Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіздік-ел тұғыры.


Тәуелсіздік-ел тұғыры.

Тәуелсіздік-ел тұғыры.

Сабақтың тақырыбы: "Тәуелсіздік-ел тұғыры"

Сабақтың мақсаты:

1. Желтоқсандағы құрбандарды еске алып, олардың жазықсыз түрмеге қамалып көрген азаптарын бүгінгі күнгі көзқарасымыз, деректеріміз, дәлелдеулерімізбен айғақтап олардың көзсіз батырлығын, ерліктерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тәрбие-білім беру.

2. Оқушылардың сахналық қойылымды қою шеберліктерін шыңдай түсу, өзін-өзі ұстауға, ізденушілікке, сөз тыңдауға, тәрбие – тағылым алуға дамыту.

3.Оқушыларға Отанымыз, ел-жеріміз тіліміз халқымызды қорғап, сыйлауға сүйіспеншілігін арттыруға , тәрбие беру.

Көрнекіліктер: плакаттар: желтоқсан оқиғасы туралы деректер, газеттер т.б. Портреттер буклеті / Қайрат, Сабира, Ләззат, Нұртай т.б./  Рефераттар: Оқушылардың шығармашылығы, өсиеттері.

Әдісі:  Аралас теориялық,  практикалық  көрініс-қойылым

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 16 желтоқсан Қазақстанның  тәуелсіздік  алған күніне арналған  8ә сыныбының " Тәуелсіздік-ел тұғыры " атты ашық тәрбие сағатымызды  ұсынамыз

ҚР мемлекеттік гимні орындалады

1-жүргізуші:

    1986 жылы 17-18 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Совет өкіметі тұсында бұрын-соңды болмаған құбылыс, «Алматыда демонстрация, Брежнев алаңында қаптаған жұрт, көшеде сап түзелген жастар», - деген сөздер ел құлағына жетті. Елеңдеген ел не үшін болып жатқан оқиға екенін түсінбей дал болды. Бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерінің көтерілісіне ұқсап, қазақ декабристер көтерілісі атанып кетті.

    Бұл көтерілістің себебі, былай болған еді: 1985 жылғы қайта құру мен жариялық процестері әмірдің барлық саласын қамтып, жаңа өзгерістер болып жатты. Кадр мәселесі қатты қолға алынып, басшы қызметкерлері бірі орнынан алынып, бірі жауапқа  тартылып жатса, енді бірінің жұлдызы жанып жоғары өрлеп жатты. Осы кезде республика жұртын мазалаған жағдайдың бірі Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтің жасы келгеніне байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босау-босамауы еді. Аяқ астынан пленум болатындығы туралы хабар сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бесінші пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтетін, онда ұйым мәселесі қаралатын күн жетті, Пленум Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына шеттен әкелінген Геннадий Васильевич Колбин сайланды. Ескі тәртіп бойынша, ешкімнің лебізін тыңдамай жоғарыдан шешіліп қойылған ұсыныс бойынша болды. Өз ара іштей өткізілген пленумды Қонаевтің өзіне жүргіздіртпей, Совет Одағының Компартия Комитетінің сол кездегі хатшысы Разумовский Қонаевқа қысқаша ғана алғыс айтып, оны босату, ал орнына Колбинді сайлау жөнінде ұсыныс жасады.

Ирисбекова  Назым "Желтоқсан" өлеңі

Ерланова Ұлпа:

    Пленум жөніндегі алғашкы ақпарат сол 16 желтоқсан күні сағат 15-те республикалық радиодан берілді. Ертеңінде, яғни, 17 желтоқсанда «Социалисті радиодан берілді. «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Онда Колбиннің өмірі қысқаша баяндалды.

Уралбаева Айман "Желтоқсан"

Ноғайбаев Болатбек:

    Өкіметтің осы жасырын істеріне ашынған қазақ халқы, әсіресе жастар қауымы 17-желтоқсанда таңғы сағат 8-де бұрынғы Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара жастар саны көбейе бастады. Көп кешікпей алаңға қарулы күштер әкелінді. Астанаға кірер жолдардың бәрі жабылды. Шеруге жиналған жастар саны бірте-бірте арта түсіп, түстен кейін 5000-ға жетті. Сағат кешкі 7-лер шамасында жастарды қуу, тарату қимылы басталып кетті. Өрт сөндіру машиналары келіп су шаша бастады. Ал жастар болса, қаймықпастан машиналарға қарай лап қойды, сол күнгі айқай шу таң атқанша басыла қоймады. (оқиғаға байланысты видеофильм көрсетіледі)

Уралбекова Балауса "Желтоқсан"

Зиянгирова Зарема: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкерлері  қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ләззат, Сәбира, Қайрат сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

Көрініс

Жүргізуші: Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, былай дейді:

-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден, мен сағындым анамды,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Кезекші: Заключенный  Рыскулбеков на допрос

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен  Мира  мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала

Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рысқұлбеков, сен, "Савицкийді өлтірдім" деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер, сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де...

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын?

Тергеуші: Заключенный  Рыскулбеков, сен ақымақ болма, "Савицкийді өлтірдім" деп мойында. Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: Жолдас  тергеуші" Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!

Қайрат:

Тоқта! Айтар сөзім бар

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

"Еркек тоқты-құрбандық",

Атам десең атыңдар

Қайратты кісендеп алып кетеді.

Зиянгирова  Зарема: КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Ғани:
«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»

 Ғани "Монолог"

Зиянгирова Зарема: 1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.
 

 

Қайрат Рысқулбековты анасының жоқтауы:

Желтоқсанның шыдадың

Толғағына, қарағым.

Арман, арман, арман көп...

Айтылар теңеу қалған жоқ

Қысқа ғұмыр сүрсең де,

Таң қалдырған қарағым!

Алатауға абиыр,

Алып берген қарағым!

Ерлік жолын халқыңа

Салып берген қарағым!

Қазағың, Қайрат, ел болар

Алты алаш басы бірігіп,

Қайтейін, балам, ғаріп боп,

Жатқан жерін жарық боп,

Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,

Тәубе, тәубе, тәубе етем!

           Жұмадил Нұрсұлтан:  Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз көргенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.

Зиянгирова Зарема:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.


Чамен  Мадина : "Марқұм Ләззат Асанованы анасының жоқтауы":

Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман,

Сені өлтірген дұшпанға,

Зауал келсін алладан.

Асыл едін мыс болдың,

Қарағым көрген түс болдың,

Ізің жатыр, өзің жоқ,

Бейнең бар да, көзің жоқ.

Қайдасың, қайда, қарағым.

 

Ернст Алтынай "Ербол Сыпатаевты анасының жоқтауы":

Әлди-әлди, ақ көкем,

Жер бесікке жат көкем,

Аямаған қыршының,

Заман беті қатты екен.

Кімнен болды ажалың,

Кімнен болды азабың,

Езілген мынабауырымды

Қалай ғана жазамын,

Алтын баулы ақ сұнқар

Енді қайтып келер ме?!

Мәңгі шөккен қара нар,

Енді қайтып тұрар ма?!

Шейіт болған көкешім,

Басын маған бұрар ма?!

Жоқтау болды бар жырым,

Жоқтау болды бар әнім,

Осы болды тағдырың,

Елің іздеп жатқанда,

Тәубе деймің, қарағым,

Тәубе дәймін, қарағым!

 

Иминова Дильназ "Сәбира Мұхаметжанованы анасының жоқтауы":

Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн

Қан жылатқан құрғыр күн

Медет болмай алладан,

Қызығымды жалмаған

Тұнжыраған тұлдыр күн,

Ақбілектей сүйрігім,

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім

Сәбирам опат болған күн.

Замангелдиева  Аяулым "Желтоқсан"

Зиянгирова Зарема: Ал енді сол Желтоқсан оқиғасында құрбан болған ағаларымыз бен апаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық

М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өленің бізге  Даирманов Бауыржан мен  Серғазы Аян оқып береді:

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпендер...

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.

 

Алаң шетін қоршан тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,

Қара беттің көбі бүгін дара түлға, дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз жамылған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

 

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,

Кемсітпеші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

 

Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.

...Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Данқын ешкім бүркей алмас. Оны да еске алады

Желтоқсанның бас алаңы, Қайсар рухты алаңы.

 

    Ән "Желтоқсан желі"  Амулжанов Әли, Чарыпқанова Мадина, Чамен Мадина

Зиянгирова Зарема, Баймұқанов  Нұрбек  Күй "Көңіл толқыны"

Зиянгирова  Зарема:  Міне, желтоқсан оқиғасынан бері де, бірнеше жыл өтті. Қой жылының, яғни, 1991-жылдың соңына таман жаңа деректер ашылып жарық көрді. Желтоқсан оқиғасының шындығын ақтаушылардың бірі, Мұхтар Шахановтың зор еңбегі сіңді. Депутат М.Шаханов тыңбай еңбек етіп, оған салихалы баға беріп, көптеген жазықсыз  жандардың ақталып шығуына өз үлесін қосты. видеофильм көрсетіледі.

     Желтоқсан оқиғасы – егемендіктің бастауы болды, Қазақ елі бостандық алды. Тәуелсіздік актінің қабылдануы мен қатар келген желтоқсан оқиғасының 5 жылдығы, яғни, 1991 – жылдың желтоқсан айында сол қанды аланда атап өтілді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» - туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілеген аса қажетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 – жылы – тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып толығымен сайланды.

     1992-жылғы маусымның 4-де Қазақстан Республикасының жоғары кенесі өз төл рәміздерін бекітті. Мемлекеттік жалауын, елтаңбасын, гимнін шығарды. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993-жылдың қарашасында еңгізілді. Ақша белгілерін – теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып ұлттық банк жасаған. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы 1993-жылдың 28-қаңтарында қабылданды.

     Осы бақыт үшін, біз баршамыз тәубе дейміз, осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қабілетіметімізді, қажет болса, жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз.

Оразова  Мадина:

Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдіғім,

Бостандықта байлығым мен ендігім

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.

Қарсы қарап қатал мынау заманға,

Айналдық біз қайтпас қайсар қамалға,

Алды бүгін Тәуелсіздік тау тасым

Орман, көлім, өзендерім, далам да!

Таңым менің, қаным менің тәуелсіз,

Өткізбейік бізде бұл күнді әуенсіз!

 

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен тағы да, шын жүректен құттықтаймын! Нұрлы отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның бағы жанып, абыройы арта берсін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Желтоқсан желі ызғарлы
Тербейін тәуелсіздік тал бесігін.
Желтоқсан желі ызғарлы.
Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан желі
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 4594 | Қосты: Керімбаева Меруерт Хамзақызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык