Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Балықтар



Балықтар

Сабақтың тақырыбы: «Балықтар»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушылардың балық түрлерін білуге, саны азайып бара жатқан балықтар, балық шаруашылығы, балықты қорғау туралы түсінік беру, білімдерін арттыру.

ә) дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту.

б) тәрбиелігі: Оқушылардың экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқу – құралын тексеру

ә) сынып тазалығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушылардан  тақтада жасырынған  ұяшықтарды таңдау арқылы үй тапсырмасын сұрап өту.

  1. ұяшық.        /Қазіргі кезде дүние жүзінде инеліктің неше түрі бар?/
  2. ұяшық         / Жәндіктердің басым бөлігі немен қоректенеді?/
  3. ұяшық.       /Ең қомағай жәндік?/
  4. ұяшық.      /Құстар немен қоректенеді?/
  5. ұяшық.      / Жануарлар неше топқа бөлінеді?/

 

ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру:

 

Сөз жұмбақ шешу қызығушылықтарын ояту:

1 .Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім.  /көбелек/

2. Еңбегі қатты,

Елегені тәтті.

Тіршілік нәрін,

Гүлдерден тапты. /ара/

 

 

 

3. Өзі айлакер, өзі қу,                                

Жүрген жері айқай да шу. /түлкі/

4. Отырмайды, тұра алмайды,

Түзу жолда бұраңдайды.  /жылан/

5. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.  /қоян/

6. Адамға серік,

Күзетке берік.  /ит/

  1. Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкене арадан

Үп-үлкен боп қорқады./аю/

  1. Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.  /қарға/

  • қандай сөз шықты балалар?
  • Балықтар.
  • Бүгін біз жануарлар әлемінің бір түрі – балықтармен танысамыз.

Дәптерге күн ретін жазып,  сабақтың тақырыбын жазу.

- Оқушылар балықтар қайда тіршілік етеді?

- Суда.

  • Балық туралы не білесіңдер?
  • Балық қайда өмір сүреді?
  • Басқа жануарлардан қандай ерекшеліктері бар?
  • Өздерің білетін балықтың түрлерін атаңдар./ сазан, бекіре, алабұға, май шабақ, жалпақ балық, тұқы, көксерке, жайын, шортан, табан балық және т.б./

Оқулықпен жұмыс.

  1. Мәтінді оқу.
  2. Түсінік жұмыстарын жүргізу.

  - Судың қандай түрі бар, есімізге түсірейікші?

Мұхит     Теңіз

Өзен         Көл

  • Біздің Маңғыстау облысында қандай теңіз бар?
  • Ал осы теңізде қандай балықтар бар?
  • Каспий теңізінде – Шоқыр, Каспий итбалығы, Құртпа, Ішті балық, Бекіре.
  • Мұхиттар,теңіздер және басқа да су қоймалары Жердің ¾ бөлігін алып жатыр.Бұл су қоймалары көптеген жануарлардың мекені болып табылады.Жер бетіндегі тіршілік судан бастау алды. Су- мыңдаған түрлі тірі организмдердің мекені.
  • Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте- бірте пайда болыпты. Осы балықтардың ішіндегі ең үлкен балық- кит деп аталады. Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал, ең кішкентай балық- итбалық деп аталады.
  • Балық барлық өмірін суда өткізеді. Су балықтың аузына еніп,оның желбезегінен өтеді.Балық суда еріген оттегіні жұтқаннан кейін желбезек саңылауларынан қайта шығарылады. Балықтар уылдырық шашады .Сол арқылы көбейіп отырады. Олардың қабақтары жоқ. Балықтардың қабақтары болмағандықтан, олардың көздері үнемі ашық тұрады.
  •   Балықтар – суда тіршілік ететін омыртқалы жануарлар. Олар желбезегімен дем алады. Жер жүзінің теңіздері мен тұщы су қоймаларында балықтардың мыңдаған түрлері бар. Кей балықтардың денесі қабыршақпен, ал енді біреулерінің денесі жалаңаш, қабыршақсыз жылтыр терімен қапталған. Балықтардың басым бөлігі салқынқанды болып келеді.
  • Дүниежүзі бойынша балықтардың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың 97-98 пайызы сүйекті балықтарға, қалған 2-3 пайызы шеміршекті балықтар тобына жатады.
  • Олардың пішіндері ұршық, жебе тәрізді,  қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады.
  •  Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Бұл су жәндіктері желбезекпен тыныс алады. Балықтар туралы ғылым «ихтиология» деп аталады.

Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?

- Сопақша.

- Балықтардың мынау несі?

- Басы.

- Басында желбезегі болады.

- Несі болады екен?

- Желбезегі.

- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?

- Қабыршақтары.

- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?

- Құйрығы.

- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.

- Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады.

 

Оқушыларға бейнетаспа көрсету.

- Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?

- Тағам ретінде. Т.б

- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме? /аквариум/

- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?

- Шыны ыдыста.

- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.

- Аквариумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсайды ма?

- Ұқсайды.

- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?

- Әр түрлі.

- Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке. Осы уылдырықты біз біз «патшалар тағамы» дейміз. Мынау міне осы балықтардың уылдырықтары.

- Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады. Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.

Сергіту  сәті

Оқушыларға балықтардың түрлеріне байланысты бейнетаспа көрсету.

«Балық аулау» ойыны

Әр балықтың артында сұрақтар жазылған, осы сұрақтарға жауап беру керек.

Білгенге-маржан

  •       Дәмдеп қайнатылған балық сорпасын қоспасыз ішкен дұрыс.Ол денеге шаршағанда әл береді.
  • Кепкен етін ұнтақтап,жұмыршақ,өңеш ісігі үшін темекі етіп тартады.
  • Балық етінде қан тамырын қатаюдан сақтайтын қышқылдар көп.
  • Балық өті өт,бауыр,асқазан ауруларына ем.
  • Қатты сырқатты ауырсынғанда балықтың арқа сүйегін отқа қыздырып иіскейді.
  • Уылдырығы денеге қуат береді.
  • Майына кірпі тікенегінің күлін қосып,бала басына түскен жараға жағады.
  • Балықты көзіне ақ түскен,мешел балаларға береді.

Қорытындылау:   Құрастыру  « Балық».

Балықтың әр бөлігіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы, балық құрастыру

1. Бүгін не білдік, не үйрендік?

2. Балықтардың көзі неге үнемі ашық тұрады?

3. Сабақ ұнады ма?  Несімен ұнады?

Үйге тапсырма беру: Оқу, әңгімелеу​

1. Бүгін не білдік, не үйрендік?

2. Балықтың қандай пайдасы бар?

  1. Сабақ ұнады ма?  Несімен ұнады?

Балық – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.).

 

Балық аулау құрал-жабдықтары – мұхит, теңіз, көл, өзен, т.б. су алаптарынан балық аулауға арналған құралдар мен жабдықтар. Оған трал, сүзекі, қалталы жылымдар, ығызбай және құрма аулар, қабадан, қармақ, жарық түсіріп аулайтын құралдар мен электр қондырғылары жатады. Ертеде балықты сүңгі, шанышқы, гарпун (ұшы тастан, сүйектен, темірден жасалған), қаза (қамыстан тоқып таяз суларға салынады), т.б. құралдармен, түнде – буылған қамыстан жаққы жағып та аулаған. Кейін синтетикалық материалдардан тоқылған құралдар кеңінен пайдаланыла бастады. Балық аулау құрал-жабдықтары балық түрлерінің мекеніне, ерекшеліктеріне сай жасалынады

 

Балық өңдеу – балықты сақтау және балықтан дайын өнім алу жұмыстарының жиынтығы. Өңделген балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады әрі тасымалдауға да қолайлы болады. Балық өңдеудің кең тараған әдісі – оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. ТұздауТұздау – балық өңдеудің ежелден келе жатқан, кең тараған әдісі. Тұз мөлшері балық етінде жету керек.

Ыстау – тұздалған балықты  түтінмен өңдеу әдісі. Ыстау барысында балық кебеді, түтін балық етінің терең қабатына дейін сіңеді

Кептіру – тұздалған балықты одан әрі өңдеу әдісі. Балықты табиғи жағдайда немесе арнайы кептіргіш қондырғыларда кептіреді. Балықты консервілеу – балыққа томатты тұздық қосып немесе майға араластырып, қаңылтыр қалбырда ұзақ мерзім сақталатын дайын тағам алу әдісі. Балықтан жасалған консерві құрамында белок, май, кальций, фосфор, А, В, С, Д витаминдері бар. Консервілеу процестерінің қалдықтарынан жануарлар жеміне қосылатын балық ұны жасалады. Қазақстанда балық өңдейтін Атырау және Балқаш балық комбинаттары бар.[2]

Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталғанАтыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар. [3]

      Бекіре балығы өзге балықтардан етінің дәмділігі мен уылдырығының құндылығымен ерекшеленеді. Бекіре балығының асқазаны мен омыртқа жотасының аралығындағы

мүшесінен желім майы алынады. Бекіре - Қазақстандағы бағалы балықтардың бір


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Балық аулау.
Балықтарға жалпы сипаттама.
Сүйекті балықтар класы
Балықтардың көбеюі және дамуы
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті
Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары
Балықтар әлемі
Алтын балық сәндік өнер
Балықтар класына жалпы сипаттама
Балықтар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11996 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык