Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөз таптары


Сөз таптары

Сабақ тақырыбы: Сөз таптары.
Мақсаты: Сөз таптары жайлы білімді тиянақтау. Сөз таптарына байланысты тапсырмалар орындату. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Сөз қорын, қисынды ойлауын дамыту.
Сабақ түрі: «Ақпараттық технология бойынша дамыта оқыту сабағы»

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақ
Сөз жұмбақты табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. Оқушылар таңдауы бойынша сынып 4 топқа (4 сөз табы) болып бөлінді. «Зат есім», «Сан есім», «Сын есім», «Етістік» топтары. Өз топтарына сай сөз таптардың ережелерін плакат бетіне түсіруге 2 мин уақыт берілді. Топтан үздік оқушы ортаға шығып, тақырыбын қорғайды.

2. Суретпен жұмыс.
Интерактивті тақтаның кітапхана құралынан «тырнаның» суретін таңдап, суретке байланысты төмендегідей тапсырмалар берілді.
I топ тырнаға байланысты зат есім сөздер жазу;
II топ тырнаға байланысты сын есім сөздер жазу;
III топ тырнаға байланысты сан есім сөздер жазу;
IV топ тырнаға байланысты етістік сөздер жазу;




Әр топтан бір оқушы тапсырмаларынның жауабын оқып береді.Тыңдаушы топтар қатесін анықтап, толықтырады.

3. Мәтінмен жұмыс.
«Әдеп» атты шағын мәтіннің үзіндісін бердім. Мәтінге байланысты тапсырмалар ұсынылды.
* Мәтінді жалғастырып көр.
* Неліктен мәтін «Әдеп» аталды.
(Мәтінді оқыта отырып мазмұнына байланысты мәтіннің тақырыбын өздері анықтауды ұсындым. Әр топ ұсынған тақырыптардан мәтіннің тақырыбын анықтадық.)
* Мәтіннен 1-топ зат есім, 2-топ сын есім, 3-топ сан есім, 4-топ етістік сөздерді тауып,
дара күрделіге ажыратып айт.



4. а) Мәтіннің авторы Ы.Алтынсарин туралы сұрақтар қойылды
ә) Электрондық оқулықтан авторға байланысты 2-3 минуттық қосымша мәлімет көрсетіліп
сұрақ-жауап жүргізілді.
б) Топ оқушыларына мәтіннен өз топтарына байланысты сөздерді теріп жазуды тапсырдым.
в) Топ өзара тапсырмаларын тексеріп, ең толық жазған оқушы тапсырма жауабын сыныпқа
оқыды.
5. Сабақты бекіту. Тапсырмалар тізбегі берілді.



Топ оқушылары кезекпен интерактивті тақтада тапсырмаларды орындап, сынып алдында талдап отырды.
6. Қорытынды. Бүгін сабақта не үйрендік?
Сөз табы дегеніміз не? Қандай сөз таптарын білесіңдер?
Сөздердің сөйлемдегі қызыметі туралы не білесіңдер?

Мұғалім: Қазақ тіліндегі 9 сөз табының төртеуімен 2- сыныпта таныстық.
Алдағы сыныптарда басқа сөз таптарымен танысатын боламыз.



7. Үйге тапсырма:
8. Бағалау. Топтың жинаған жұлдызшалар санына байланысты топтың жеңімпазын атап. Топ басшыларының өздерінің оқушыларға қойған бағаларын талдай отырып әр оқушы бағаланады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Заттың сынын білдіретін сөздер.
Табиғат тамашасы.
Сөз таптары
Сөз таптары
Сын есім
Сөз таптары
Сан есім
Сөз таптары
Зат есім
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4317 | Қосты: Жакитова Айгерим Рысбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык