Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алгоритм типтері


Алгоритм типтері

Алгоритм типтері

Сабақ №

Күні: 1.11.2014

Пәні: Информатика

Сыныбы: 8«в»                                                                                                                                                    

Мұғалімі:

Бүркітова А.Е

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритм типтері (Сызықтық, тармақталу, циклдік)

Мақсаты :

Алгоритмнің типтерін есептер шығару барысында қолдана алуға үйрену

Күтілетін нәтижелер:

Алгоритм типтерін ажырата алады

Алгоритм типтеріне алгоритм құрастырады және сипаттай алады

Алгоритм типтерін өмірмен байланыстырып қолдана алады

Керекті жабдықтар:

Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, постер, маркер, ресурс, электронды оқулық

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

Сынып оқушаларымен амандасу

Сергіту сәті

Топқа бөлу: Сөздер арқылы

Амандасады

Сыныпта жоқ оқушыларды айтады

Сергіту сәтін орындайды

Топқа бөлінеді

Тұсаукесер:

Конверт-сұрақ

Әрқайсысына екі минут береміз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға береді, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.)

1 топ

  1. Алгоритм дегеніміз не?
  2. Алгоритм схемасын қалай атаймыз

2        Топ

  1. «Алгоритм» атауы қай елдің математигі есімінің жазылуына шыққан?
  2. Алгоритм атқарушылары?

3 топ

  1. Алгоритмнің жазу жолдарын ата
  2. Блок сызбада пайдаланатын фигураларды қалай атаймыз?

Конверт сұрақтарына жауап береді

 

 

 

 

Оқушылардың мүмкін жауаптары

  1.  Алгоритм дегеніміз не? (орындаушының алға қойған мақсатқа қол жеткізу)
  2. Алгоритм схемасын қалай атаймыз? (блок схема)
  3. «Алгоритм» атауы қай елдің математигі есімінің жазылуына шыққан? (Атақты араб математигі Әбу ЖафарМұхамед ибн Мұса әл-Хорезми(763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) жазылуынан шыққан)

1                   Алгоритм атқарушылары? (машина, құрылғы, робот немесе адам бола алады)

2                   Алгоритмнің жазу жолдарын ата (табиғи тіл, түйінді сөздер, графикалық, программалау тілі)

3                   Блок сызбада пайдаланатын фигураларды қалай атаймыз? (Блоктар)

Негізгі бөлім :

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс (Топтарға ресурс беріледі)

1 топқа Сызықтық алгоритм

2 топқа Тармақталу алгоритмі

3 топқа Циклдік алгоритм

Практикалық жұмыс Деңгейлік тапсырмалар

Тапсырма №1 А деңгей

Үй тапсырмасын орындау алгоритмін және блок сызбасын құру

Тапсырма №2 В деңгей

Берілген алгоритмді рет-ретімен орналастыр

Шай қайнату алгоритмі

  1. Шайнекті газге қосамыз
  2. Су бар ма?
  3. Шайнекті аламыз
  4. Газды қосамыз
  5. Қақпағын ашамыз
  6. Газды сөндіреміз
  7. Су құямыз
  8. Қақпағын жабамыз
  9. Шайнек қайнағанша күтеміз

 

Берілген ресурспен топпен талқылап, постерге түсіріп, қорғайды)

 

 

 

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды

 

 

Тапсырма №3 С деңгей

Айгүл картопты қаймақпен жегенді жақсы көреді. Айгүлдің анасының іс-әрекетін ретімен орналастыр

  1. Картопты тұздады
  2. Қайнаған суға картопты салды
  3. Газды жақты
  4. Картопты тазалады
  5. Дүкеннен картоп пен қаймақты сатып алды
  6. Отты сөндіріп, қайнаған суды төкті
  7. Картоптың бетіне қамақты құйды
  8. Картопты тарелкеге салды
  9. Кастрөлге су құйып, отқа қойды.

Жауабы: 5; 4; 3; 9; 2; 6; 1; 8; 7.

Қорытынды

 

 

 

 

Электронды оқулықпен жұмыс

3, 6, 7, 8 тапсырмаларды орындау

Электронды оқулықта берілген тапсырманы орындайды

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Бағалау парағы арқылы бағалайды

 

Өзін-өзі бағалау парағы                                   Оқушының аты-жөні

Конверт сұрақ

 (1-2балл)

топтық жұмыс (1-3 балл)

Деңгейлік тапсырмалар

Электронды оқулықпен жұмыс

(1-4 балл)

Тест тапсырмасы

(1-4 балл)

А

(1-3 балл)

В

(1-3 балл)

С

(1-3 балл)

 

Критерий

Дескриптор

Ұпай

топтық талдауға қатысып орындауы

өз ойын айтады, идея қосады, дәлелдеп шығара алады

3

өз ойын айтады, дәлелдемелері әлсіз

2

өз ойын аз айтады, көшіріп отырады, толықтыруды қажет етеді

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы:     Барлығы:22ұпай

7-13 -    "3"

14-19-    "4"

20-22-    "5"

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алгоритм түрлері
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Алгоритмдеу және программалау Алгоритм және оның қасиеттері
Алгоритм және оның қасиеттері
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Алгоритмдi беру түрлерi. Блок-схема.
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Алгоритм түрлері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3443 | Қосты: Бүркітова Айдана Елемесқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык