Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Айтыстың ақберені ақын Шөже Қаржаубайұлы қайда жерленген?


Айтыстың ақберені ақын Шөже Қаржаубайұлы қайда жерленген?

Айтыстың ақберені ақын Шөже Қаржаубайұлы қайда жерленген?

 

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

К.Байсейітова атындағы орта мектеп

Тарих бөлімі  – тарих секциясы

Авторы: Сағатбекова Әсем

Жетекшісі: Сатмаганбетова ар Аманжолқызы

Зерттеу жұмысының мазмұны

1. Аннотация  ................................................................. ................................3

2. Кіріспе  .........................................................................................................4

  1. Зерттеу бөлімі ........................................................................................5-21

3.1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының Шөже орындаған нұсқасы ......5-9

3.2. Шөженің айтыс ақыны ретінде зерттелуі .........................................10-13

3.3. Шөженің жырлары мен нақылдары...................................................14-15

     3.4. Шөженің әндері...................................................................................16-17

 

3.4. Шөженің дүниеден өтуі және жерленген жері туралы деректер.....17-18

3.5. Ақтоғай азаматы, халық ағарту ісінің үздігі,

       ақын Қасымхан Қаленовтің Шөже туралы естіген әңгімесі ..................19

3.6. Ақын Шөже Қаржаубайұлы туралы Рақым немересі

        Ақпанбайұлы Шәженнің естелігінен .....................................................20

3.7. Ақын Шөже Қаржаубайұлы туралы Ақпанбай немересі

       Шәженқызы Ақпанбаева Торғайдың әңгімесі .......................................21

3.8. Аудандық  «Тоқырауын тынысы» газетінің байырғы қызметкері

       Мина Кәдірбаеваның естелігі..................................................................21

3.9. ҚР еңбегі сіңірген мұғалім, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы,  

       тарихшы Асқар Сейдахметовтың әңгімесі ............................................21

4. Қорытынды..................................................................................................21

5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................................................22

 

А Н Н О Т А Ц И Я

Зерттеу мақсаты:

         Туған жер, өскен ел тарихын кейінгі ұрпақтың терең зерделеп, білмей қалу қауіпі барын – барынша айқындай отырып, кіндік қаны тамған топырақтан өсіп-өнген асылдарымыз бен ұлыларымызды ұлықтап, кейінгі тарих бетінде қалдыру.

Гипотезасы:

         Егер де ұсынылған ұсыныс бойынша Шөже туралы толық зерттелсе және оның сүйегі Ақтоғай жерінде екендігі нақтыланса,

біріншіден, туған өлке тарихына жаңа есім қосылар еді,

екіншіден, мәдениет мәйегі тарихи, мәдени ескерткіштерге жасалатын Үкімет тарапынан қамқорлық мақсатындағы жөндеу, қалпына келтіру, анықтау жұмыстары жүргізілер еді.

Зерттеу жаңалығы:

Бұл зерттеудің жаңалығы осыған дейінгі баспасөз материалдары және басқа ұйымдардың ұйғарымымен Шөженің сүйегі, яғни қорымы біресе Нұра ауданында десе, біресе Көкшетаудың, ал енді бірінде Қарқаралы тумасы делінген әр түрлі ұйғарым өзгертіледі. Ақтоғай жеріндегі қорым мамандар айналысуымен Шөже ақын қорымы екендігі анықталады және мәдени, тарихи негізге бағытталған жұмыс шарасы іске асады.

Зерттеу нәтижесі:

         Республикамыздағы мәдени-тарихи орындарға қамқорлық, есімі елге мәлім тұлғаларымыздың әлі зерттелмей, беттелмей жатқан мол мұрасын жарыққа жинақ етіп шығару ел бірлігі мен көреген саясаттың басты нәтижесі болып саналады. Сондықтан, Шөже тарихын зерттеп, зерделеу нәтижесінде ақынға арнап мазар салар едік және ақынның барлық қолда бар айтыстарын, зерттеуші Рашит Каренов ағамыздың жинақтау жұмыстарын негізінде оқу әдістемелік жинақ етіп, баспадан шығару болашақ ұрпақ үшін рухани қазына болады.                    Практикалық қолдану саласы:

Осы жұмыс бойынша Шөже туралы болашақ ұрпақтың хабардар болуын қамтамасыз етуге арналған авторлық бағдарлама және оның хрестоматиясын құрастыруға және оны мектеп курсына кіргізуге аудандық Білім бөлімі, облыстың білім басқармасы назарына ұсынуға болады

Туған жер, өскен ел тарихын кейінгі ұрпақтың терең зерделеп, білмей қалу қауіпі барын – барынша айқындай отырып, кіндік қаны тамған топырақтан өсіп-өнген асылдарымыз бен ұлыларымызды ұлықтап, кейінгі тарих бетінде қалдыру мақсатында Шөже Қаржаубайұлы туралы зерттедім.

Өткен ғасырда қазақтың өлең өнерін шыңға шарықтатып қазақ халық әдебиетін сөз өнерімен өрнектеп, байыта түскен жыр жұлдыздарының бірі – Шөже Қаржаубайұлы. Айтыстың тамаша майталманы Шөже Қаржаубайұлы шығармалары толық дерлік зерттеле қойған жоқ. Оның жеке өлеңдері мен айтыстары республикалық баспалардан жеке кітап болып шыққан жоқ. Баспалардан әр жылдары басылып шыққан «Айтыс» жинақтарында Шөже өлеңдері, айтыстары ара – тұра жарияланып келеді.

Ол жасында шешек шығып екі көзінен бірдей айырылған екен. Өзінің аса дарындылығымен, әділдігімен, шыншылдығымен, шындықты тайсалмай бетке айтатын өткірлігімен бүкіл қазақ даласында зор беделге ие болды. Суырып салма ақын Кемпірбай ақынмен айтысында:

                   «Көзімен он жеті ақын түк қылған жоқ,

                     Білем, бұған сен ғамал таппасыңды-ай»-дейді.

Оның бойындағы бар міні соқырлығын қай ақын болса да бетіне басып, соны сан мәрте қайталаса да Шөже оған мойымайды. Екіншіден, Шөже Қаржаубайұлының ақындармен айтысқанда тағы бір көбірек сөз қылатыны оның шыққан тегі жайлы. Балта мен Шөже айтысында Балта ақын:

                            «...Ежелден Қуандықтың құлы емес пе ең,

                   Тентіреп келдің қырғыз әлде қайдан?»-деп оның қазақ емес қырғыз екенін айтады. Қазақ пен қырғыз халқы ежелден бір-бірімен туысқан халық. Тарихи дәуірінде олар ортақ жауына қарсы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірлесіп күресті. Қазақ батырларымен бірге қазақ ауылдарында қырғыз жұрты да келіп мекен етті. Тіпті, басқаны былай қойғанда, біздің облысымыздың әр ауданында нәсілі қырғыздан, өте ерте келіп қоныстанып, қазақ болып кеткендер басшылық. Тарихи дәуір барысында басқа ұлтқа сіңсіп кеткендер, сөз жоқ болып тұрған. Міне, Шөже де солай.

Шөже дүйім жұртқа даңқы тараған суырып салма айтыс ақыны. «Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ» деуіне қарағанда, ол өз тұсында аты мәлім, аса жүйрік ақындардың біразымен айтысқан. Шөжені сөзден тосып, жеңе алмайтын болған соң, ақындар оның екі көзінің соқырлығына, Алатаудан келген қырғыздығына тиісіп, сол міндерін алдына кесе көлденең тарта береді. Бұған ол: « Соқыр қылды көзімді көрмесін деп, жамандықтың соңына ермесін деп» деп оларға уәжді сөзбен орынды тойтарыс берген.  

«Бес ғасыр жарлайды» деген үш томдық кітаптың бірінде Шөженің «Дәукейге», «Бәйтікті мақтағаны», «Бәйтікті жамандағаны» сияқты өлеңдері басылған. Ақынның қырғыз бегіне арналған бұл өлеңдерінде сырттай қошеметімен бірге, сөз астарында мысқылын да аңғару қиын емес.

 Шөже ірі ақын. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасы қазақ даласында Шөженің айтуымен тарады. Бұл классикалық еңбекке тоқтауымның бірнеше себебі бар. Біріншіден, 2002 жылы әйгілі жырдың 1500 жылдығы атап өтілді. Ол үшін арнаулы мемлекеттік деңгейде комиссия құрылған. Дайын болған академиялық басылым мен зерттеу жинағына барлығы 7 мәтін енсе, соның бірі Шөже жырлаған мәтін екен.

Екіншіден, жырда кездесетін оқиғалар, кейіпкерлер біздің ауданмен шекаралас жатқан Семейдің Аякөзінде, Қарақаралыда, осы аудан жерінде болғандығы. Үшіншіден, аудан көлеміндегі жер, су аттарының жырдан алынып қойылғандығы. Кейбірі осы күнге дейін өзгермей сақталған. Төртіншіден, аға ұрпақ өкілдерінің көпшілігі, ата-бабаларымыз радио газет, теледидар жоқ кезде осындай жыр, аңыз қиссаларымен сусындап өсті.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының Шөже орындаған нұсқасы

         ХІХ ғасырдағы көптеген ірі айтыс ақындарының тамаша бір ерекшелігі

көне эпикалық жырларды ауызша орындап, сақтап, кейінгі ұрпақтарға жеткізуінде. Шөженің осы саладағы еңбегенің өзі оның  атын әдебиетіміз бен мәдениетіміз тарихында мәңгі сақтап қалуға мүмкіндік береді. Шоқанның айтуынша, ақынның жыршылық репертуары мейлінше бай болған. Ол Шығыстан келген діни және махаббат дастандарымен қатар, қазақтың қолтума жырларын да шебер орындап, кейінгі дәуірге мейлінші толық та көркем дәрежеде жеткізіп отырған. Соның бір дәлелі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының атақты Шөже варианты.

         Қазақтың ауыз әдебиетінің бай саласының бірі –  ғашықтық дастандары.

Қазақта «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты ондаған ғашықтық дастандар бар. Қазақ халқының романтикалық және психологиялық негізге құрылған лирикалық ғашықтық дастаны «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», оның сюжет желісі шын өмірден алынған. Бұл дастанда қазақ өмірі, әдет - салты кең қамтылған. Ол ғашықтардың бақыт және бостандық жолындағы күресін жырлайды. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасын дүниежүзілік поэзияның тамаша үлгісіне жатқызып, оны қазақ жеріндегі «Ромео-Джульетта» деп атау әділ баға.

         Бұл жырдың Шөже орындаған нұсқасы кезінде ел арасында көп тараған:

         «...Қодар құл оқпен атып өшін алды

         Сүйтіп қастық қылғандай несін алды.

         Үйдегі Баяныма берейін деп,

         Шұрқылтайдың түбінен кесіп алды.

 

         Бәрекелді! Қодардың тентегіне,

         Асау күрең жүрмейді жетегіне.

         Қозыкенің басы деп тастап еді,

         Баян жылап салады сандығына.

 

         Сұлу Баян қолына айна алады,

         Қозыкеден айырылып қиналады.

         Өзімменен қосылып зарласын деп,

         Ботасы өлген боз інген түйе алады.

Содан Баянның іші күйіп, тұра алмай, тас болып, ешкім тұрғыза алмай жұртында қалғаны:

         Баян жас бота белбеу белден шешті,

         Қозыкеден айырылып қайғы түсті.

         Баян Сұлу тұра алмай жұртта қалды,

         Сарыбайдың ертең тұра ауылы көшті.

         Баян Сұлу тұра алмай жұртта қалды,

         Оны көріп Қодар құл қуаныш қылды.

         Көш жөнеліп кеткенін көріп тұрып,

         Жұртта қалған Баянға Қодар келді.

 

         Баянды көріп, Қодардың айтқаны:

         -Жылқыны көп жалшылар суарады

         Сені көріп көңілім қуанады.

         Алған байың өлді ғой сұлу Баян,

         Енді сені мен алмай кім алады?

 

         Баянның Қодарға берген жауабы:

         Баян басын көтеріп тұра келді,

         Жылап тұрып Қодарға жауап берді.

         -Мен сенікі болайын Қодар-еке

         Қозыкені бір көрсет маған, - деді.

 

         Қодардың Баянға берген жауабы:

         Баян жас, нанбаймысың маған деді,

         Тимесең болар ақыр заман дейді.

         Осы жерде маған тисең тура сөйле,

         Тазшаңды көрсетейін саған дейді.

 

         Баян сұлу қуанып тура келді,

         Қодарменен екеуі бірге жүрді.

         Ойдым-ойдым жер келді сұлу Баян,

         Кел екеуіміз ойналық Баян деді.

Жүктеу

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Халық әні және опера
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры
Бала тілі-бал
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырындағы кейіпкерлер
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті
ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН ӨНЕР БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897)
Қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары
Батыр Баян -париоттық шығарма
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 3154 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык