Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауыш сыныпта жобалар әдісін қолдану


Бастауыш сыныпта жобалар әдісін қолдану

Бастауыш сыныпта жобалар әдісін қолдану 

         Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:

  • Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде
  • Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау
  • Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.

Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескеріп, жұмысыма жобалар әдісін қолдануды дұрыс көрдім.

Жобалар әдісі  педагогикада жаңалық емес. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ-та пайда болған. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. Бұнда оқушылардың  танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолданау  біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады.

Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту процесінде кеңінен орын ала бастады. Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту процесі мен оның нәтижесіне жаңашыл көзқараспен қарау. Жобалар әдісі қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Бұны қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды.

Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Бірақ төменгі сынып  оқушыларын зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине жоғарыда айтқандай бала туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болатыны, болжамды қалай құру керек, эксперимнт қалай жасалатыны т.с.с.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық педагогикалық  ерекшеліктері абстактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан сабақта өзіндік жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс. Осылардың бәрі жоба өніміне жатады.Өзінің іс-әрекетін жоспарлауды тек қана кейбір оқушылар ғана істей алады. Басқаларға көмек керек.  Жоба тақырыптары тікелей пәндік мазмұнымен байланысты. Себебі көрнекілік-образды ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық - бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді.

Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады.

Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төммендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:

 Жобалар әдісініің  кезеңдері

І. Мотивтендіру

Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.

ІІ. Жоспарлау кезеңі

Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.

ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі

Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.

ІV. Рефлексивтік бағалау кезееңі

Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.

V. Қорытынды.

Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым қатынастар арқасында  қоғам дағдылары  жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады.

         Жобалау технологиясының элементтерін сабақта да қолдануға болады. Оны мен төмендегі сабақ жоспарының үлгісінде ұсынып отырмын. Бұл тақырыптың бірінші сабағында жапырақтар турал

Мысал келтірсек 2 сыныпта дүниетану пәнінде «Жапырақтар. Олар күзде неге сарғаяды» деген тақырып бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мынадай жұмыс жүргіздім. Сабақты өткізу барысында сыныпты бірнеше топқа бөлдім. Тақырып анықталды, алдарына мақсат қойылды. Жапырақтар күзде сарғаяды да жерге түседі. Неге? Әрине хлорофилл туралы түсінік берілді. Келесі сабаққа әр топқа мынадай  тапсырмалар берілді: 1 топқа: шағын баяндама жасау. 2 топқа тақырыпқа байланысты ертегі құрастыру. 3 топқа альбом жасау. 4 топқа ребус пен сөзжұмбақ құрастыру.Әрине осы жұмысты жүргізу барысында мұғалімнің тікелей көмегі қажет.  Екінші сабақта осы аталған жұмыстардың презентациясы болды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шағын мектептегі инновациялық технология
«Өз бетімен білім алу-педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың құралы»
Жоспарлау әдісі туралы түсінік
Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы
Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін
Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3110 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык