Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ел тарихы ертеңге керек


Ел тарихы ертеңге керек

                              Ел тарихы ертеңге керек                                                                                                                                                   

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата- баба жолымен алдық деп ойлаймын. Н. Ә. Назарбаев   Азаттығымызды алып, елдігімізді төрткүл дүниеге танытқалы да 20 жылдың жүзі болды. Бұл айтулы кезең – отандастарымыздың қай- қайсысының болса да жүрегінен елеулі орын алатын мереке. Қазақ елінің тарихы сонау арғы ғасырлардың қойнауында жатыр. Біз оны кеңестік кезең кезінде танып біле алмадық. Енді барымыздың бағасын арттырып, жоғымызды түгендеген кезде қарасақ, қазақ өркениеті баяғыда қалыптасқан екен.                                                                                                                                                                   Осындай халықтың, береке-бірлікке ұйыған жұрттың тарихын таразылау барысында еліміз бойынша атқарылған жұмыстар ұшан-теңіз екені күмәнсіз. Жарияланып жатқан том-том кітаптар, зерттеу еңбектер, мемлекетіміздің түп қазығы тереңде екенін сездіріп қана қоймайды, мерейіңді өсіреді. Ендігі жерде бізге жүктелген мақсат пен міндет осы алтын арқаулы құндылықтарымызды жүйелей келіп, тәуелсіздік тарихымен ұштастыру болса керек.                                                                                                                    1991 жыл- еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазір сол кездері гүрілдеп тұрған АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония сияқты елдермен тереземіз тең дәрежеге жеттік. Бүгінгі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Жас мемлекетіміздің осындай аз уақыт ішінле ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Енді Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедеріне айшылық жерді алты рет аттаған алып  секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді»,- деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды барша әлем танып отыр.                                                                                        Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы-теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындауы-ерекше тарихи жетістік. Айта берсек жиырма жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.                                                                                                          Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,                                                                          Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің                                                                    Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,                                                                                     Тәуелсіз Қазақстаным- елім менің.                                                            Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. 260 жыл бойы өзге елдердің бодандығында болып, халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Еліміздің бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар- ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт- азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылғы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, Ұлы Отан соғысы, сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жаза салды. Қанша қиыншылық көрсек те, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл- тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналы сөзі керемет айтылған. Өйткені жоқ ел ел ма?                                                                                                                                       Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Қазақстан- қазақ халқының ата- баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміздің өлшеусіз табиған байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін айта кеткен жөн. Сонау қиын- қыстау күнде де бір нанды бөліп жеген қазақ жұрты әлі де біздің қонақжай, бауырмашыл екенімізді дәлелдеп, Қазақстанда «ұлтшылдық» дегеннің жоқ екенін көрсетіп отыр.                                                                                                               Болдым ғашық, туған дала, мен саган,                                                                            Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.                                                                               Жақын жүрсем мен төрінде рахаттың,                                                                                Өз Отаным- өзім туған босағам.                                                                 Осы күнге дейін жеткен жетістіктеріміздің бәрі Президентіміз                 Н. Ә. Назарбаевтың сындарлы да сарабдал саясатының арқасы. Олардың қатарында ЕҚЫҰ-на төрешілік етуіміз, Ислам конференциясы Ұйымын басқаруымыз, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында көрсетіп жатқан белсенділігіміз, Алматы мен Астанада 7 Қысқы Азия ойындарының бізде өтіп, біздің жерлестеріміздің жеткен айтулы жетістіктері. Мұның бәрі- бәрі бір күндік еңбектің емес, айлап, жылдап тер төккеннің, талмай, тынбай, тек алға қарағанның ғана жемісі деп білемін.                                                                                                                                             

Отанға деген махабатымыз мәңгі болсын!                                                                                                                  

 Иванқызы Шұғыла  Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы  Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы 11-сынып оқушысы   


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
Тәуелсіздік шыңы.
Менің Отаным - Қазақстан
Желбірей бер, Тәуелсіздік көк туы!
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
азаматтық парыз, борыш
« Елі сүйген ер »
Менің Қазақстаным – менің болашағым.
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 1458 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык