Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.


Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.

Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.

Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.

Мақсаты: 1.Оқушыны Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, жыл мезгілдеріне байланысты мына «туады, шығады, түседі, келеді» сөздердің қандай мағынасы барлығы жайлы түсіндіру.

                    2. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,

                        байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

                   3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.
  2. Ақын неге нанды қадірле, сақта, баспа деп жатыр?
  3. Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, нансыз тіршілік бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

-Балалар, неше жыл мезгілі бар?

-Олар қандай?

-Кәзір қандай жыл мезгілі?

-Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

-Көктемнен кейін қай мезгіл келеді?

-Жаздан кейін қай мезгіл?

-Күзден кейін?

 Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері»  өлеңімен танысамыз.

1. Алдымен, Ескен Елубаевтың өмірбаянына тоқталайық:

Жамбыл обл.Қордай ауд.                                            «Ұлан», «Жалын», «Өнер» газет.,

Отар стансасында туған                                       «Балдырған» журнал. бас ред. орынбасары

                                                    Ескен Елубаев

                                               (18 ақпан 1942 жыл)

Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конк.                              «Қ .Т.-10жыл» медалімен

бірінші жүлдегері                                                         мараппатталған

-Дәптерге жазып алу.

 

2.Оқулықпен жұмыс.  

-Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу:  -Мұғалімнің оқуы

                                                      -Оқушылардың оқуы

-Бөлімдерге бөлу. Әр бөлімде не жайлы екенін анықтау. (көктем, жаз, күз, қыс).

 

3.Сөздік жұмыс. Ақырап – қазан айының ескіше аты.

ҮІ. Сергіту сәті. Ойын: «Жыл мезгілдері»

-Берген суреттерді ретімен орналастыру.

ҮІІ.Түсінгендерін тексеру: Жыл мезгілдеріне сәйкес айтылған сөз тіркестерін үлгілік кесте бойынша дәптеріңе жазып, неліктен олай айтылатынын дәлелде.

 

Жыл мезгілдері

Қайтеді?

Неліктен?

Көктем

 

туады

Құлын, бұзау, қозы, лақ туады. Көктемде барлық жан-жануар туылып, жер – көк көктейді, өсіп өнеді.

 

Жаз

 

шығады

Егін шығып, қауыздар толып, орақ басталып, диқан бидай орады.

 

Күз

түседі

 

Ағаштың жапырағы сарғайып түседі, Шопан таудан түседі.

 

Қыс

Келеді

Жотаны, даланы, қырау тегіс жабады; су қатып, қыстың хабары келіп, ел қамданады сондықтан «келеді» деп күтеді.

 

 

ҮІІІ.Шығармашылық тапсырма.

-Көктем мезгіліне төрт жол өлең құрастыру. 

ІХ.  Қорыту.

-Неше мезгіл бар? Атап шық.

-Кімнің өлеңімен таныстық?

-Ескен Елубаев деген кім?

-Ескен Елубаевтың басқа қандай өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер?

Х.  Үйге тапсырма: ұнаған бөлігін жаттау, жыл мезгілдері жайлы 2 жұмбақ, 2 мақал жазып кел. 

ХІ.Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Құнанбаев Қыс
Қыс
Жыл мезгілдері Болгар ақыны К.Малина
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
М. Дулатов «Қыс».
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12065 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык