Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 6 «А» СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫР- ШУМАҚТАР ЖИНАҒЫ


6 «А» СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫР- ШУМАҚТАР ЖИНАҒЫ

 6 «А» СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫР-

ШУМАҚТАР ЖИНАҒЫ

Алғы сөз

Құрметті, оқырман бұл ұсынылып отырған 6 «А» сынып оқушыларының шығармашылық жұмысы.

Адамның ерекше қасиеттерінің бірі – өлең шығара білу. Менің мақсатым – оқушылардың шығармашылыққа қызығушылығын арттыру, осы жинақ арқылы басқа да оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Ұсынылып отырған жинақта Мұрат Индираның, Мауытбаева Шынардың, Сақтағанова Гүлмираның және Чанбаева жанаттың өлеңдері жинақталған.оқушылар өздерінің жүрегінен шыққан әр түрлі тақырыптарда өлеңдер шығарған. Оның ішінде туған жер, ана, әке, жыл мезгілдері туралы өлеңдер бар.

Жинақта өлеңдері жарық көрген оқушылардан болашақта Қазақстанымыздың бетке ұстар, дарынды, білімді азаматшалары шығатына кәміл сенемін.

Сынып жетекшісі: Досмагамбетова Арайлым 

Мұрат Индира

(07.01.2002ж)

Жан анам

Дүниеге алып,

Алғаш рет қолына алып әлпештеген.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Мен үшін мың өліп, мың тірілген.

 Анам маған күндейсің,

Шуақ шашып нәр берген.

Тек осыны білгейсің

Бақытты өмір сүргейсің.

 Туған жер

Жанымнан артық сүйемін,

Туған елім мен жерімді.

Туған елдің гүлдері,

Бар дертімнің емі.

 Жүрегі туған елімнің,

Таулары да даламның.

Самал лебі жерімнің

Алақандай анамның.

 Мауытбаева Шынар

(19.12.2001ж)

 Әже

Ән десе ән айтқан,

Күй десе күй тартқан.

Ақ қанат сүт берген,

Батыр бол деп күш берген.

 Қазақ елім

Алатаудай таулары бар,

Көк-күмбез болған туы бар.

Қырандай бір құсы бар,

Жап-жасыл болған жері бар.

Осындай елге қызықпайтын ел бар ма?!

Жаз

Жаз келді,

Сонау аңсап өткен күндер.

Сылдырап ағып жатқан,

Өзен, көлдер.

Қарашы жердің қандай,

Нұрларына.

Гүл күліп, шөп күліп,

Жазды аңсаған.

 Қазақ даласы

Қазағым қайда, ел қайда,

Адамзат қайда, күн қайда.

Даңқың қайда қазағым,

Қазағымның даласы жарқырап жайнап тұрмай ма?!

 Абай ата

 Біз ғана ілім, білім беру үшін,

Күні – түні ән шығару ойында.

Абай ата сізге ғана рахмет,

Еңбек үшін, білім үшін ән шығарған.

 Денсаулық

Адам үшін ең бірінші денсаулық,

Денсаулықты құртпайық ағайын.

Денсаулықтың өзі біз зор байлық,

Адам үшін, табиғат үшін керегі денсаулық.

Гүл

Бақ ішінде жайнаған қызыл гүлдер,

Әдемі нұрланған ақ гүлдер.

Жердің бетін тамаша етіп тұрған,

Тамаша әдемі гой гүлдер, гүлдер.

Сақтағанова Гүлмира

(24.07.2002ж)

Туған жер

Туған жердің топырағы,

Мен үшін асыл қазына.

Білмей кеттім қадіріңді,

Сағынамын асыға.

 Жат жерде жүріп, көңілім,

Көншімейді бір сәтке.

Сағынғанда елімді

Көзге ілмеймін бәрін де.

 Сағынып туған жерімді,

Туып өскенелімді.

Жылағым менің келеді,

Мұңыммен жасым ереді.

 Сағынған жас ұрпақ,

Әрқашан көңілі айдай-ақ.

Жетерсің туған жеріңе

Көп ұзамай сен әлі-ақ.

Анашыма сағыныш

Әлди айтып тербеткен,

Жүрегімді жібіткен.

Ардақты анам алдымнан

Өте шықсам жүгірем.

Жалғыз қалды –ау үйінде

Үлгере алмай бәріне

Бұрынғы дауыс, бұрынғы күлкі

Жоқ қой казір есімде

Еске алсам анамды

Тыя алмаймын жасымды

Бір көргеннен танырмын

Алыстағы анамды.

 Сіңлім менің

Сіңлімді сағындым

Сағындым да, қағындым.

Айланы әрқашан

Сағынбадым мен қашан?!

 Күн де өтіп барады

Уақыт кетіп, зымырап

Сенде өсерсің бір күні

Азамат боп елеулі.

 Күндей менің көңілің

Жабырқама ешқашан

Айдай болып жанарың

Күліп түрші әрқашан.

 Ардақты әкем

Пана болған әкем

Ауырсам болған ем

Бар тәттіні әкеліп

Үйіп қойған екен

 Ешқан ұрыспай

Еркелетіп жүреді

Бар баланы сүйеді

Тәтті таратып береді

 Сағындым ғой әкемді

Қашан уақыт өтеді

Сарғайып біттім, сағынып

Әкемді көргім келеді

Отан – анам

Отан – анам

Жүрегімнен орын алған

Боламын мен саған

Қамқорлық әрқашан

Қазақстан –Отаным

Бірлік туын ұстаған

Алдымызда Нұр-ағаң

Сәлем салдық біз оған

 Болашағы бір елдің

Қолында ғой мың ердің

Сегіз қырлы бір сырлы

Ұрпағы ғой ер елдің.

Сағыныштан

Сағыныштан жүрегім құлазиды

Мұнаямын қайғырам

Тіл жетпейді

Туған жердің құдіреті

Ой, шіркін – ай

Тіпті мені алысқа жетелейді

 Сағыныш деп жыр жазамын

Ән жазамын, бәрін де

Сондада бір сол сағыныш

Кетпейді ғой есімнен

Сыр-шерімді ақтарсам да

Жүрек бұдан тынбады

Туған жердің құдіреті

Сағындырып қоймайды.

 Анашым

Анашымды сағындым

Білдіртпейсің мұңынды

Білемін ғой сырыңды

Іштен тынып жүресің

Жасырасың шыңынды

Менде сені сағындым

Қайғыға да салындым

Ойлап жүрмін бәрінді

Әсіресе анамды.

Отбасым

              Дүрс етіп жүрек

Жылатады сирек

Уақыт қашан өтер

Күтіп жүрмін мен де тек

Сағындым ғой отбасымды

Кім түсінер мұңымды

Түсінсе де байыбыма

Терең түсіп бара алмас

Жұмақ қой бұл

Гүлдер жаймайды далада

Мұның бәрі ауылда

Жоқ қой бұлар қалада

Қалсаңшы сен ауылда.

Жайлау, қыстау бәрі де

Күн де, құс та, гүлдер де

Жұмақ қой бұл жер мен үшін

Туған өлке, жерім де.

Қаладан іздеп бақытты

Артқа тастап жұмақты

Лас ауа, бұзық жандар

Тапты ма екен бақытты?!

Қателестің қалқатай

Мұның бәрі ауылда

Білмегенің жаман-ай

Ой қалқатай, қалқатай.

 

              Алтын күз

Алтын күз келді

Хабарды берді

Мынау жапан халыққа

Қысқа дайындал

Суыққа қамдал

Дегендей келіп

Алтын күз

Суық  та келді

Шулатып елді

Қатырып селді

Енді міне қыс келді

Қиналды –ау балалар

Қиналды –ау балалар

Болашағы зор болар

Интернаттың балалары

Қиналды-ау, қиналды –ау

                                               Қазақ балалары

                                               Қызықты да, қайғыны да

                                               Бірге көріп жүр бәрі

                                               Бір-бірімен дос әрі

Пойызға мінсе, асығып

Тұрады бір жолсерік

Ақша сұрап бәрінен

Қарсы алады серейіп

Пойызға мінсе, орын жоқ

Тұрып тұрар, амад жоқ

Кейбіреулер орын берер

Кейбіреулер қимыл жоқ

Көрдің бе бала азабын

Орнында болсаң көрсең

Бар баланың азабын

Мектеп жоқтық қинайды

Оны бірақ кім тыңдайды?!

         Чанбаева Жанат

(10.05.2002 ж)

Қазақстан жалауы

Қазақстан жалауы,

Көгімде тұр желбіреп.

Көк туыма сүйсіне,

Мен қараймын күлімдеп.

 Анашым

Таң атпастан тұрады,

Шайды маған құяды.

Түскі асты дайындап,

Бәрін отырар, алаңдап.

Әкешім

Үйдің қиын жұмысын,

Істейді әке өзіңсің.

«Қызым» дейді аялап,

Нұр сенің сөзің.

Күз

Күз келді далаға,

Жапырақтар сарғайып.

Түседі бәрі шашыла,

Дала сәні көркейіп

Тұр гой әне жараса!

Жел де соғып тұрады,

Билейді желге ағашта.

Қандай әсем қарашы,

Күз мезгілі тамаша!

Жан достар

Менің досым Гүлмира,

Одан кейін Индира.

Үшіншісі Нұрия,

Бастылары осы ия.

Достарымды сыйлаймын,

Еш нәрсеге қимаймын.

Мәңгі досым болар деп,

Ойлаймын да, ойлаймын.

Менің сүйікті пәнім

Мені барлық пәндер,

Қызықтырар, күдірер.

Білімнің бәрін береді,

Ойландырып, ұқтырар.

Менің сүйікті пәнім,

Қысқа сөзі матем,

Ол сабақта болмас,

Ешқандай менің қатем.

Сондықтанда оқимын,

Сүйіп оны мен.

Апайы да ұнайды,

Сабақ түсіндірген.

 Туған жер

Туған жерім,

Мәңгі менің,

Жүрегімде қаласың,

Маған таза ауаысң.

Гүлденіп, көркейе бер,

Қазақстан даласы!

Алғашқы ұстазым

Әріптерді жаттатқызған,

Сандарды санатқызған.

Екінші ана бола білген,

Сабақты оқуға ынта берген.

Ұзтаз деген ғажайып адам,

Ұстаз деген әділетті бағасын қойған,

Ұстаздың әрбір сөзі бізге алтын,

Ұстазың болса, сол бақытың.

Тазалық

Кірқожалақ балалар,

Әрине, үсті лас болар.

«Піу» лас-лас болғанша,

Сабынменен бет жу да.

Ал таза балалар,

Аппақ болып жүреді.

Мақтау естіп бәрінен,

Мақтанып, күледі.

 Отбасым

Қамқор менің отбасым,

Әрбір жаны аяулы.

Анам менен әкешім,

Болар үйдің қамқоры.

Ана

Ең асылым – ол ана,

Ең жақыным – ол дана.

Сабақтан мен бес алсам,

Қуанады, мәз болады.

                                            Көктем

 Көктем келді жадырап,

Күн шуағы шашырап.

Самал жел баяу еседі,

Гүлдер тербеледі.

 Жылы мезгіл – көктем,

Бар дертіме бір ем.

Көктемді мен сүйем,

Қандай сен керемет ең.

Менің сыныбым

Таза, ақылды балалар,

Ұйымшыл, тәртіпті балалар.

Тіпті ақын бола алар,

Жалықпай күнде білім ал.

 

Бұл балалар бізде,

Шыға алар өрге де.

Бұл біздің сынып – ауылда,

6 «А» жарайсың бәрінен де!

Бала

Бала деген балдай,

Тәттілігі сондай.

Күні бойы ойнай, ойнай,

Үйге келе сала ұйықтай.

Міне, бала сондай.

Қыс

  Қыс мезгілі аппақ,

 Қар ғой ол – ақ.

  Балалар жүр далада,

       Қыс мезгілі тамаша!

Жаз

Жаз мезгілі – ыстық,

Тонда шештік қыстық.

Көлеңкеде отырың,

Ән айтып бой жаздық.

Ақ сіңлім

Маған көмектесетін ақ сіңлім,

Жүрегі пәк сіңлім.

Менің бар екі сіңлім.

Олар маған қолғанат,

Жүреді бала қарап.

Нағашы

Анамның туыстары,

Болады маған нағашы.

Нағашымның ауылы,

Мейірбан маған бәрі.

Ата

Ата береді бәріне бата,

Аталар бәріне ардақты,

Аталар әрқашан салмақты,

Атаны бәрінен бұрын сила.

Қазақстан

Қазақстан жақсы көрем мендағы,

Қазақстанның тола берсін халқы.

Басқалам сеніменен қуанады,

Қазақстанның орындалып, арманы.

Әжем

Менің әжем тігінші,

Оюды да ояды.

Құрақ құрып қояды.

Маған түрлі киімдер,

Тігіп, сәндер сыйлайды.

Өзім туралы

Менің атым Жанат

Мен, болам, анама қолғанат.

Менің жылым – ат.

Жанат анасының екіншісі болат

Бұл өленмен, Жанат қоштасады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ана
Жыл мезгілдері өлеңдері
Менің анам
Рахымның өлеңдері
Менің отбасым
Менің досым
Отаным-атамекен
Анашым, мерекеңмен!
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6417 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык