Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » №1 практикалық жұмыс


№1 практикалық жұмыс

№1 практикалық жұмыс

№1 практикалық жұмыс «Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу; лабораториялық құрылғылармен, химиялық ыдыстармен шыны түтікшелермен, қыздыру құрылғыларымен жұмыс істеу ережелері;

1.  Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
2. Химиялық кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.
3. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
4. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек. 
5. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласы кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың дәл сол ма айқындап  алған жөн. 
6. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін  татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе,  оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсетіп береді. 
7. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
8. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадантаза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Кабинетте тек қана таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн. 
9.Кабинеттегі компютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе көз т.т. жеткізу қажет.
10.Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
11. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі. 
12. Кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
13.Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
14.Химиялық кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, ұыздырғыш торды өшіргендігіне, т.т. көз жеткізу қажет.
15.Газ жанарғысын, спирт шамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек.

 

Аты-жөні

Сыныбы

қолы

Әбюров Азамат

8 қазақ сыныбы

 

Әлмағамбетова Гүлзира

 

Алпысбаева

Айтбала

 

Кунуспекова Мәдина

 

Мустафина Аяна

 

Темерхан Айгүл

 

Төлеубай Айғаным

 

Шакабаев Нұрлан

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Химия кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасының ережелері
КҮНТІЗБЕЛІК - ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ
ЕТК қауіпсіздік ережесі
ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері
СТД -120 станогінде ағаштан есік тұтқаларын дайындау
Электрден зақымданудан сақтану. Үй жиһаздары. Жиһаздарды жөндеу
“Технология” білім беру саласын нормативтік- құқықтық қамтамасыз ету.
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 10955 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык