А)тас көмір, мұнай

Ә)қорғасын, алюминий

Б) мұнай, газ

6.Кенді пайдалы қазбаның мол  шоғырланған жері қайда?

А) Шығыс Қазақстанда

Ә)Орталық Қазақстанда

Б)Солтүстік Қазақстанда

7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?

А)тұз, фосфорит,әктас

Ә) мұнай, гранит, тұз

Б) фосфорит, газ, металл

8. Бос тау жынысына не жатады?

А)құм, цемент

Ә)мұнай, газ

Б)құм, саз

9. Кен орны деп нені айтады?

А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері

Ә)пайдалы қазбаларды  өндіру әдістері

Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

10. Гранит қай тау жынысына жатады?

А) тығыз

Ә) бос

Б)жанғыш

Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.

  1. Ә                         6.ә                       1 қате – “5”
  2. А                         7.а                       2 қате – “4”
  3. Б                          8.б                       3 қате – “3”
  4. Ә                         9.а                       4 қате – “2”
  5. Б                          10.а

3.Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Суреттермен жұмыс. Пайдалы қазбаларды үш түрлі әдіспен өндіретінін көрсету. Мұнайды бұрғылау әдісі арқылы құрлықта да су түбінен де өндіреді. Оны темір жол арқылы немесе су жолы арқылы тасымалдайды(танкер). Оларды құбырлар арқылы да тасымалдайды.Мұнайды тасымалдау өте қиын. Тасымалдау кезінде әр түрлі апатты жағдайлар болуы мүмкін. Мұнай мен бірге газ да өндіріледі.

-Қазақстанның қай жерлерінде мұнай мен газ өндіріледі? Картадан көрсет. Ең көп шоғырланған жері қай жер?

         Тас көмірді ашық карьерде немесе жер қойнауында болса шахта қазып та өндіреді. Оны арнайы бұрғылайтын комбайн арқылы бұрғылап алады.

-Қайда тас көмір өндіріледі? Картадан көрсет? Ол көмірдің қандай түрі?

Тасымалдағанда көбінесе темір жолды пайдаланады.

Шымтезек кенге жатпайтын пайдалы қазбаның түрі. Бұған алдымен алаң дайындалып одан кейін өндіріледі. Шымтезекті өндіріп болғаннан кейін ол дер болотаға айналады.

-         Шымтезекті не ретінде пайдаланады?

Мынау кенді пайдалы қазбаны өндіру жолы. Металды осылай өндіреді. Өндірілген кенді пайдалы қазбаны металлургия зауытына апарады. Онда металды домна пешінде қатты қыздыру арқылы алады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбек жолын осы металлургия зауытында бастаған.

-         Темір қай жерлерде өндіріледі? Картадан көрсет?

Сазды Қазақстанның барлық жерінде өндіреді деп айтуға болады. Құмды ашық карьерден де, су түбінен де өндіреді.

-Оны қайда қолданады? Таза құмнан не жасаушы еді?

Тұзды ашық карьерден өндіреді.

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді талдай отырып оқыту.

Бақылау күнделігімен жұмыс.

37-беттегі кестені жалғастыру. Табиғи газ бен мұнай жайлы толтыру.

Кескіндеме картамен жұмыс. Мұнай мен газды картада белгілеу.

4.Бекіту.

Схема арқылы алған білімдерін бекіту.

Қорытындыла (схема бойынша мысал келтіріп

 

nПайдалы қазбалардың қоры шексіз емес.

nОны қорғауға өз үлесіңді қос.

-Өз үлесіңді қалай қосатының жайлы пікірлеріңді айтыңдар.

Бағалау.

Үйге тапсырма:102,103 – беттерді оқу, мазмұндау,

 мұнайдан жанармайдан басқа не

өндірілетінін табу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Қазақстанның пайдалы қазбалары.
Пайдалы қазбалардың түрлері
Топырақтың ерекшелігі және құрамы.
Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау
Кенге жатпатын пайдалы қазбалар.
Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар
Еуразия материгінің пайдалы қазбалары
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6727 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык