Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жапырақтар. Күзде олар неге сарғаяды?


Жапырақтар. Күзде олар неге сарғаяды?

Жапырақтар. Күзде олар неге сарғаяды?

Тақырыбы: Жапырақтар. Күзде олар неге сарғаяды?

Мақсаты:  

1. Жапырақтар және олардың құрамы туралы білгендерін ортаға салу.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып дүниетанымын кеңейту. Өз ойларын еркін айтуға баулу

3. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу

Сабақтын түрі: сабақ – презентация

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі

Көрнекіліктер: Оқушылардың өз беттерімен жасаған сөзжұмбақ, ребус, альбом. Тақырыпқа байланысты өздері салған суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезең

-         Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.

-         Бүгін бізге сыныпқа қонақтар келгенін ескеру

-         Психологиялық дайындық:

-         Бүгінгі біздің дүниетану сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар? (көңілді өтсін, жақсы бағалар алайық, сәтті болсын, әдепті болайық)

-         Олай болса келісім шартқа отырайық. Сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Бір-бірлерімізді тыңдап отыруымыз керек. Тыныштық сақтайық. Келістік пе?

-         Ал енді біз осы сабақта сөзжұмбақты да шешеміз, ребусты да шешеміз, көрініс те қоямыз. Одан қалса ойнаймыз. Сондықтан бүгін біздің сабағымыз өте қызықты болады.

-         Сыныпты төрт топқа бөлу.

-         Әр топқа ат қою үшін әр топқа тапсырма беріледі. Есептеулер жүргізіп әр топ өз атын шығарады. 1 топ – Теректер, 2 топ – Қайыңдар, 3 топ – Емендер, 4 топ – Қарағайлар

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Блиц-сұрақ «Миға шабуыл»

-         Қазір жылдын қай айы?

-         Ол жылдың қай мезгіліне жатады?

-         Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?

-         Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

1 топ:  Альбом  Бір бала шығып альбомға презентация жасайды.

Мұнда оқушылардың күз туралы жинаған суреттері. Ағаштардың түрлері, жапырақтардың түрлері.

2 топ:  Сөзжұмбақ. Оны шешкенде «жапырақ» деген сөз шығады.

 

 

 

 

Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

П

 

 

 

 

 

 

Ы

 

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

А

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

  1. Аспанда түнде болады
  2. Ағашта өсетін жеміс
  3. Оқушылар отыратын үстел
  4. Қазақтың тұңғыш педагогы
  5. Өзімен кесуге ле болады, кейде жәндік де болады
  6. Қыста не жауады?
  7. Сиырдың сүтінен жасалатын тағам

Серігіту сәті:       Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

                            Теріп-теріп аламыз

 Қалтамызға саламыз.

Баяндама:  «Жапырақ қоректі қайдан алады және оның пайдасы»

- Өсімдікке сән беретін – жапырақ. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады. Күн сәулесі мен жылуы  арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал жасалады. Ал жапыраққа жасыл түс беретін хлорофилл деген зат бар. Жапырақтың пайдасы ол ауадан көмір қышқыл газды сіңіреді де ауаға қажет оттегін шығарады. Сондықтан ауамызды тазарту үшін ағаштарды өсірудің пайдасы мол.

3 топ: Ребустарін көрсету

4 топ: Көрініс:  «Жапырақтың түсі неге жасыл немесе ол неге күзде сарғаяды»

Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:

-         Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен қоса алшы, - деп жалынды

-         Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз-ақ та өмір сүремін, сенсіз-ақ та әдемімін, - деп хлорофилді қуып жібереді. Хлорофилл жылап әрі қарай кете береді.

Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі әдемі, жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:

 - Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің. Олсыз сенің түсің бозарып, сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой.

Сонда жапырақ біраз ойланады да хлорофилге барып кешірім сұрайды:

-         Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел, екеуміз бірге өмір сүрейік.

Содан бастап хлорофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл түс береді екен. 

         Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұнын салдарынан хлорофилл де әлсізденіп қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:

-         Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, -  деп қоштасып кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсыз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып, қурап қалады.

- Сендер өте жақсы дайындалыпсыңдар. Енді біз ойын ойнайық 

Ойын: «Ағаштағы жапырақты жинау»

-         Балалар, біздің ағашымызда біраз жапырақтар қалып қойыпты. Қане, соны біз теріп алайық. Егер ағашта жапырақ қалып қойса не болады?  (Қар жауғанда қардың салмағымен ағаш сынып кетуі мүмкін)

-         Дұрыс. Олай болса біз ағашта қалып қойған жапырақты жинап, ағашқа көмектесейік. Бірақ бұл ағаш жай ағаш емес, бұның жапырағының артында бізге берілген жұмбақтар, сұрақтар, мүмкін есептер де бар. Қане соны орындап көрейік. Егер біз бұларды орындасақ, онда ағащқа көмектескеніміз.

ІІІ. Қорытынды.

-         Кластер стратегиясын құру:

 жасыл сарЫ ағашта өседі. Жапырақ   ауаны тазартады   хлорофилл қант пен крахмал.

-         Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?

-         Жапырақ түсі неге өзгереді?

-         Жапырақ неге түседі?

-         Құраған жапырақтың қандай пайдасы бар?

-         Біз бүгін не істедік?

-         Сендерге ұнады ма?

-         Алдарыңда дөңгелектер жатыр. Сабақ ұнаса алдарындағы дөңгелектің ішіне мынадай қылып салыңдар J

-         Сабақ ұнамаса мынадай қылып салыңдар  L

-         Бүгін сендер барлығың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

-         Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөз таптары.
Тұқым және жеміс.
Жапырақ.
Армысың алтын күз
Жапырақ
Жапырақтың құрылысы Жапырақтың алуан түрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі
Жапырақтар таңбалары. Монотипия
Жапырақ
Сары жапырақтар жауғанда
Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3436 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык