Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»


Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»

 Ғабит Мүсірепов   «Ана құшағында»

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов   «Ана құшағында»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру. Мәтіндегі ана туралы жазған жазушының жалынды, көркем, әсерлі сөздері арқылы баланың анаға деген махаббат сезімін сезінуге баулу.

Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой - өрістерін, тілін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Отанын сүюге, ізгілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, ой қозғау, топтастыру, танымдық ойындар, дамыта оқыту.

Көрнекілігі: Зымыранның суреті, автор суреті, сөзжұмбақ, ананың суреті, ғажайып жетіліктің суреті, жұлдыздар.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.

 

Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру бөлімі:

-         балалар, қазір қай сабақ?  Ана тілі сабағы.

-          Ендеше, мына өлеңді бірге айтайық!

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр - әнім.

-         балалар, бүгінгі ана тілі сабағымыз күндегі сабақтардан ерекше. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. «Зымыран сұрақтар» арқылы үй тапсырмасын пысықтайық.

 

  1. «Үлек» дегеніміз не? Оған сипаттама бер.
  2. Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
  3. Балалар неден, неге қатты қорықты? Егер Мүлкібай ата бармаса не болар еді?
  4. Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды айтуға болады?
  5. Әңгімедегі жер аттары мен түйе жейтін шөптердің атын ата.
  6. Портрет дегеніміз не? Әңгімедегі Мүлкібай атаның портретін көрсететін тіркестерді тап.

 

-         Балалар, Үлекке сипаттама жазып келуге тапсырма берілді. Енді соны кім оқып береді?  (2-3 оқушыға оқыту, әр қатардан бір оқушыдан)

-         Ендешен, үй тапсырмасын бекіту мақсатында «сөзжұмбақты» шешейік:

  1. қыстың екінші айы?
  2. бір өркешті түйе?
  3. екі жастағы түйе?
  4. үш жастағы түйе?
  5. сүттен дайындалатын тағам?
  6. түйенің мойын жүні?
  7. түйенің төлі?
  8. түйе жейтін шөп?
  9. «Үлек» әңгімесінің авторының аты?
  10.  айыр өркешті түйе?
  11.  әңгімедегі жер аты?
  12.  Үлектің иесі?

-         балалар, ерекше сызықта қандай тақырып шықты?  «Ана құшағында»

 

Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс.

«Қазақ солдаты» романының авторы Ғабит Мүсірепов туралы түсінік беру. Ғ.Мүсірепов әйгілі жазушы, қоғам қайраткері. «Ана құшағында» әңгімесін оқып, түсіндіру. Ана суретін іліп, қысқаша түсінік беру.

Сөздік жұмыс:

Делең қағып - өзін қоярға жер таппау

Сыдырта сүзу – жылдам қарау

Балдыр басқан - әжім түскен бет

Қайыстай – мықты, жарамды

Делбе – құрдан өріліп жасалған қамшының бір түрі

 

-         балалар, жазып болсақ сергіп алайық!   Логикалық сұрақтар                                 «Тапқыр болсаң, озып көр»

Оқулықпен жұмыс, тізбектей оқыту.

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Ғажайып жетілік» ойынын ұйымдастыру.

7 саны туралы не білеміз? аптаның 7 күні, 7 нота, 7 септік (ана сөзін септеу), 7 жұт, 7 қазына, 7 керемет

1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келеді? Оның досы кім? Оның атын әңгіменің қай жерінен кездестіресің?

2. Ана мен баланың бір – біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?

3. Мәрия апай деп отырған кім деп ойлайсың?

4. Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады? Егер сен Қайроштың орнында болсаң, не істер едің?

5. Анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып, оқы.

6. «Жырлаймын анамды» ана туралы қандай мақал – мәтел, өлеңдер білесіңдер?

7. МАБ – қа дайынсың ба?

 

Тест тапсырмасын орындау. Әрбір оқушы МАБ – ты жақсы тапсыруға өз тілектерін білдіреді.

Сабақты қорытындылау:

-         балалар, біз бүгінгі ана тілі сабағында не үйрендік?

-         Сұрақтарға жауап бердік, сөзжұмбақ шештік, тест орындадық, ана туралы өлең, мақал – мәтелдер айттық, логикалық есептер шештік.

 

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру:

Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу, сурет бойынша ананы сипаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қолғабыс.
Зеректік. Мақал-мәтелдер. Жұмбақ
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ана құшағында. Ғ. Мүсірепов
Ақсақ киік
Оралхан Бөкей " Апамның астауы" әңгімесі
Шырша жыры
"Түйе мен тышқан" монғол ертегісі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6613 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык