Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы


Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы

Қазақ халқының антропологиялық деректер

бойынша қалыптасуы

Сабақтың тақырыбы

  • 14.Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Антропология ғылымы туралы мәлімет беру,қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін түсіну,археолог ғалымдардың тарихи деректерін тақырыпты меңгеру барысында қолдану, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Антропологияеың зерттейтін саласын,қазақ халқының қалыптасуы кезеңіндегі маңызды деректер жайлы білетін болады. Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың монголоидтық өзгерісіне  баға беретін болады.Тарихи деректерді қолдана отырып білімдерін толықтыратын болады.

Негізгі  идеялар

Қазақ халқының қалыптасуы

Тапсырмалар

Топтық тергеу «Тарихи үйірмелер»

 

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Өз жартыңды тап»

  Жеке жұмыс «Блиц бақылау» әдісі

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу назарын сабаққа аудару, 

Геометриялық фигуралар  бойынша сыныпты 3 топқа бөлу (2 минут) 

 Дөңгелек - 1 топ,

Үшбұрыш -  2 топ,

Төртбұрыш - 3 топ,

    ІІІ. Топтық  тергеу «Тарихи үйірмелер»

  Мұғалім топтарға мәтін беріп,ролдерде  жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.

1. Баяндап беруші –оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан тақырыптың мазмұнын дайындау

2.Зерттеуші –оның міндеті мәтінге байланысты басты оқиғаны жан-жақты меңгеру,сипаттау.Жаңа сөздерді суреттеу.3. Сұрақтар құрастырушы –негізгі оқиғаларды қамтитын немесе мәтіннің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындау. 4. Сілтемелер табушы –оның міндеті мәтіндегі тақырыпты ашатын белгілі афоризмдер немесе ғалымдардың деректерін табу. 5. Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды бүгінгі өмірмен байланыстыру

Топтың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру (15 минут)

ІV.Жұптық жұмыс.«Өз жартыңды тап»    10 мин            

  Мұғалім жұп карточкаларды дайындай отырып,біреуіне сұрақтар,екіншісіне жауаптарға арналған сілтмелер жазады.Бір сұрақ пен жауапқа арналған карточкалардың түсі бірдей болады.Оқушылар кез-келген түсті карточканы таңдай отырып,өз серігін іздеп тауып,бірге жұмыс жасайды

  1. Антропология ғылымы нені зерттейді??
  2. Антропологиялық түр-сипат дегенді қалай түсінесіңдер?
  3. Сақтардың,сарматтардың,үйсіндердің түр –сипатындағы ортақ белгілері қандай?
  4. Қалыптасып келе жатқн қазақ халқының бет-пішінінде монғолдар қандай өзгеріс әкелді?
  5. Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясындағы монголоидтық тектің әр замандағы өзгерісін кестеге түсіріңдер?
  6.  Адамның антропологиялық түрінің қалыптасуы қандай факторлармен байланысты?
  7. Тарихи антропология нені зерттейді?
  8. ХУІ-ХУ ғасырдағы Қазақстан жеріндегі этностық және этносаяси бірлестіктерді атаңдар?
  9. Этноним  және политоним деген не?
  10. Монғолдардың жаулап алу кезіндегі жағымды және жағымсыз әсерлерді анықтаңдар

Жеке жұмыс. «Блиц бақылау» әдісі (10 мин)

Шартын алдын - ала таныстыра отырып,мұғалім әр жауап 1 - 2 сөзден тұратын бірнеше сұрақты тез арада оқып тұрып,аз уақыт ішінде қысқаша жауаптар жаздырады.Соңынан мұғалім дұрыс жауаптарды оқиды,оқушылар жауап нөмірінің алдына  «+» немесе «-» белгісін қойып соңына нәтижесі мен шартқа байланысты бағасын жазып,мұғалімге өз парағын өткізеді.

Сұрақтар

  1. Антропология ғылымы неше сатыға бөлінеді?   3 саты
  2. Адам баласының шығу тегін зерттейтін саласы қалай аталады? антрогенез
  3. Нәсілдерді зерттейтін сала қалай аталады? Расогенез
  4. Ойжайлау қорымы қайда орналасқан? Жамбыл облысында
  5. Шығыс Қазақстандағы Зевакино қорымынан табылған бассүйектер қандай формада? Сопақ басты
  6. Сақтардың бассүйегізерттеулер бойынша қандай болған? Беті жалпақ,мұрны дөңес,көзі ұялы
  7. Ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшері қанша болды? 4/1 бөлігі
  8. Түрік дәуіріндегі Қазақстанды мекендеуші тайпалардың антропологиялық тұрпатын зерттеген ғалым кім? О.Исмағұлов
  9. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қандай шарттар қажет? Тілі,мәдениеті,аумағы,елдік санасы, антропологиялық бет-пішіні
  10. Түрік дәуіріндегі Қазақстанды мекендеуші тайпалардың қанша пайызы монғолдқ өзгеріске ұшырады?  20 %

 Рефлексия: не ұнады,не ұнамады,менің алған әсерім  (2 мин)

Кейінгі оқу

§14.Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы               «Қазақ халқының қалыптасуы» (эссе)

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының құрылуы
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті
Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы
Бақылау жұмысы
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Қазақ халқының қалыптасуы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5976 | Қосты: Жолдыбаева Ләззат Тілеужанқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык